» » Жылыойская Центральная Районная Поликлиника г.Кульсары - Жалоба

Жалоба / отзыв
Жылыойская Центральная Районная Поликлиника г.Кульсары
Жалоба

Мен Байжанова Болганым 3 жастағы балам 5 ші күннен бері қызулап ауырды. 6- шы күні қызуы қатты көтерілген соң 40 болып түспегесін және де мұрнынан қан кеткесін жедел жәрдем шақырттым. 1 ші күні поликлиникаға апарып учаскелік дәрігер тиісті емін көрсетті. Алайда нәтиже болмағандықтан, бүгін Жылыой аудандық емханасының ЛОР дәрігері Байшаханов Асылбек Калдыбаевичке жолдаған соң қаратуға барған болатынмын, алайда маған талоның жоқ деп қарамай кері қайтарды. Ағалап жағдайымды айтып, бала ғой суда іше алмай қиналып отыр дегеніме қарамай есікті сыртынан жап, келесі адам кірсін, сен бар шық деп мені шығарып жіберді. Кезекте отырған адамдардың біреуінде талон жоқ, жұмысы тек санитарлық кітапшаларға қол қойып отыр.Құрттай баланың ырсылдап отырғанына қарамастан, итеріп шығарғандай болды. Сонда бүгін талон жоқ деп қарамады, ертең түске дейін военкоматта болады, ертең түстен кейін, яғни 24 сағаттан кейін баланы қарайма? Үлкен адам болса шыдар, ал 3 жасар бала қалай шыдайды?
Құзыретті мекеменің орынбасары мен басшысы сол қызметкердің сөзін сөйлеп, бұл қарамаса, учаскелік педиаторға қаралу керек дегендей қылып мені арқамнан қағып шығарып жіберді. Сонда бұл дәрігерлердің Гиппократқа берген уәдесі қайда, одан қалды адамгершілік, ең болмаса аяушылық деген қасиеттерден жұрдай дәрігерлер қалай адам жанына сая, еміне дауа болып отырғаны белгісіз.
Сөз соңында сұрарым, мен сияқты қарапайым адамдардың өтінішін қараусыз қалдырмай, шарасын алуыңызды тек Өзіңізден күтемін.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: