Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Жалобы от родителей | #4726

Жалоба / отзыв
Жалобы от родителей

Сәлеметсіздер ме? Құрметті білім министрлігі. Біздің айтқымыз келгені сыбайлас жемқорлыққа нүкте қою керектігі туралы үнемі айтылып жатады. Бірақ бұл ойларыңыз нүкте қойылмақ түгел өршіп бара жатқандай. Мысалы Теміртау қаласы №9 лицей-мектебінде ата-аналардан мұғалімдерден ақша жинауын қояр емес тіпті тариф тоқтатып тастаған. Мектеп ашылғалы ақша жинаудан көз ашпадық, мектеп ішін барлығын басынан аяғына дейін ата-ана жабдықтап отыр сынып есігі, сынып жалюзасы, лампасы, жөндеу жұмыстарына. Мысалы директордың туған күніне әр қызметкерден 2000 тенге, мұғалімдер күніне 2000 тенге директорге сыйлық, әр сынып ай сайын 2000 тенге, әр мұғалімге 800 тенге, газетке 2000 тенге аттестациялаудан өту 10000 тенге, 1 сынып әліппе бітіргені үшін, 4 сынып бастауыш бітіргені үшін, 9-11 сыныптарға мектеп бітіргені үшін бағалы сыйлықтар тапсыру дәстүрге айналған мұның барлығын мектептегі оң қолы арқылы жасатады. Ата аналар комитеті деп сайлап алған адамдар өздерінің адамдары. Мысалы біз сияқты ата-аналар қарсы шықсақ, өздерінің сайлап алған ата-аналарын салып қояды, солар арқылы тап-таза болып шыға келеді. Тіпті прокуратурада жұмыс жасайтын ата-аналар арқылы шеше салады. Бұл бергі жағы ғана күнделікті жиналатыны қаншама. Бір жақтан концерт цирк келсе билетті таратып тастайды ақшасын мұғалімдерге береді де қайдан тапсаң содан тап ақшасын әкел деп сорлатады, бұл ГОРОНО-ның бұйрығы, сен ата-анамен жұмыс жасай алмайсың өзің төле деп мұғалімді кінәлайды. ГОРОНО-ға жазған хат жауапсыз қалады. Бұл сыбайлас емей не? Кәсіподақ ақшасы қайда кетіп жатқаны беймәлім. Ай сайын жарнасы ғана төленеді... Мұғалімдер ауырса, сендер өтірік ауырасыңда. Мектепке келіп 40º болған жағдайда мектептен жедел жәрдем арқылы кетесіңдер дейді. Ол олма жұмыс сұрап бара қалсаң тағы ақша әңгімесі басталады. Оғанда ставка қойып тастаған. Шарасыз жұмыс керек, ақша беріп жұмысты болып жатқаны қаншама. Сондықтан білімсіз мұғалімдер қаншама солардың арқасында балаларымыз тіпті сауатсыз болып кетті, ол мектепке балаларымызды білім алу үшін емес ақша беру үшін берген сияқтымыз. Мұғалімдерден жасырын түрде сауалнама алуыңызды сұраймыз. Ол мектепте келінім ашылғаннан бері жұмыс жасайды сонда келінім қаншама ақша береді және балаларға қаншама сонда ойлай беріңіздер.
Бір топ ата-аналар. Жауаптарыңызы асыға күтеміз.

Дата публикации:

Страна: Казахстан   Область: Карагандинская область   Город: Темиртау

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс