» » Министерство юстиции РК, судебный исполнитель - Жалоба

Жалоба / отзыв
Министерство юстиции РК, судебный исполнитель
Жалоба

Қазақстан Республикасы
Президентінің әкімшілігіне

Қазақстан Республикасының
Бас прокурорына

Қазақстан Республикасы
Әділет министріне

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс- қимыл агенттігінің төрағасына

Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы
Ағабай батыр көшесі №5 үй тұрғыны
Ж.О.Ешанкуловтан
Байланыс сымтетігі 8-701-500-60-30


АРЫЗ

Сайрам аудандық сотының 2015 жылғы 9 ақпандағы заңды күшіне енген №2-25/15 сот шешіміне сәйкес Жанбуршина Кенжегул Лесбекқызы мен Ешанкулов Жаксыбек Оринбековичтің араларындағы 27.08.2005 жылы ОҚО Шымкент қалалық АХАЖ бөлімінде неке қию туралы актілерді тіркеу кітабында №2230 санымен тіркелген неке бұзылды.
Жоғарыда аталған азаматтық іске байланысты өз кезегімде Сайрам аудандық сотында талапкер Жанбуршина Кенжегул Лесбекқызы жауапкер Ешанкулов Жаксыбек Оринбековичтен алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралғаны немесе қаралмағаны туралы 2015 жылдың 27 наурызында Сайрам аудандық сотына жүгініп, алимент өндіру туралы 2014 жылғы 9 желтоқсандағы сот бұйрығы маған 2015 жылдың 8 сәуірде қолма қол табыс етілді.
Ортақ некемізден 04.03.2007 жылғы туылған Ешанкулов Нұржан Жақсыбекұлы және 08.03.2010 жылы туылған Ешанқұл Ерасыл Жақсыбекұлы атты екі ұлым 2015 жылдың наурыз айына дейін өз қарауымда болды.
Жоғарыда көрсетілген сот бұйрығына сәйкес менің жұмыс орнымнан, яғни жалақымнан талапкер Жанбуршина Кенжегулдің есеп шотына 2015 жылдың сәуір айынан бастап ай сайын алимент аударылуда.
Алайда, Сайрам аудандық сотының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы сот бұйрығы сот орындаушылармен 2014 жылдың 22 желтоқсанында қабылдап алғанына қарамастан, не себепті сот бұйрығы 4 айға кешіктіріліп жұмыс орныма алимент өндіру үшін жолданғаны маған белгісіз болып тұр.
2015 жылдың мамыр айында кезекті кредит төлеу кезінде Сайрам аудандық сот орындаушысы А.Дадаметовтың қаулысына сәйкес барлық екінші деңгейдегі банктегі және менің жалақы алып отырған Халық банкіндегі есеп шоттарға тиым салынғаны маған белгілі болды. Менің жұмыс орнымнан ай сайын алименттің ұсталуына қарамастан не себепті менің банктегі есеп шоттарға тиым салғаны маған белгісіз болып отыр және тиым қоюға да негіз болмаған.
Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтың банкттерге заңсыз қойған тиымның кесірінен банкпен түзілген келісім шартта көрсетілген мерзімде кредитімді төлей алмай отырмын, осының кесірінен өсімпұл өсуде.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» талаптарына сәйкес борышкер ретінде Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтан ешқандай ескерту қағазы берілмеген және қабылдап жатқан қаулылары маған таныстырылмаған.
Бүгінгі таңда жұмыс орнымнан Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтың қаулысына сәйкес менің жалақымнан 50 пайыз алимент өндіру туралы мәлім болды. Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтың мұндай қаулы шығаруға қандай негіз болағы маған белгісіз және заң талаптарына сәйкес маған таныстырылмаған.
Қазаұстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармақ 4 тармақшасына сәйкес шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық екені көрсетілген.
Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтың менің жалақымнан 50 пайыз алимент өндіру туралы қабылдаған қаулысы талапкер К.Жанбуршинаның пайдасына заңсыз артықшылық көрсету деп санаймын. Себебі сот бұйрығында менің жалақымнан 33 пайыз өндіру керектігі көрсетілген және менің жалақымнан ұстау үшін жұмыс орныма сот орындаушының әрекетсіздігінен 4 айдан кейін кешіктіріп жолданған. Алайда аталған қаулы сот орындаушысымен маған заңда белгіленген мерзімде таныстырылмаған.
Бүгінгі таңда менің қолымда зейнеткер анам екеуміз бір шаңырақтың астында тұрамыз. Менің банк шоттарыма Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовтың қойған заңсыз тиымның кесірінен, коммуналдық төлемдерді төлеу үшін қарызға батып, жеке карточкамнан жалақымды ала алмай отырмын.
Мемлекеттік сот орындаушы А.Дадаметовке ұялы байланыс арқылы және жеке өзіне бірнеше рет тиымды алып тастау туралы жүгінгеніме қарамастан, өз міндетіне салғырттықпен қарап, не себепті тиым қойғанын, оған негіз болған себепті түсіндіре алмай, әрекетсіздік жасап, тиымды алып тастауға асығыс емес. Жоқ әлде мен оның алақанын жылытуым қажет пе екенмін?
Жоғарыда көрсетілген лауазым иесінің білімсіздігінен және заң бұзушылыққа жол беру себебінен Ата Заңымызда бекітілген менің құқықтарым өрескел бұзылып отыр.
Жоғарыдағылардың негізінде, заң талаптарын өрескел бұзған лауазым иесінің іс әрекетінді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс әрекетін анықтап, қатаң тәртіптік шара көруді және менің банктегі есеп шоттарының ашылуына ықпал етулеріңізді сұранамын.
Осы арызды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімінде қарастырып, қанағаттандырып, жазбаша жауабын беруді сұранамын.


Арыз иесі Ж.О.Ешанкулов
« 08 » маусым 2015жыл



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: