» » Министерство образования и науки РК - Докторантураға түсу емтиханы мәселесі бойынша

Жалоба / отзыв
Министерство образования и науки РК
Докторантураға түсу емтиханы мәселесі бойынша

Құрметті Ерлан Кенжегалиевич мырза!
Мен, Тасанова Жадыра Байжановна Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің оқытушысымын. Ағымдағы жылы университетке 6D090300-Жерге орналастыру мамандығы бойынша докторантураға 1 грант (целевой) бөлінді. Университет мені сол орынға ұсынды. Тамыз айының 11 және 15 күндері Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде докторантураға түсу емтихандарын тапсырдым. Емтихан нәтижелері бойынша қорытынды балл саны - 147, яғни қажетті баллды жинай алмадым. Алайда, менің шағымым басқа мәселеде: 15 тамыз күні Жерге орналастыру мамандығы бойынша арнайы емтихан тапсырған 2 адам болатынбыз. Ал емтихан нәтижесінің ведомосында 3 тапсырушының нәтижесі тұрды. Менің "Үшінші адам кім? " - деген сұрағыма университет басшылары ол кісі басқа аудиторияда болды деп жауап берді. Ол адам неге басқа аудиторияда отырады? Бір мамандыққа тапсырушыларға түсу емтиханы бір аудиторияда өтпей ме? Емтихан нәтижесіне келіспейтіндігімді айтып аппеляцияға өтініш білдіргенімде өтінішіңіз негізсіз деп қабылдамады. Осы мәселелерді шешіп, анықтап беруіңізді сұраймын.
Алдын ала рахмет!



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: