Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: Қармақшы аудандық білім бөлімінің есеп бөлімі - Жалақы есептеу жайлы | #6344

Жалоба / отзыв
Қармақшы аудандық білім бөлімінің есеп бөлімі
Жалақы есептеу жайлы

Қармақшы аудандық білім бөлімінің есеп бөлімі айлық есептеуде өрескел қателіктер жіберуде. Нақтырақ тоқталсақ, 2014 жылы 4 қыркүйек – 8желтоқсан аралығында орыс тілі пәні мұғалімі Ғани Тоқшылықов ІІ деңгейлік біліктілік арттыру курсынан өтті. Ғани Тоқшылықовтың сағаттары орыс тілі пәні мұғалімдері маған, Мусабекова Алтынкүлге, Құрманалиева Гүлнарға ауыстырылымға (заменаға) берілді.
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы есептеу туралы» Ережесінің 15-бабына сәйкес׃
«Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ғана беріледі.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын басқан күннен бастап 9-тармақта көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді..», - деп көрсетілген. Ендеше әріптесім оқуда болған 3 ай мерзімде маған берілген 3 сағатқа толық төленуі керек, ал олар біз бір адамға ғана төлей аламыз, сізге тек замена төленеді, - дейді. Егер заң орындалмаса оны кімге арнап шығарамыз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс