» » Земельный комитет - О земле

Жалоба / отзыв
Земельный комитет
О земле

Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылдық округі Тескентоған ауылы Сыпатай көшесінің №34 үй тұрғыны Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Нұрланбеков Қашқынбектен


Өтініш

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ұлы Отан соғысының 70-жылдық мерекесінің қуанышын көруге Алла қабыл етсе жақын қалды. Осы мереке қарсаңында немесе осы уақытқа дейін мен өкіметтен және Мемлекеттік органдардан ешқандай көмек сұрап көрген емеспін.
Жеңіспен оралғалы шаруашылықтың партия жіберген барлық саласында аянбай еңбек еттім. Еңбегімді бағалап бірнеше орден, медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталдым. Соғыс кезіндегі орден, медальдардан басқа «Еңбек Қызыл Ту» және «Целина» ордендерін иелендім.
Соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі қиын кезеңдерде тегін жұмыс атқарған еңбектеріміз өкімет тарапынан қолдау тауып отырды.
Осы өтінішті жазуға түрткі болып отырған мәселе менің балаларымның игілігіне өз қаражатыма тұрғызылған жекеменшігімдегі үйдің қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген 0.3430 га жердің мәселесінен туындап отыр.
Менің қолымда осы 0, 3430 га жерге байланысты 1994 жыл. 25-шілдесіндегі №5 қаулысы Ж.М. № 0074808 мемлекттік акт бар және бұл мемлекеттік акт Сұрат ауылдық әкімшілігінің және Меркі аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттің төрағасының қолы және мөрі басылып, өмір бойы мұраға қалдырып, иеленуге берілген. Ал мына жағдай мен үшін әділетсіздік болып табылады. Менің келісімімсіз және маған ескертусіз екінші рет 12-қазан 2006 жылы мүлікті жариялық ету бойынша Аудандық коммиссиясының № 599 шешімімен 0, 2812 га №457522 – мемлекеттік акт жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы 49 жыл мерзімге берілген. Сонымен бүгінгі таңда менің қолымда екі мемлекеттік акт тұр. Бірінші нұсқасы күшін жоймай, өз беттерінше, заңсыз екінші нұсқасын жазып отыр.
Осы өтінішімді Меркі аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қасым Маратқа және ауыл округының әкіміне, Меркі аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеттің төрағасынан көмек сұрап өтініш білдірдім, бірақ ешқайсысы көмек көрсетпеді. Сол үшін, Сізден өтініп сұрарым, Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесі қарсанында мемлекет тарапынан және Сіздің әділ шешімініздің арқасында, пайдаланып жүрген жекеше жерімді және қосалқы шаруашылық жүргізу үшін өмір бойы мұраға қалдырып иеленуге, бірінші берілген мемлекеттік акттың негізінде шешім шығарып беруінізді өтінемін.
Мен үшін бұл әділдіктің жеңісі болар еді.
Ізгі ниетпен:
Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері Нұрланбеков Қ.
02.03.2015


Обидчик: Земельный комитет

Страна: Казахстан   Область: Алматы   Город: Алматы
Адрес: пр. Абылай хана, д. 79
Телефон: 2792946

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: