Жалобы и отзывы » Безопасность » Жалоба / отзыв: Министерство образования и науки РК - Жестокое обращение | #7885

Жалоба / отзыв
Министерство образования и науки РК
Жестокое обращение

Біз бір топ ата- аналар Қима ауылының тұрғындарымыз. Балаларымыз

Ғ.Әбдірахманов атындағы мектепте оқиды. Біз осы мектептің завучы Ғалия апайдың үстінен арыз- шағым айтамыз. Ғалия апайдың айқайынан, әділетсіздігінен қатты шаршадық. Балаларымыз одан қатты қорқады. Ол оқушылармен дөрекі сөйлеседі, тұрмыс-жағдайы нашарларды көзге ілмейді. Балаларды алалайды. Оқушыларға істемеген ісін істедің деп, мойындамаса да мойнына қойып, қамап қоюға дейін жеткізді. Бітпейтін бір қосымша сабақтар тағы бар. Таңертең кеткен балалар түсте үйге келіп, тамақтарын ішер-ішпестен тағы мектепке жүгіреді. Кешке мүлдем сабақ дайындай алмай қалады. Қыстың аязды күндерінде 1, 2 күн сабақ болмай қалғанда, расписания жазып түстен кейін балаларды сабаққа шақырады. Бала ауырмай тұрмайды. Бір күн ауырып қалса, айқайлап справка талап етеді. Бір күнге біз справканы қайдан аламыз. Қима ауылынан алған справка болмайды районнан алып келіңдер деп талап етеді. Бала Ғалия апайдан қорқып, бармаймын деп жылайды. Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қайғы болып отыр. Жыл сайын басқа мектептерде кластан-класқа көшу экзамені болмайды, ал біздің балаларды правосын бұзып, әр жылы экзамен өткізеді. Экзамен алдында балаға дөрекі сөйлеп, көңіл-күйін бұзады. Осы дұрыс па?

9-шы класты бітіру деген, ол бір керемет кезең. 9-ды бітірген соң оқушыларды мектептен қуады. Ата-аналардың баланы оқыта алмаймыз, жағдайымыз жоқ деген сөзін тыңдағысы да келмейді. Оқу ақшасы, жол ақшасы, киімі, тамағына ақша жеткізе алмай қиналудамыз. Биылғы жылы оқушылар таңдау бойынша өз пәндеріне қол жеткізе алмады. Тарих, ағылшын, әдебиет пәндерін таңдатпады. Бұл қандай ережеге, заңға бағынбайтын мектеп. Заңмен, ережемен істейтін болса, Қарагөз апай былтырғы оқу жылының январь, февраль айларында 2 ай, март, апрель айында 2 ай сабақ өткізген жоқ. Балалардан сұрасақ, қайда кеткенін білмейміз дейді. Қиын пән бола тура, мұғалімнің сабақ өткізбегені қалай? Осы ережеге сай келе ме? Будан басқа және әр жылы мектептің ремонтына ақша жинайды, 50 тенгеден оқушылардан взнос жинайды. Телевизордан тындасаң басқа жақтарда мұндай жоқ. Болған болса, жазаға тартылып жатыр.

Ал, біздің мектеп ешқандай заңға бағынбай өз жұмысын жүргізіп жатыр. Биылғы жылы күнделік мәселесі де көтерілді. Бар баланың күнделігі бірдей болсын деп, алған күнделігімізді тастатып, басқа күнделік алғызды. Бес балам осы мектепте оқиды. 5-балаға 280 теңгеден қайта күнделік алу, бұл мен үшін ақша. Осындай жағдайлардан шаршаған соң өзіңізге шағым

айтып отырмыз. Өтініш біздің аты жөнімізді айтпаған себебіміз, ол балаларымызды қудалап мазасын алады. Сол үшін аты-жөнімізді толық айтпаймыз, сіздер де оны сыр сақтасын деп аноним хат жолдадық. Осы арызымызды тексеріп, әділ жолмен шешеді деп сіздерге сенім білдіреміз. Ғалия апайдың орнына басқа завуч сайлауын сұраймыз, өтінеміз.

Бір топ ата аналар.

08.10.2015 жыл.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс