Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Айнаш Сыздыкова - Мемлекеттік мекемедегі жылу мен жұмыс кестесі жəне кезекшілік мəселесі | #10850

Жалоба / отзыв
Айнаш Сыздыкова
Мемлекеттік мекемедегі жылу мен жұмыс кестесі жəне кезекшілік мəселесі

Сəлеметсіздер ме. Мен Айнаш Сыздыкова Түркістан қаласының тұрғыны бола тұрып, білім саласы бойынша мынадай мəселе қозғаймын. Мен қаламызда Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде олигофренопедагог қызметін атқарамын. Мекемеміздің мемлекетке қызмет етіп келе жатқанына 12 жыл, оның ішінде 6 жылында ғимараттан ғимаратқа көшіп жүрдік. 2010 жылы қала əкімі салып берген жаңа ғимаратқа көштік. Содан бері мекемемізде ешбір "капремонт" жүргізілген жоқ. Басшыдан еститініміз тек жылда сұрап жатырмын, бірақ қаражат бөлмейді, мекемеміздің құжаты жоқ, оны реттеймін дейді. Расында мекемеміздің құжаты былтырғы жылы бітіп, мекеме құжатты болды. Ал биылғы оқу жылында біздің мекеме қысқа дайын емес, өйткені биылғы суықтың өзіне мекемеміз қатты суыды. Ал қыс келсе не болмақ? Олай дейтін себебім, мекеме ғимаратын салғанда мүмкіндігі шектеулі балалардың сабақ алып оқуына жағдай жасалмаған, яғни ғимарат қанша от жақса да жылымайды; жылы су атымен жоқ, бір жыл ғана жылы су болды, одан кейін жылы су берілген жоқ; дəретхана баста ашық тұратын, кейін себепсіз бірте-бірте жабылып, бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі баланы анасы сыртқы дəретханаға алып шығуға мəжбүр. Ал ата-ана бұрышы болған емес, əсіресе қысқы мезгілде ата-ана бір бөлмеге уақытша тығылуға міжбүр. Ол бөлме электр жылытқышпен кейде жылытылса, кейде жылытылмайды. Ал биылғы оқу жылында ата-ана жылдағыдай жаурап отырғысы келмей, баланың жылы жерде сабақ алуын, баласының құқын қорғау мақсатында басшыға кіріп биылғы жылы тағы жаурап отырамыз ба, балаларымыз тағы бір бөлменің ішіне улап-шулап сабақ ала ма, сіз жылда жүгіріп жүрген "капремонт" мəселесін біздер ата-ана болып шығайық деген сауалдармен кірген. Биылғы оқу жылына ешбір сабақ беретін маманнан оның бөлмесіне сабақ өте алатындай жағдайды сұрамай, есесіне жоғарыдағы мəселені қозғаған ата-анаға əрбір сабақ беретін маманына бөлмеде электр жылытқышты қосуға рұқсат берілді деп өтірік мəлімет берген. Бұл не сұмдық?
Мен жалғысбасты анамын бүгін жұмыс орныма келіп, жұмыс жасауға мүмкіндігім болмады, бөлмем суық, температура бар жоғы 13 градус, теріскейде орналасқан. Мен ауырсам менің перзентіме менің жұмысымда қысқы уақытта жағдай жасамаған бастығым қарар ма екен? Əр қыс мезгілі бізде ендігі жылы "капремонт" жасалады деген бастықты уəдесімен біздер арнайы білім беретін мамандар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары да əбден тойды. Дамуында күрделі кемістігі бар балалар онсыз да аурушаң, ал қазіргі уақытта сабақ уақытында жаурап, ауыратын жағдайға жетті. Ата-ана баланы сабақ əкелуден қалды. Осыншалықты жағдайдың күрделенуі биылғы оқу жылында шегіне жетті.
Ал ендігі мəселе арнайы білім беретін мекемеде жұмыс жасай отырып, 10 жылдан бері 8 сағаттық жұмыс уақытымен жұмыс жасадық, əрі мереке күндері тегін түрде кезекшілікке тұратынбыз, ол аздай сабаққа келген балаларды тіркеу үшін тағы кезекші болатынбыз. Бұл мəселе бойынша бұрынғы жəне қазіргі басшылықтан еститініміз, жұмыс беруші өзі біледі дегенге сылтауратты. Ал біздің басқа қаладағы əріптестеріміз заңды 4 сағаттық жұмыс кестесімен жұмыс жасады, кезекшілік дегенді білмейтін, мереке күндеріне ақысы төленді. Біздер соны біле тұра, өз құқығымызды қорғамадық. Сөйте тұра таңертеңнен кешке дейін жұмыста, ал мемлекет берген 2 күн демалыста жұмысымыздың қағазбастылығымен айналысатынбыз. Биылғы оқу жылдың қазан айының 10 жұлдызынан бастап, талап етіп 4 сағаттық жұмыс кестесіне өттік. Сауалым осы уақытқа дейін тегін жұмыс жасаған 4 сағаттың ақысы қайтарыла ма, мекеме ішінде білім беру процесіне араластын маман бола тұра осы уақытқа дейін демалыс күнімді заяға кетірген кезекшіліктің ақысы қайтарыла ма? Кезекшілікке тұру үшін ақы төленетінін биыл білдім, ғаламтордан іздедім заңды. Осы сияқты былықтар көп. Бұның тоқтауы қашан болады?
Осы мəселелер бойынша сіздерден заңды негізде жауап қайтаруларыңызды өтінемін. Бұл хатым шағымым жауапсыз қалмайды деп үміттенемін. Қарсы жағдайда президентке шағымдануға мəжбүрмін. Рақмет.
А.Г. Сыздыкова ОҚО Түркістан қаласы, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, олигофренопедагог.

Дата публикации:

Обидчик: Айнаш Сыздыкова

Страна: Казахстан

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс