» » Рустемова Сандугаш Абдуллаевна - КДЦ МКТУ им Х.А.Ясави

Жалоба / отзыв
Рустемова Сандугаш Абдуллаевна
КДЦ МКТУ им Х.А.Ясави

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке




Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!

Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Клиника диагностикалық орталығы» 2008 жылдан бері қала және аудан халқына жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсетіп келеді. Бұл уақытқа дейін клиника диагностикалық орталығы емханасының тегін медициналық көмегі тек университет мұғалімдері мен студенттеріне қол жетімді болып, ал, қала тұрғындары барлық медициналық көмекті ақылы түрде алып келді. Болашақта жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бағыты бойынша көлемін кеңейтуді мақсат еткен клиника аймақтағы Денсаулық сақтау саласындағы көптеген күрделі мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік алып отыр. Аталмыш орталық халыққа медициналық көмек көрсетуде еліміздегі және Орта Азиядағы өзге де клиникалармен бәсекеге қабілетті болу мақсатын алға қойған.
2008-2015ж.ж. аралығында тек қана жоспарлы науқастарды қабылдаған клиниканың стратегиялық бағыты айқындалмаған. Осы жылдар арасында жеті бас дәрігер ауысқан. 2015 жылдың шілдесінен бастап клиника Түркістан халқына сапалы, мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында бір күн шұғыл көмек көрсету қызметі ұйымдастырды. Сондай-ақ, қазіргі таңда травматолог мамандары мен соған қажетті медициналық құрал саймандардың толық жабдықталуына байланысты клиникадан травматология бөлімін ашу жоспарлануда.
Клиникаға қажет болған жағдайда Түркия мемлекеті тарапынан медициналық техника алуға қаражат бөлінеді. Одан өзге қажеттіліктің барлығы толығымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан бөлінеді.
Бүгінгі таңда осындай айтулы мекеменің басшылығы төңірегінде біршама түсініксіз жайттар қалыптасып отыр.
Атап айтсам, 2016 жылдың ақпан айынан бастап, мен яғни, аталмыш клиниканың бас дәрігері қызметін атқарып келген Рустемова Сандуғаш Абдуллақызы 11.07.2016 – 14.11.2016 жылы аралығында бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шықтым. Осы қызметке университет басшылығы тарапынан уақытша міндетін атқарушы ретінде Түркия азаматы Эмин Туркөз тағайындалған. Қазіргі таңда, ХҚТУ басшылығы тарапынан яғни ҚР Еңбек Кодексінің заңдылықтарына сай 14.11.2016 жылы демалыс мерзімімнің аяқталуына байланысты менің өз қызметімді жалғастырудамын. Дегенмен қызметімді қайта бастаған 10 күннен астам уақыттан бері жүйелі жұмыс жүргізуіме бас дәрігер міндетін уақытша атқарушы яғни, бұған дейін менің орнымда қызмет еткен Э.Туркөз қызметіме мейлінше кедергілер келтіруде. Ондағы мақсаты ҚР Заңдылықтарына бой ұсынбай клиниканың бас дәрігерлік қызметін жалғастыру болып отыр.
Мамандығым бойынша м.ғ.к., доцент, жоғары дәрежелі, 17 жылдық еңбек өтілім бар дәрігер-невропатологпын. «Клиника-диагностикалық орталығы» қызметінің сапалы болуына үздіксіз үлес қосып келемін. Сонымен қатар, клиникаға халықтың еркін тіркелу компаниясында 18886 тұрғын амбулаториялық-емханалық тегін көмек алуын үйлестірдім. Облыс және қала әкімдігінің қолдауымен ми, қан айналымынының жіті бұзылуларынан өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында облыс көлемінде 3-ші болып өңірлік инсульт орталығының ашылуына себепші болдым. Осы орайда тұрақты түрде атқарып келе жатқан қызметімді ҚР Заңдылықтарына сәйкес, одан әрі жалғастыра алмауым алаңдатуда.
Қазіргі мәліметіміз бойынша ҚР аумағында шетелдік мамандардың жеке клиникалық практикамен айналысуы үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидасының
3-тармағында . Шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес медициналық мамандықтар бойынша жіберіледі.
Ал, 4-тармағында Шетелдік мамандардың Қазақстан Республикасының аумағында жеке клиникалық практикамен айналысуы медициналық қызметке берілген лицензияның және сертификаттың негізінде жүзеге асырылады делінген..
5. Шетелдік мамандар клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша сертификат беріле отырып сертификаттаудан өтеді.
Қәзіргі кезде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Клиника-диагностикалық орталығы» мекемесіндегі Бас дәрігер міндетін атқарушы Э.Түркөздің білім деңгейі, жоғарыда аталған талаптарға мүлдем сай келмейді, Университет ректоры У.Абдибеков жоғарыда аталған қағидада көрсетілген бірде-бір талаптардамай заң бұзушылыққа барып отыр. Осы жоғарыда көрсетілген негіздерде Түркия азаматы Э.Түркөзды ХҚТУ-нің «Клиника диагностикалық сертификаттаудан өтуі тиіс, өзі зейнет жасында. Одан бөлек мамандығы стамотолог Э.Туркөз медициналық қызметке берілетін лицензиясының болмауына байланысты ХҚТУ «Клиника-диагностикалық орталығы» мекемесінің қазіргі уақыттағы бас дәрігері лауазымына сәйкес келмейді. Клиника Қазақстан Республикасы есебінен қаржыландырылғандықтан, бас дәрігер заң алдында жауап беретін тұлға болғаны жөн деп санаймын.
Бұл жөнінде ОҚО еңбек инспекциясының басшысы Б.Есқараевқа хат жолдағанмын, бірақ ешқандай нәтежие жоқ, ал осы өңірге жауапты маман Б.Ысқақ арызыңызды кері қайтарып алыңыз деуден басқа еш нәрсе айта алмайды. Барлығын тексеріп акт түзіп, қала прокурорына табыстау қажет. Бұл міндеттерін Б.Ысқақ орындамай келеді.
Сонымен қатар, Түрік азаматы Э.Тұркөз ҚР заңдарымен таныс емес және мемлекеттік тілді білмеуі салдарынан жұмыс барысында науқасқа қатысты мәселелер дұрыс шешілмейді өзекті мәселелерді шешуде түсініспеушілік туындауда.
Клиникада жалпы 312 қызметкер, соның ішінде әр түрлі саладағы мамандықтағы 69 дәрігерлер қызмет атқарып, заманауи клиника-диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда, клиникада 6 бөлімшеде жоғары дәрежелі дәрігерлер қызмет көрсетеді. Клиникаға 2016 жылы Қазақстан Республикасы бюджетінен стационарлық көмекке 579 249 960, 70 теңге, Түркия Республикасы бюджетінен 2016 жылы 112 350 000 теңге қаржы қаралған. Жалпы, «Клиника-диагностикалық орталығын» қаржыландыру бойынша Қазақстан тарапынан бөлінетін қаржы Түркия тарапынан 5 есе көп. Сондықтан да емдеу орталығының басшылығына қазақстандық маманның бекітілу заңдылығына да назар аудару қажет деп есептеймін.
Жоғарыда көрсетілген шиеленісті мәселелердің туындауының негізгі себептерінің бірі, ХҚТУ «Клиника-диагностикалық орталығының» регламенті ҚР Денсаулық сақтау туралы заңдылықтарына сәйкес келмейтіндігінен туындап отыр.
Осыған орай, арнайы құзырлы орындар тарапынан «Клиника-диагностикалық орталығының» Регламентін ҚР Денсаулық сақтау туралы заңдылықтарына сәйкестігін анықтай отырып, Сізден «Клиника диагностикалық орталығы» жұмыс барысында ҚР заңнамалырын, Конститутцияны, Еңбек кодексін басшылыққа алып, мәселенің оңды шешілуіне ықпал етуіңізді сұранамын.

Құрметпен,

ОҚО Түркістан қаласы
ХҚТУ Клиника диагностикалық
орталығының бас дәрігері Рустемова Сандуғаш Абдуллақызы
тел: 8 701 734 77 43



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: