» » НУР ОТАН - Жилье

Жалоба / отзыв
НУР ОТАН
Жилье

Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
Әл-Фараби ауданындағы Құрманғазы көшесіндегі
57 «а» үй тұрғыны Күлән Тәжімұратовадан
Тел: 8-702-755-98-99
8-702-788-08-12
Почта: Korea_aiko@mail.ru


А Р Ы З

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен сіздің өз еліңізге сіңірген еңбегіңізіді жоғары бағалап, оны өзімнің бала-шағама үлгі ретінде айтып жүретін қарапайым анамын. Жәй ғана ана емес, дүниге он бір бала әкелген Батыр анамын. Мен өзім 1945ж дүниеге келгенмін. 22 шілде 1985 жылы КСРО жоғарғы кеңесі Президумының жарлығымен он бір баланы туғаным және тәрбиелегенім үшін «Мать – героиня» орденімен марапатталдым. 03 наурыз 2005-жылы сіздің Жарлығыңызбен «Алтын алқа» медальін алдым. Бұл үшін сізге алғыстан басқа айтарым жоқ.
Мен сіздің дүние жүзі халықтарының алдындағы беделіңіздің жоғары екенін білемін. Және алдағы уақытта да жоғарылай беруіне тілектеспін. Бүгінгі таңда Қазақстан қандайда бір жетістікке қол жеткізген болса, ол сіздің көреген саясатыңыздың арқасында болып отырғаны жұрттың барлығына белгілі.
Сіздің еліміздің тұрақтылығына қосқан орасан еңбегіңіз келер ұрпақ алдында да жыр болып айтыла беретініне кәміл сенемін. Осы кезге дейін мен сіздің саясатыңызды қолдап келдім, барлық сайлауларда тек сіз үшін дауыс бердім. Себебі біздің болашағымыз ол Қазақстанның болашағы. Ал мен өзімнің және балашағамның болашағын сізден басқа адамға сеніп тапсыра алмаймын. Сондықтан сізді Қазақстаннан бөліп жару мүмкін емес.
Аса құрметті Елбасы! Менің сізге хат жолдауыма өзіндік бір себеп болып отыр. Менің некелі жарым Өтеген Тәжімұратов 2000 жылы ұзақ сырқаттан кейін дүниеден өтті. Ол кезде біз Жамбыл облысының Жуалы ауданында тұратынбыз. Үш бөлмелі ескі үй күйеуімнің атында еді. Марқұм Өтеген дүниеден өтерде үйді менің атыма өткеріпті. Бірақ менің одан хабарым жоқ.
2006-жылы үйді сатып мен отбасыммен Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келдім. Ол жақтағы үйдің ақшасына Шымкенттен пәтер ала алмадық. Содан бері Шымкентте үй жалдап тұрамын. Қолымда екі ұл, екі қыз және бір немерем бар. Барлығымыз екі бөлмелі жер үйді айына 40 мың теңгеге жалдаймыз. Өзім осы кезге дейін көп балалы ана ретінде үкіметтен ешқандай жеңілдік алған емеспін.
Мен он бір бала тапқан батыр ана ретінде өзіме пәтер сұрап Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға арыз жаздым. Бірақ маған қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова үй кезегіне тұру туралы жауап берді. Кезекке тұру үшін ХҚКО –на бардым. Ол жерде соңғы бес жыл ішінде менің атымды мүлік болған деп құжаттарымды кері қайтарды. Шын мәнінде мен Жуалыдағы үйімді бұдан сегіз жыл бұрын, яғни 2006-жылы сатып кеткенмін. Одан кейін ол жаққа барған емеспін.
Сізден өтінерім! Дүниеге он бір бала келтірген Батыр ана ретінде маған баспана беру мүмкіндігін қарастырсаңыз. Осы мәселелерді өзіңізге жеке айту үшін уақытыңыз болған кезде қабылдауыңызды өтінемін.
Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы сіз менің бұл өтінішімді қанағаттандырады деген сеніммен жолдап отырмын.

Сізге деген құрметпен Күлән Тәжімұратова 20.06.2014


Обидчик: НУР ОТАН

Страна: Казахстан   Город: Шымкент
Адрес: Курмангазы 57 "а"
Телефон: 87027559899
Сайт:

Категория: Недвижимость

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: