Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Директор - Администрация школы | #2568

Жалоба / отзыв
Директор
Администрация школы

Құрметті әкім мырза!
Біз Шығыс Қазақстан облысы Аягоз ауданы Сарыарқа ауылының орта мектебінде бірнеше жылдан бері жұмыс жасаймыз. Мектебіміздегі болып жатқан оқиғаға қарап қынжыламыз. Айта кететін болсақ: өзіміздің маңдай терімізбен тапқан жалақымыздан ай сайын бір сылтау табып мектеп әкімшілігі ақша жинайды. Мәселен: ауданнан методист келсе, 1000 теңгеден, семинар өткізуге тағы 1000 теңгеден, аттестациялау комиссиясына 10000 мың теңгеден, мектеп ішіндегі ұсақ түйектерге, сонымен қатар мектептің ауласында картошка өсіруге 2000 мың теңгеден (айта берсек мұндай жағдайлар көп) ақша жиналды. Аттестациялау комиссиясына мәселен қыруар ақша жиналды.(35 мұғалімнен)
Жалпы есептегенде 450 мың теңгеден асып кетті. Мұғалімдер кеңесінде бұл жиналған ақша туралы сұраған кезде, мектеп әкімшілігі толығымен дұрыс жауап бере алмады. Мектебіміздің директорыда жұмсалған ақшаның қайда кеткенін, оның қандай жолдармен кеткенін толығымен айта алмады. Мектеп әкімшілігінің есебі біздің көңілімізден шыққан жоқ. Комиссия келген кезде мектеп әкімшілігіндегі мұғалімдер осы жиналған ақшадан 20000 мың теңгеден өздерінің қалталарына алды. Олар неге қонақтың бір ішерін көтеріп ала алмайды. 2011 2013 оқу жылында ҰБТ-ға бара жатқан түлектерге көмекке 30000 мың теңге жиналған. Бұл мәселені қозғаған кезімізде тағы да мектеп директоры Жүнісов Рухат мырза еш жауап қайтармады, өйткені бұл ақшаны өз керегіне жұмсап қойған екен. Мектеп директорымыз бұрынғы тарих пәнінің мұғалімі. Кезінде мектептегі жұмыс жасайтын ер-азаматтар мен, от жағушылармен бірігіп арақ ішіп, қай көшеде, кімнің қорасының артында жатқанын білмеген адам болатын. Мектепке жоғарыда отырған таныс тамырларымен жұмысқа кіріп алқаштардың санын көбейткен ер азаматтар көп. Бұл мұғалімдер келешекте балаларға қандай тәлім – тәрбие бермек. Осы болып жатқан жағдайларды көре тұра қой дейтін басшы жоқ. Өйткені мектеп директорын ауыл әкімі Ахмешов Болаттың көптің ішінен таңдап жүріп тағайындағаны осылардың бел ортасында жүреді. Мектеп директоры өз баласын, туған-туыстарын, көршілерін жұмысқа алып отыр.
Осындай басшысы бар білім ордасынан балаларымыз не болмақ. Қандай тәрбие алып шығады.?
Сізден өтініп сұрайтынымыз осы мәселені шешіп, бір шара қолдануыңызды сұраймыз!
Сарыарқа орта мектептерінің мұғалімдері атынан.

Дата публикации:

Обидчик: Директор

Страна: Казахстан   Область: Восточно-Казахстанская область   Город: Аягоз

Категория: Образование

1 комментарий

14 марта 2016 13:02
2013 жылы Сарыарка жалпы білім беретін мектеп атына жазылған арыздын шындыққа жанаспайды, отирик. Біріншіден, келтерілген деректердің бәрі өтірік, негізсіз. Екіншіден, осы арызды жазып отырған адамнын аты-жөні бул ауылда жок, тіркелмеген. Казір 2016 жыл осы арызды сайттан алып тастауынызды сураймыз. Сарыарқа орта мектебі.

2013 жылы Сарыарка жалпы білім беретін мектеп атына жазылған арыздын шындыққа жанаспайды, отирик. Біріншіден, келтерілген деректердің бәрі өтірік, негізсіз. Екіншіден, осы арызды жазып отырған адамнын аты-жөні бул ауылда жок, тіркелмеген. Казір 2016 жыл осы арызды сайттан алып тастауынызды сураймыз. Сарыарқа орта мектебі. Бул арыздың жалғандығын құзыретті органдар тексерип анықтаған. Сол себепті тезирек алып тастауларынызды сураймыз. Казір 2016 жыл. Жұрт даурыкпас ушин осы сайттагы арызды уакыт оздырмай алып тастауларынызды сураймыз.

Прошу удалить жалобу.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс