» » Каспи Банк г. Тараз - Сколько не плати банку, доначисляют, взымают, постоянно

Жалоба / отзыв
Каспи Банк г. Тараз
Сколько не плати банку, доначисляют, взымают, постоянно

Жанайқай

«Kaspi Bank»-тың қызықты арифметикасы»
Немесе Банк алдындағы төленбеген қарыз хақында

Екінші деңгейдегі банктің «клиенттік проблемасының» астары қандай? Несие иелері (кредиторлар) банк алдында қарыздар болғандықтан, оның үстіне бұған олардың өзі тікелей кіналы болса, енді біреулері әуре-сараңға банкілік есеп-қисаптың «таңғажайып арифметикалық есебі» арқасында ұшырап жатқаны. Ал, осынау жағдайды өз өндірісінде қарап, талқылайтын соттар тағы банктер жағына шығады да клиенттер шындық іздеп шырғалаңға түседі кеп.
Бір кездері мен де «Каспий банкінің» таңдаулы несие алушысы болатынмын. Алайда, аталған банктің қарыз қайтартудағы қазіргі таңдағы күрделі шарттары тығырыққа тіреп отыр. Өйткені, өз басын 65000 АҚШ доллары мөлшеріндегі банк қарызын төлеп біттім-ау деп жүргенімде, банкмен толық есеп айырысқаным тұрмақ, әлі де 57000 доллар қарыз екенімді есітіп біліп, есімнен танып қала жаздадым. Ақырында тауым шағылғандықтан бұл іске жариялық реңк беру мақсатында БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) өкілдеріне жүгінуге мәжбүр болдым.
Барлық михнат менің аталмыш банктен 2006 жылы өз бизнесімді дамыту үшін осы соманы алудан басталған еді. Яғни, «Банк Каспий» АҚ-нан №197 (05.05.2006ж) банклік займ шарты негізінде 65000 АҚШ долларын санап алғанмын. Әрине, бұл аз ақша емес-ті. Әйтсе де кәсіпкер ретінде мұны ертелі-кеш ешбір қиындықсыз қайтарамын ғой, деп жүргенім, заман ағымына байланысты елеулі қиындықтар туындап, амалым таусылмасы бар ма?! Енді банк басшылығына несиелік займді қаржылық тұрғыда қайта қарау туралы жүгінбеске амалым қалмаған-ды.
Негізінен, Банктің бекіткен 72/1 санды бұйрығы мен банклік займ шартына қосымша келісімге байланысты менің банк алдындағы қарызым негізгі қарыз бойынша 9419 АҚШ долларын құраса, сыйақы мөлшерінің сомасы 648 америка доллары, ал негізгі қарыздың төлем мерзімін кешіктірген жағдайдағы айып санкциясы 37 доллар және сыйақыны төлеу мерзімі кешіктірілгендегі айып санкциясы 58 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленген. Бұл жөнінде оның қолында жазбаша мәлімдеме-хат та баршылық.
Бұлармен қатар, аталған жазбаша мәлімдеме-хаттың соңғы абзацында айқындалғанындай, Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 581-бабы 5-тармағына сәйкес, осы мәлімдеме-хат жолданған күннен бастап Банк бұдан әрі сыйақы есептеуді тоқтатады және шарт талабы бойынша клиентке есептелетін сыйақы түріндегі табысты танудың тоқтатылғаны жөнінде хабарлайды.
Бұл аталған келісім-шарттағы өзгерістер қосымша шарт жасау барысында нақталып, оның мәтінінде аталған мәлімдеме-хаттың заемшінің атына жолдануы оның алған несиесін қайтаруға байланысты мойнына алған міндеттеме мен сыйақы төлеуді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып санкция есебінің тоқтатылатыны да атап көрсетілген. Жоғарыда атап өтілген құжат мәтінінен туындайтыны – мәлімдеме-хаттағы көрсетілген қарыз 2010 жылдың 15 ақпанында белгіленген және үстемелеп өсіруге жатпайды.
Ең бір сорақысы, банктің талап арызы негізінде белгіленіп отырған 4 158 835 теңге мөлшеріндегі қарызды қайтаруды қараған сот отырысы менің қатысуымсыз өткізілгенінде болып тұр. Бұл шешім туралы тек сот орындаушысы менің банктегі есеп-шотымнан қаулы арқылы осы соманы ұстап қалғанда бір-ақ білдім.
Осының бәрін есептеп-екшей келе, қадап айтарым, өзімнің Каспий банкте ешқандай қарызым жоқ. Қайта банкке 15247, 7 АҚШ долларын артық төлеп жібергенім және бар. Мұны дәлелдеп бағу үшін тұтастай арифметикалық тізбе жасап, оны арыз-шағымыма тіркеп те жүрмін.
Мұнымен қоса, ҚР заңдылық талабына сәйкес, келісім-шартты біржақты тараптың өзгертуіне жол берілмейді. Алайда, ҚР «Банк және Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет туралы» Заңының 34-бабы 3-тармағында шартты өзгертуге болмайтындығы қарастырылған. Яғни, онда банктік операциялардың заемшінің жағдайын жақсартуға қарата біртараптық жақта өзгертілетіні айқындалған. Міне, осы аталған талаптар бойынша банк шартқа ендірілген өзгерістер хақында несие алушыға, яғни маған мәлідеме-хат жолдай отырып, менімен қосымша келісім жасауы керек-тін. Бірақ, банк олай етпегендіктен, «Банк сотқа талап арыз түсіру арқылы қарыз мөлшерін арттырып жіберген» деген тұжырымға келіп отырған жайым бар.
Шындыққа жету мақсатында, банкке және одан жоғары жетекшілік органына әбден-ақ арызданғаныммен, ешқандай нәтиже жоқ. Тіптен әлденеше рет «Kaspi Bank»-тың Басқарма Төрағасы Ломтадзе мырзаның қабылдауына сұранып та бақтым. Бірақ та Төрағаның есігінен ары аттатпады. Сөйтіп, жазған арыздарым жоғарыдан төмен сырғып, банктің Тараз филиалына жіберілумен келеді. Ал, мұндағылар арызды бір-біріне жолдап, мені ана есікке бір, мына есікке бір сығалатып, діңкемді құртып бітті.
Сонымен, әбден әуре-сарсаңға түскен мен адвокат келіп, мұң шақтым. Адвокат өз кезегінде арыз-шағымымды «Kaspi Bank» АҚ-ның Тараз филиалы проблемалық бөлімінің басшысы Әсел Құланшиеваға жіберіп, одан жауап күткен-ді. Банктегі қыздың қайтарған жауабы «мұндай ақпараттың бәрі банклік құпияға жататындықтан, жария ете алмаймыз, бұл жағдайды Алматыдағы басшылар ғана шешедіге» келіп тірелген. Сөйтіп, бұл іс күрмеуі келмейтін түйінге айналып отыр.
Осы аталған жағдаяттарға қарамастан, Асель Кулачиева мүлдем жоқ қарызды 57 704 АҚШ долларын төле деп ұсынды.
Мына қызықты қараңыз, егер Интернеттегі мәліметке сенер болсақ, аталған банк өз клиенттеріне айқара есік ашып, олармен тығыз қарым-қатынаста екен де, келушілерге ақыл-кеңес айтып, жөн-жосық сілтейтін тұтастай қызметкерлері жасақталған командасы баршылық көрінеді. Қағаз жүзінде солай да шығар. Ал, іс жүзінде ше?.
Әлқиса, банктің жергілікті менеджерлері өз проблемаларын жете шеше алмайтындықтан, «Kaspi Bank» АҚ-ның басшылығына тікелей жүгініп өзгертілмеген 72/1 бұйрық тұрғанда, банктің сотқа талап арыз түсіруіне қандай негіз бар? Және де бүгінгі таңда менің әуре-сарсаңыма «нүкте» қоярлық құзырлы орган бар ма, әлде жоқ па? – деген жанайқайымды жалпақ жұртқа да жеткізгім келеді.


Еркін НҰРАЛИЕВ,
кәсіпкер.

Тараз қаласы.



1 комментарий

kaspibank 21 октября 2015 17:53
Қайырлы күн! Жеке хат арқылы толық аты-жөніңізді, ЖСН, ұялы телефон нөміріңізді бағыттауыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, арызыңызды қашан және қайда қалдырғаныңызды айтуыңызды сұраймыз. Біз ақпаратты тексеріп, Сізге жауабын айтуға тырысамыз, яғни мәселенің анық-қанығына жетуге тырысамыз. (Айгуль)
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: