» » Aika_aika - Aika_aika

Жалоба / отзыв
Aika_aika
Aika_aika

Құрметті К Есекеев мырза!!!


Біз ОҚ ОДТ Сарыағаш АӨТТ-ң қызметкерлері сізге мұң-зарымызды айтуға бел будық. Себебі біздің ұжымымызға жаңадан келген Н.Нысанбаев деген басшымыз адам төзгісіз заңдарды енгізді. Олай айтуымыз Қазақстан Республикасында жоқ жаңа Еңбек кодексі қолдануда. Біздер Сарыағаш АӨТТ-ң бүкіл қызметкерлері таңғы сағ 8:30-дан бастап, кешкі 20:00 ге дейін жұмыс істейміз. Күнде бітпейтін жиналыстар, кім неге олай деп сөйлесе, қоқан-лоқы көрсетіп, жұмыстан кет дейді. Сонда біздердің құқығымызды қорғайтын адам солай істесе, бізді кім қорғайды. Демалыс күндері сенбі, жексенбі күндері де жұмысқа келіңдер деп бұйырады. Барлық ауданда түнгі кезекшілік алынып тасталған, ал біздің Сарыағаш АӨТТ-да осы Н.Нысанбаевтың бұйрығымен бүгінге дейін заңсыз түнгі кезекшілер отырады. Егер қызметкер ауырып еңбекке жарамсыз парағын алып келсе, шетіңнен барлығың арамсыңдар, өтірік ауырасыңдар деп ұрысып намысқа тиетін сөздер айтады. Сонда адам өтірік ауырса, қай аурухана өтірік бюллетен бере алады.

Екі сөзінің бірі этика-эстетика, бірақ өзі сол этикадан жұрдай, үлкенді-үлкен, кішіні-кіші демей айғайлап ұрысады, намысқа тиеді. Жұмысты үлгермесең түнде келіп істеңдер деп күн көрсетпей қойды. Әр қызметкер өзінің жеке көлігімен аралап, өзіне берілген график бойынша әр үйдің есігін қағып, телефон ақысын жинап өткізіп отырады. Ол қайдан шыққан заң? План көрсеткіштері болмай жатыр деп біздерге ескертпей телефон шотымызға әр түрлі қызметтерді салып кояды.Әр қызметкердің телефон шотында ай сайын 5-10 мың теңге көлемінде қарызы болады. Телефоннан карыздарыңды төлемесеңдер КТУ-ыңды 100 пайызға кесіп тастаймын дейді. Әрбір қызметкер немесе абонент жаңа қызмет түрін қостыру кажет болса, арыз бланкісін толтырып, қол қою керек емес пе? Бізде мүлдем олай емес. Қарсылық корсетсең Арызыңды жаз, жұмыстан кет деп қорқытады. Алған жалақымыз отбасымызға жетпей отырған заманда осындай адам төзгісіз зомбылықтарды көріп отырмыз. Әр айда берілген жоспарды асығымен орындасақ та, қарызды көбейтіп жібердіңдер, ақша жинамайсыңдар, жұмыс істемейсіңдер деп айғайлайды. Егер қызметкерлер жұмыс істемесе берілген жоспарлар орындалатын еді ма? Жүйкеміз тозып әбден бітті, енді бұдан әрі шыдауға шамамыз жетпейді.

Егер біздің арызымыз қараусыз қалатын болса, Еңбек министірлігі мен құзыретті органданға шағымымызды беруге мәжбүр боламыз.

Белгілі себептерге байланысты аты жөнімізді көрсете алмаймыз.

 

Құрметпен Сарыағаш АӨТТ-ң қызметкерлері.


Обидчик: Aika_aika

Страна: Казахстан

Категория: Интернет

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: