» » Директор школы - Унижение

Жалоба / отзыв
Директор школы
Унижение

Біз, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылының Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп шағын орталығындағы мұғалімдеріміз. осы уақытқа дейін мектеп директорының іс әрекеттеріне шыдап келдік, енді шыдау мүмкін емес. Мектеп директоры Толыбаева Ляззат Аязбайқызы бұл мектепті 2006-2007 оку жылынан бастап басқарып келе жатыр, содан бері мектеп ол кісінің жеке меншігіне айналған сияқты. Екі күннің бірінде жиналыстардан көз ашпайтын болдық. Кезектен тыс, кезекпен деген жиналыстардың ешқандай регламенті сақталмайды. Сабақ кезінде оқушыларды отырғызып қойып жиналысқа қатысамыз ол жарты сағат немесе бір сағатқа созылады. Ал директор жанындағы мәжілістер кешкі сағат 17.40-та басталып, түнгі 21.50-де аяқталады. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер біткен соң, оқу ісінің меңгерушісі екеуі ауыздарына келгенді айтып жер жебірімізге жетеді. Мысалы, директордың көп қолданысқа енгізген сөзі: «Кердең - кердең етіп жүресіңдер, қомақты- қомақты ақша аласыңдар түк істемейсіңдер, топассыңдар, кеңкелессіңдер, оқытып жатқан оқушыларыңда өздерің сияқты топас, тәртіпсіздер, ұятсыздар, ілініп, салынып жүрген біреусіңдер деген сөздер болса, оқу ісінің меңгерушісі Г. Көкенованың сөзі : Жастар түк бітіріп жүрген жоқ, мен кнопкаларын басып отырмын, бәле болсаңдар менің орныма отырыңдар деп атқарған қызметін міндеттсініп, намысымызға тиеді Ұжымда жастар көп, бір жаңашылдықпен еңбек еткіміз келеді, әттең жастарға ешқандай қолдау жоқ. Зірк- зірк ұрыстардан кейін өз ойымызды айтудан қорқамыз, өйткені бәрін директор шешеді. Бір де бір адам қарсы келе алмайды, өйткені сөйлеген адамды жоқ қылып жіберуге дайын.Түнде аяқталатын жиналыстардан үйге барып, үй ішімен ренжісеміз, жиналыста естіген ауыр-ауыр сөздерден кейін талай уақытқа дейін өз өзімізге келе алмай жүреміз, ал ертеңгі сабақтарға дайындалу керек. Ол кісіге бәрі бір, өйткені өз сабағын өзі өткізбейді орнына басқа адам кіріп жүргізеді. Басқа жаққа ауысып кеткен жастар бар, айтуларынша бұндай бассыздық еш жерде жоқ.
Мектепте айлық алған кезде кәсіподақ ұйымының төрайымы әрі мектептің ұйымдастырушысы Г. Жоламановаға : қорға мың теңгеден әр мұғалімнен жинауға бұйрық береді. Бұл қорды неше жыл болды жинап келе жатқанымызға, бұл ақшаның қайда жұмсалғаны туралы есеп берілмейді . Бір жиналыста директор менен қордын ақшасының есебін сұрамаңдар деп- айқайлады. Ақша жинайтын адам кәсіподақ төрайымы, сонда кәсіподақтың тікелей міндеті осы ма? Біздің айлығымыздан кәсіподаққа ай сайын төлемдер аударылып отыр ғой. Аудан мектептерінде кәсіподақ ұйымының атынан ұстаздарға жаңа жылдық сыйлықтар, сыйақылар беріледі екен бізде бұның біреуі де жоқ.
Ай сайын қорға берген ақшамыздан басқа да жинауымыз көп. Аудан мектептерінің айтуынша сынып бөлмелерінің безендіруіне бюджеттен ақша бөлінген екен, ал біздің мұғалімдер өз қалтасынан 20-30000 (жиырма отыз ) мың теңгеге оқу стендтерін жасаттық. Мектепте өтілетін семинарларға деп ата- аналардан баннерлерге ақша жинатты. Көктемгі жөндеу жұмыстары келе жатыр, оғанда ақша жинатады.
Аттарымызды жазуға қорқамыз, өйткені соңымызға түсіп алады, аудан басшыларынан бастап сатып алған.
Мектеп мұғалімдері


Обидчик: Директор школы

Страна: Казахстан

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: