» » Жадигеров Алишер Нурланулы - Обращаться за помощью

Жалоба / отзыв
Жадигеров Алишер Нурланулы
Обращаться за помощью

Сәлеметсіздерме!! Мен бұл жерге бұл өтінішімді жазғаным дұрыспа, бұрыспа білмедім. Жоғарыдағы ағаларымыздың көңіліне еніп, жәрдемі тиіп қалар деген мақсатпен жаздым!!

Мен Жәдігеров Әлішер Нұрланұлы Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы Қожатоғай ауылының тумасымын. Дүние есігін аман сау ашқанмен он
жасымда ағаш басынан құлап, мертігіп, мүгедек атандым.Қазіргі таңда Кентау
қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының «ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі» медициналық-
әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқимын.
Қандай да бір қоғамның өркениеттілігінің деңгейі оның мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарым-қатынасымен, әлжуаз және ауру адамдардың алдындағы жауапкершілік деңгейімен айқындалады. Мен оқып жатқан білім ұйымының басқа оқу орындарынан ерекшелігі білім саласы, әлеуметтік сала, медицина саласы қатар қамтылған. Яғни, қоғамдағы мүмкіншілігі шектеулі жандар денсаулығын нығайта жүріп кәсіби білім ала алады. Бұл біз сияқты «мүмкіндігі шектеулі» деген атқа танылған жандарға өте қолайлы. Республика бойынша бір ғана мекеме болғандықтан, көптеген біз секілді тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек жастарымыз қамтылмай қалып отыр. Жағдайы жүріп-тұруға келетіні басқа оқу орнында оқуға мүмкіндігі жетер, ал отбасы әлеуметтік жағдайы көтермейтін, немесе, жүріп-тұруға мүмкіндігі шектеулі жастарымыз қайтпек?!
Қазіргі таңда республика бойынша мүгедектер саны 622 мыңнан асады. Соның 78, 6% еңбекке қабілетті жастар. Мүгедек жандардың қоғам өміріне кірігуі жөніндегі бастамаларды қолдау, қазіргі заманғы көзқарас қалыптастыру олардың өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз етуде тың серпін беретіні айқын.
Осы ретте айтар ұсынысым, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында білім, әлеуметтік, медицина салалары қатар қамтылған кәсіби мамандар даярлайтын білім ұйымдары (техникалық колледж) республиканың әр түкпірінен ашылса, еңбекке қабілетті жастар өмірде өз орнын тауып, қаланар еді. Ең болмағанда ақысын айыра біліп, нанын тауып жеуге, бәсекеге қабілетті тұлғалық қасиеттерін ашуға көмегі тиер еді. Өз кезектерінде бұл жандар қоғамға, үкіметке де масыл болмастан, тіпті, керісінше, өмір сүруге деген өлшемге сыймас құлшыныстары, денсаулықтың, толыққанды өмір сүрудің мәнін, қадірін білетіні арқылы өнеге бола алары анық.Бұл жерде «жас шыбықты қалай исең, солай өсер»дегендей, үйде отырған мүгедек жандар саны азайып, қоғамға етене араласып кетер еді.
Мен үйде төртқабырғадан шықпаған, өзімнен басқа бұл дүниеде мүгедек жандар жоқ деп, ешкімге көрінгім келмей тығылып, өмір сүрген едім, ал қазір «ОҚО арнаулы кәсіптік колледжге»келгелі жүрегі мейірімді, аялы алақанды, шебер оқытушылардың арқасында мен қоғамның басқа мүшелерімен тең жұмыс жасай алатыныма, өмірде өз орнымның барына сеніп, болашаққа сеніммен қарадым. Жеткен жетістіктерім де бар. 2 сәуір 2013ж Қалалық «Шешеннің тілі-семсердің жүзі» байқауында «Ділмәр шешен» атағымен марапатталдым.17.09. 2013ж Қалалық тіл мерекесі шеруінде-қала әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 25.04.2014ж.«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен фестивалге қатысып, ерекше өнер көрсеткені үшін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлығын және алғыс хатын иемдендім. 25.04.2014ж акцияда көріністерді жазып, басты ролдерде ойнаған белсенділігім үшін Кентау қаласы әкімі Ә.Мақұлбаевтың, ХҚТУ мәдени істер жөніндегі вице-президенті Б.Мұхамеджановтың, Колледж директоры С.Пармановтың алғыс хатын алдым. 6-11.09.2014ж. ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Талдықорған қаласында ұйымдастырған пауэрлифтингтен ерлер арасында өткен тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған мүгедек-спортшылар арасында
ҚР кубогы және чемпионатында 49кг салмақта І орын және ІІ орындар алдым.
2.10.2014ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы
тұрақтылықты қамтамасыз ету» семинар кеңесіне қатысып, сертификат алдым. 10.12.2014ж.қалалық "Білімді ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі"атты жастар форумында "Үздік студент" номинациясымен марапатталдым.
Колледждегі барлық іс-шараларға білім алушылардың төрағасы ретінде белсенді
қатысамын. Маған артылған аяулы ұстаздарымның және бауырларымның сенімі мен
үміті қоғамдық барлық шараларға жауапкершілікпен қарауыма, болашаққа батыл қадам
басуыма күш жігер береді. Осы колледжде ЭЕМ операторы мамандығының кәсіби
шеберлігін меңгердім. «Адал дос» деп сыйласатын бауырларымды, шамасы келгенше
жәрдемдесетін жақсы адамдарды осында кездестірдім.

Жәнеде сәуір айындағы "Ел басын" сайлауда. Біз көзімізді ашқалы, жақсылыған көріп келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың жәнеде осы Нұр Отан партиясының қайта ел сеніміне ие болып, Еліміздің көркейуіне тағы үлестерін тигізеді деген нық сенімдемін.

Мен өзім, өмірім жайлы ақпараттарды қамтамасыз еттім, ендігі жерде Нұр Отанға үлкен өтінішім: "Осыдан бірнеше ай бұрын көршілес Ресей мемілекетінің Новосибирск қаласында маған ота жасауға болама деген сұрағыма жақсы хабар алдым, бұл жақсы хабарды Аллаһтың қалауымен алуға біраз күш жұмсалды.Аллаһқа шүкір бүгін хабар келді.Ендігі таңда ота жасауы үшін қыруар қаражат керек болып отыр, ол қаражаттың өз қалтамда болмағандықтан қазақ бабам көп түкірсе көл дейдіғой, Аллаһтың қалауымен сіздердің себебтеріңізбен осы істі жүзеге асуын сұранып сіздерге хат жолдап отырмын.Ендігі әрекетім сіздердің жауаптарыңыз себебінен болайын деп отыр.
Жалоба-отзыв: Жадигеров Алишер Нурланулы - Обращаться за помощью.  Фото №1  Жалоба-отзыв: Жадигеров Алишер Нурланулы - Обращаться за помощью.  Фото №2  Жалоба-отзыв: Жадигеров Алишер Нурланулы - Обращаться за помощью.  Фото №3  Жалоба-отзыв: Жадигеров Алишер Нурланулы - Обращаться за помощью.  Фото №4 


Обидчик: Жадигеров Алишер Нурланулы

Страна: Казахстан   Область: Южно-Казахстанская область   Город: Кентау   Индекс: alsher_95_05@mail.ru
Адрес: Конаев 28
Телефон: 87781510140

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: