Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Сарыағаш поликлиника - Денсаулық сақтау | #6576

Жалоба / отзыв
Сарыағаш поликлиника
Денсаулық сақтау

Мен бұл хатты жазуыма себеп болған нәрсе, Сарыағаш ауданының емханасына қарасты жұмыстарға байланысты. Жедел жәрдем шақырсақ тура 2 сағат 30 минут немесе одан да кеш келеді. Мысалы, науқас «жедел коронарлық синдроммен» шағымданды. Ал біздің жедел жәрдем 2 сағат ішінде келсе, мәйітті алып кетеді. Науқас тұрақсыз стенокардиядан немесе миокарт инфарктісінен қайтыс болады. Кешігіп келу себебін қызметкерлерден сұрағанда «жедел жәрдем авто көлігінің саны аудан бойынша 5-еу ғана, жетіспейді, 4 авто көлік жан-жаққа кетеді, қалада тек 1 авто көлік калады және жоғарыдағы басшылық кадр бөлмейді. Қайда барсаңызда, жазсаңызда озіңіз білесіз» деген уәжбен ақталады. Жедел медициналық көмек көрсету станциясының аға дәрігері Досмұхамедов Әбжаппар мырза осы болып жатқан келеңсіздікті неге Облыстық Денсаулық сақтау басқармасына хабарламайды? Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пакеев мырза медицина саласын дұрыс жолға қоя ала ма әлде осылай халық зардабын тарта ма? Әлде хабардар болып отырған басшылық неге шешімін қарастырмайды? Неге Шымкент қаласындағы №2 жедел жәрдем станциясында шаң басып тұрған авто көліктерді баланстан балансқа өткізіп бермейді? «Жыламаған балаға емшек жоқ» деген, Досмұхаммедов мырза жыламай ма, әлде басшылық оған беретін емшек таба алмай жатыр ма? Телефон шалғанда жасы мен жүкті немесе жүкті емес екенін сұрайды. 1 жасқа толмаған сәбилер мен жүкті әйелдерге тез келеді екен, бірақ ол «тез келеді» дегені шамамен 1-1 сағат 30 минут. Заң бойынша 15 минуттан 30 минут аралығында жедел жәрдем келу керек. Халықтың санына байланысты авто көлік бөліну керек. Негізі жүріп тұрған 20 авто көлік болу керек екен, біздің сонда 15 авто көлігіміз қайда? Күндіз жедел жәрдем мүлде келмейді, әрине науқас есі анық, жүре алатын болса медициналық пунктке учаскелік дәрігерге бару керек. Бірақ біздің учаскелік терапевт жыл 12 ай бойы еңбек демалысында. Біресе аяғы сынып еңбекке жарамсыздық парғын аштырады немесе кезекті демалысы немесе т.б.сылтаулар мен себептер. Алимаш ханымның атын ғана білеміз затымен әлі күнге дейін таныса қоймадық. Алимаш ханым участік аралау немесе жедел жәрдемнен келген активке бару деген жайлардан мүлдем хабары жоқ. Мед бикесіне АЛЛА ұзақ ғұмыр берсін сол келеді. Алимаш күнге шыға алмайтын альбинос ауруы шығар мүмкін. Алимаш ханым шын мәнінде дәрігер-терапев па? Әлде көке-жәкесі мықты персона ма? Сізге үміттеніп, осы жайларды ескеріп оң шешімін табасыз деген үміттемін. Сарыағаш ауданы тұрғындарының атынан алғысымызды білдіремін. Шырылдаған халыққа көмек көрсетіп, сауапқа бөленіңіз...

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс