» » Пашимов М - Жалоба о незаконных действиях главного врача

Жалоба / отзыв
Пашимов М
Жалоба о незаконных действиях главного врача

№ 3 Шымкент қалалық
емхананың дәрігері Г.И.Сыздықовадан, 20.05.1978 ж.т., ИИН 780520400490,
м/ж: Шымкент қаласы, Нұрсат м/а, 121 үй, 12 пәтер

А Р Ы З

Мені осы арызды жазуға мәжбүрлеген №3 Шымкент қалалық емхана ішінде орын алып жатқан менің жұмыс жасауығма, адам емдеуге қажетті жүйкеме күш түсіріп жатқан жағдайларды баяндаймын:
Осы емханада 2014 жылдың тамыз айынан бастап дәрігер қызметін атқарып келемін. Дәрігерлік қызметімді білікті маман ретінде игеріп алып жүрдім, ешқандай жұмысыма зиян келтірілген жайттар басшылыр тарапынан орын алған жоқ болатын.
2015ж тамыз айынан бастап емханамыздын бас дәрігері М.О.Пашимов болып тағайындалғаннан бастап мен қуғын сүргінде өмір сүру кезеңіне өттім.
Мен кезекті еңбек демалысымда жүрген кезден бастап бас дәрігерім М.Пашимов мені бөлім меңгерушісі қызметімнен алып тастау әрекеттерін, жұмыстан шығарудың жан жақты мәселелерін алдына мақсат қылған, оған дәлел бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Тезековты пайдалану арқылы барлық дәрігерлердің үйіне барып менің атыма арыздарды жаздырып қарық болған.
Менің еңбек демалысымда болған кезімде М.О.Пашимов менің тыныштығымды толықтай бұзды.Үстіңе арыз түсті деп бұйрыққа сәйкес қағаз түрінде шақыртпай, ауызша бөлім меңгерушісі Ж.Садыкова арқылы талап кою арқылы мәжбүрлеп жұмысқа шақыртты, ол жерде Жораев Дастан Денсаулық сақтау департаментінің қызметкерімін деп өзін таныстырған азамат мені ақша жинады деп арызданды деген жаламен отыр екен, Д.Жораевтың қарындасы Айман Жораева осы емханада дәрігер болып жұмыс жасайтын. Ол жерде маған қоятын кінәларының айғағы жоқ болғандықтан, М.О.Пашимовтың өз командасы деп алып келген орынбасары Э.Қожақметова мені уақыт өткен соң сені қайта орнына тағайындаймыз деген жалған сөздерімен мені арыз жазуға мәжбүрлеп жай дәрігер қатарына ауыстырды.
Кейін осы істің барлығының себепшісі болған арызданушы Д.Жораев емханамызға ЗОЖ меңгерушісі қызметіне тағайындалып, жұмыс атқарып жүр.Сонда менің түсінбеген жайым департаментте жұмыс жасаймын деп өзін таныстырған Д.Жораевті М.Пашимов жұмысқа қандай қызметі үшін алды екен?
Мені организациядан оқуын жоқ деп, алмастыру ведомостимен бөлім меңгерушісі болып отырсын (замена ведомость) бұлай болмауы тиіс деп отырып бөлім меңгерушісі қызметінен мені мәжбірлеп шеттетті, менің орныма В.Разакованы 2015ж қараша айы шамасында организациядан оқуы болмауына қарамастан, алмастыру ведомостімен бөлім меңгерушісі етіп тағайындады (замена ведомость). В.Разакова МКТУ –дің жалпы медицина факультетінде оқытушы болып жұмыс жасап келе отырып, өмірінде дәрігер қызметінде отырып науқас қабылдамағанына қарамастан аймақтық дәрігер қызметінен жұмысын бастамай, бірден бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалды (ПМСП деңгейінде аймақтық дәрігер болып жұмыс жасамаған). В.Разакова эксперт дәрігері қызметін «эксперт дәрігері сертификаты» жоқ болуына қарамастан атқарып келген болатын. В.Разакованың Ташкент медицина университетін бітірген соң, Қазақстан республикасындағы жұмыс жасау өтілі кезеңіндегі дипломды нострификациялануының сәйкестігін, магистратурада білім алып жүріп, бөлім меңгерушісі қызметін қатар алып жүруі емхананың жұмысына кедергі бар жоқтығын тексерулеріңізді сұранамын және осындай жағдайлар орын алған себепті медицина саласында толыққанды емдеу жұмыстары болмайтығы белгілі.
Бөлім меңгерушісі болып 3 штаттық бірлікте, 3 бөлім меңгерушісі қызмет атқарады (25 аймаққа қарасты), ал аға мейірбике 2 штаттық бірлікте, 2 аға мейірбике қызмет атқарады (25 аймаққа қарасты). Не себепті бір біріне сәйкес келмейтін штат екендігін тексерулеріңізді сұранамын.
2016 жылы тағыда кезекті еңбек демалысымда кезімде кадр маманы Л.Тлебекова маған мобильді телефон аркылы қоңырау шалып еңбек кітапшамды сұрап тағыды жүйкеме күш түсірді. 15.08.2016ж жұмысқа шығып алғашқы науқасымды қабылдай бастағаным сол еді бас дәрігердің секретарі келіп М.Пашимовтың шақыртып жатқанын айтты. Бұл жолғы демалысымдыда желкемнен шығарды, сертификатын жасанды сені фин.полға беремін, сенің ісіңді сотқа жіберемін деп абден қорқытып үркітті, бұл жылыда жүйкеме күш түсті, науқастарымды жылып отырып, дірілдеп отырып қабылдадым, 15.08.2016 ж М.Пашимов ұжымның барлық дәрігерлерін жинанастырып, құзырлы органдардың тексеру нәтижесінсіз Г.Сыздықаваның сертификат құжаты жасанды деген ақпаратты жария салып, барлық коллективтің көзқарасын маған қарсы қойды, іс қозғалып жатқан сертификат маған категория алу үшін емес, білімімді жоғарылату үшін қажет болған, осы сертификаттан басқа категория тапсыруға жетерлік оқу сағатым бар болатын.
Кадр маманы Л.Тілебекова мені үздіксіз тексереді, менің тарапымнан қандайда бір кемшіліктертер іздестіру мақсатындама, әлде жүйкемді тоздырып жұмыстан кетірудің жолыма екендігін түсіне алмадым.
Бас дәрігер М.Пашимов маған бірнеше рет негізсіз ескертулер бергісі келді, алайда мен өзімді шырылдап қорғап, маған жабылған жаланың негізсіз екендігін дәлелдеуімнің нәтижесінде ескертулерін жоққа шығарды.
М.Пашимов келгеннен бастап бірнеше мейірбике, бірнеше дәрігер қуғын сүргінге ұшырады. Барлығына қояр кінәсі жалған құжат, криминал деп айтады, ол бейшараларға маған көрсеткендей қыспақты көрсетеді, олар бұл қыспаққа шыдай алмайдыда жұмыста өз еркімен шығуына мәжбүрлейді де, жұмысынан айырылады, бала шағасын асырап отырған асыраушыдан бір отбасы айырылады. Ал М.Пашимовтың малы түгел, көке жәкем жетеді, менің крышаларым жетіп жатыр, менің атыма жала жапқандармен соттасамын деп жиі айтады(бас дәрігеріміз адам емдейтін емханада жұмыс жасап жүрме, әлде тергеуші, із кесуші маман ретіндеме түсініксіз)
Мен жұмысқа адам емдеймін дегендей әсерде емес, жау қай жақтан пышақ салады екен деген үрейде келетін болдым.
Адамдарды емдеуге қажетті жүйкемді, мен үшін түсініктеме жазуға арнайтын кезең болды (Тып тыныш және жазусыз жұмыс жасауға мұрша болмайтын болды), тырнақ астынан кір іздеп отырады.
№3 ШҚЕ- сын М.Пашимов өзін жеке клиникасын басқарып жүргендей сезінеді, мені кабинетіне шақыртып алып қол жұмсауға дейін барып мені жылатқан, емхананың мейірбикелерін 40 градус қайнап тұрған ыстықтың астында емхананың шөбін жұлдырып, гүлдерге су септіретін аула тазалаушы қызметіне ауыстырған, сонда адам жанының арашасы мейірбикелер адамның денсаулығына қалай көңіл бөледі? Санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуы жоқ дегеннің белгісі емеспе? Өз аймағының әрбір тұрғынын жақсы меңгерген, сол аймақта бірнеше жылдан бері жұмыс жасайтын мейірбикелерді ротация жасау арқылы басқа аймақтарға ауыстырып тастады, осындай жағдайдан соң өлім саны, ана мен бала өлімінің пайызының жоғарылауы орын алмай не болады, тағы сол сияқты жұмыс барысында кездесіп жатқан қиындықтыр жайлы Ана мен баланы қорғау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Э.А.Кожақметоваға айтқан кезімде, мәселені шешіп берудің орнына барлық дәрігерлердің алдында ХАМКА, бессовестная деп мені сөгіп бетімнен алды
Емханада ақша жинау өте жиі орын алып отырады:
(гүл егуге, жалюзге, табличкаға, №052/у формасы мен статистикалық картаны өзіміз қалтамыздан ақша шығарып сатып аламыз).
Денсаулық сақтау министрлігінің 26.11.2009ж № 801 бұйрығына сәйкес СКПН-ді тағайындау комиссиясының төрайымы болып бас дәрігердің ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Э.Қожақметова тағайындалған. Сонда ана мен баланың денсаулығына көңілді қай кезде бөледі екен??
Бөлім меңгерушілері ай сайын өздерінің атына қосымша үстемелдеуші ақшаны жаздырып (поощрение) отырады.
Аяқтан тозып көше аралап жұмыс жасайтын мейірбикемен дәрігерлердің жұмысынан тырнақ астынан кір іздеп кемшілік тауып ескерту бергізіледі. Бөлім меңгерушілер мен аға мейірбикелердің аймағына қарасты мейірбикелер жұмысындағы кездесіп жатқан қателерге байланысты ескертулер алғанына қарамастан, осы жұмыстардың орындалуын қадағалап отырған бас дәрігердің орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері және аға мейірбикелер ешқандай ескерту алмастан, аймақтарындағы қателіктер, ескертулердің болуы және 1982 жылы туылған жүкті әйел Сансызбаева Гульжанардың қайтыс болуы орын ала тұра бөлім меңгерушісі сүйемелдеуші СКПН-ді (поощрениені) ай сайын үздіксіз алып отырады. Жұмысқа жаңадан орналасқан мейірбике және дәрігерлер 3 айға дейін СКПН алмайды, осы мәселені заң тұрғысынан тексерулерінізді сұранамын.
Бөлім меңгерушілеріне аймақтағы қызметкерлері ескерту алып СКПН алмай жатсада, бөлім меңгерушілері емін еркін ескертусіз ай сайынғы СКПН- дерін толық алып отырады.
Аймақтық мейірбикелер аяқтарынан тозып жүріп қолдарына алатын СКПН қаражаты 10000-18000 тенге шамасын құраса,
Аймақтық дәрігерлердің қолына алатын СКПН қаражаты 30000- 50000 теңге шамасында.
Ал көше араламай, науқастарды қабылдауға қатысы жоқ бола тұра, профилактикалық тексеру барысынада науқастармен тығыз байланыстары жоқ бола тұра, кабинеттерінде жазда кондиционері бар салқын бөлмеде отырып кофе ішіп, қыс мезгілін жылы кабинетте отырып бөлім меңгерушілері және аға мейірбикелер алар СКПН қаражаты төмендегідей:
Бөлім меңгерушісі В.Разакова 175000 тенге-185000 теңге шамасында, үстемелдеуші соммамен біріктірілгенде,
Бөлім меңгерушісі Л.Қондыбаев 175000 тенге- 185000 теңге шамасында, үстемелдеуші соммамен біріктірілгенде
Аға мейірбике Х.Райымбекова 80000 теңге- 120000 теңге шамасында.
Аға мейірбике С.Теңізбаева 80000 теңге- 120000 теңге шамасында.
25.01.2016жылдан бастап маған қарасты терапиялық аймаққа балаларға қарасты № 16 аймақтың балалар тұрғыны біріктірілді.
25.01.2016 жылы аймақтардың жоғарыда атап өткендей аймақтарды біріктіру нәтижесіне байланысты жалпы тәжірибелік аймақ болып бекітілді: Нәтижесінде халық саны 2942ге жоғарылыды (терапиялық аймаққа қарасты халық саны-2042, балалар аймағына қатысты халық саны-900). Бірақ ЖТД бұйрығы бекітілмей жатып, маған №16 аймақ біріктірілді, СКПН-ді сәуір айына дейін 2042 халыққа ғана төледі, қалған 900 халыққа төленген ақша қайда кетті?? (СКПН адам санына төленеді).
М.Пашимов өзінің отыратын бөлмесін жан жақты европалық жөндеуден өткізіп алған, бөлмесінің ішінде душ, туалет орнатқан, ал 3000 халықпен жұмыс жасап отырған дәрігердің кабинеті тар және кондиционерде орнатылмаған, ауруы бар науқастардың жүректері қысылып, нәрестелерге ауа жетпей, кабинетте 3 мейірбике, 1 дәрігер отырамыз ешқандай жағдай жасалынбаған.
Менің атыма ДВД –ға 18.08.2016ж бас дәрігерім М.Пашимов атынан арыз түскен болатын, осы күннен бастап мен адам арашасы дәрігер болып жұмыс жасаудың орнына, жауапкер ретінде құзырлы органдарда күнімді өткізіп жүрмін. Мен өзім онкологиялық диспансерде бақылауда тұрамын, жолдасым денсаулығына байланысты ІІІ топ мүгедегі уақытша жұмыссыз, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9- шы сыныбында білім алып жатқан қызымның анасының күнделікті қыспақта, тергеуде жүріп қиналған шағын көруі сабағын оқуға ынтасын өте төмендетті, бас дәрігерімнің жоғары дәрежелі категориямды алып тастап, айлығымды қысқартуы, осыған қоса алғанда М.Пашимовтың жан жақты қыспағы мені истериялық жағдайға алып келді.
М.Пашимов өзі басқарып отырған қызметкерін жұмыстан кетіру үшін жан жақты қыспақ көрсетіп, қызметкерін сотқа беріп істі қылғандығы ұйымдастыру қаблетінің жоқтығын білдірмейме????
Мен Г.Сыздыкова ақ халтты абзал жанды мамандығымды дақ түсірмей, адам арашасы ретінде алдағы жылдарда күш жігерімді салып жұмыс жасауым үшін, бас дәрігерім тарапынан жазылған арыздан соң өзімді қорғау мақсатында басқа амалымның жоқтығынан сіздерге үлкен өтінішпен, үміт артып осы арызды жазып отырмын.
Аталған барлық жайттарға көңіл бөліп әділ тексерулеріңізді сұранамын.
Егерде әділдік табылмаған жағдайда жоғары тұрған органдарға шағымдануға барлық күш жігерім жеткенше мәжбүрмін.




«05» қыркүйек 2016 ж. Г.И.Сыздыкова


Обидчик: Пашимов М

Страна: Казахстан

Категория: Юристы и консультации

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: