» » Министерству образования - Грант

Жалоба / отзыв
Министерству образования
Грант

Мен, Нұрмахан Назира Ерікқызы, Шетел тілдер педагогикалық колледжіне 11 сыныптан кейін түсіп, ақылы оқыдым. 18.07.15ж КТ тапсырып 100 баллдан 91 балл жинадым. Абылай хан атындағы халықаралық шетел тілдер университетіне "екі шетел тілі", яғни, "педагогика" мамандығына грантқа түсу конкурсына қатыстым. Сөйтіп, қызыл дипломмен, 91 балл жинап тұрып грантқа түспедім. Неге колледжден кейінгі білімгерлерге тек 35 грант бөлінген? Алдыңғы жылы 135 грант бөлініп еді ғой. Сіздер "Алтын белгі" иегерлерін, олимпиада жеңімпаздарын, квотасы барларды ғана ойлайсыздар. Сонда мен секілді білімгерлерді кім ойлайды? Неге 65 баллмен квотасы болғандықтан грантқа түседі? Егер екі білімгер бірдей балл жинап, таңдау арасында болса, квотасы бар білімгерлерге грант беруге болады деп ойлаймын. Бірақ 65 баллмен грантқа түсу деген əділетсіз емес пе?! Сонда тағы бір жылды басқа өткіземін бе? Келесі жылы КТ-дан жоғары балл алып, тағы грантқа түспей қалсам, мүлдем оқымай кетемін бе? Егер осылай жалғаса берсе, білімді жастар артта қала берсе, Қазақстанның болашағы не болмақ?! Осындай түрмен қайтіп дамимыз? Осы жазғаныма жауап алсам деп едім. Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда!



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: