Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Мед. услуг Райздровоохранения | #3805

Жалоба / отзыв
Мед. услуг Райздровоохранения

Құрметті Салидат Зекенқызы! Мен Баймуратов Манарбек Қызылорда облысы Жанакорған кенті Түршекұлы көшесі №133 –ші үй тұрғынымын. Семьямда бір Шыңғысхан есімді ұлым бар.Ұлым 1998 жылы туылған.Қыздарым тұрмыста, бізден бөлек тұрады. Өзім зейнеткермін.
Менің айтайын дегенім, біздің Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау бөлімінің халыққа көрсетіп отырған жұмысы туралы болмақ. Мен Сіздің облысымызда, Жанақорған ауданында болғаныңызды білемін.
Мен осы ауданымыздағы дәрігерлердің жұмыстарына еш көңілім толмайтын еді, мына оқиғадан кейін оларға алаңсыз түңілдім. Жаңа айтқанымдай менде жалғыз Шыңғысхан есімді ұлым 1998 жылы дүниеге келген болатын, сол кезде мен қандай қуандым десеңізші. Туылғаннан кейін 1-2 айлығында баламның бетіне бөртіп бір нәрселер шықты. Сол кезде аралап жүрген медбикелер, дәрігерлер диатез деп қорытынды жасады ешқандай ем қолданған жоқ, бала топырақ шашқанда өзі кетеді деп жүре берді. Оның аяғы 2, 5-3 айлығында асқынып көзінің айналасын басып кеткенде барып дәрігерлер қозғала бастады. Тері-аурулар ауруханасына емдеуге жіберді, ұзамай сол диатезден болар вирус оң көзіне барып түсті. Сонан облыстық балалар емханасының көз дәрігеріне көрініп ем қабылдадық одан нәтиже бола қоймады. Онан кейін Алматы қаласындағы көз ауруларын емдеу институтында екі рет болып ем алдық. Нәтижесі шамалы ғана болды. Оң көзінде (помутнение) пайда болып нашар көретін болып қалды. Осыдан кейін менің ауданымыздың дәрігерлеріне деген көңілім қалды. Егерде сол кезде ауданда дәрігерлерде кішкентайда бір сауат болса немесе қолынан еш нәрсе келмеседе дұрыс бағыт сілтеп жіберсе мұндай нәрсе болмас еді. Іштей жылап-жылап қойдық. Бір көзі нашар көрсе екіншісі аман болсын есейген соң өз арбасын сүйреп кетер деп қойдық.
Ал енді бұлардың мына тірлігі мені одан сайын жылатты. Осыдан бірнеше күн бұрын баламның сол баяғы көзі воспаление беріп ауыра бастады көз алдына бірнәрселер шықты, сол екі арада баламда температура пайда болды, біз дереу терапев дәрігеріне апарып көрсеттік. Олар көріп барып рентгенге жіберді. Пневманияның асқынған түрі деп шықты. Мен жан ұшырып туббольницаға тексеруге қайта алып келдім, рентгенге қайта түсірсем, туберкулездың ашық түрі болып шықты. Дәрігер Сапарова Ж. бұрынғы барлық құжаттарын тексеріп шықты. Дәрігерлер как будто өздері выявление жасағандай көрініп жүр. Шындығында өзіміз случайно баламыз ауырған соң барып едік. Егер біз барамсақ баламыздың өкпесі іріп тускенде барар ма едік кім біліпті.
Сөйтсек 2007-2008 жылдары манту салғанда 6-7 мм дейін ісік болған екен, оны біз білмейміз баламыз мектепке барып жүре береді оны мектептің медбикелеріде қарамаған екен. 2014 жылы ақпан айында мектепке жылжымалы рентген қондырғысы келіп оқушыларды түсірген екен, оныда әншейін есеп беру үшін түсірген ғой шамасы, ешқандай запись жоқ. Сонан бері 3 айда баламның ауруы асқынып аяғы өкпесі тесіліп, туберкулез ауруына шалдықты. Сонда бұған кім жауапты? Жаңақорғандық дәрігерлер күн өтсе болды айлығымызды осылай алып жүре берейік деп ойлай ма? Мұның сұрауы бар ма, жоқ па? Өзіңіз айтыңызшы осы жерде кім кінәлі деп ойлайсыз? Ата-анасы ма, әлде дәрігерлер ме? Маған құдай бір баланы беріп еді, оны мына жаңақорғандық дәрігерлердің сауатсыздығынан, немқұрайлығынан дұрыстап өсіре алмадым. Өте өкінішті. Қазір ішкеніміз у, жегеніміз желім болып жолдасымыз екеуміз отырмыз.Ұйқыда жоқ, күлуде жоқ. Адам денсаулығы сатылса сатып-ақ алар едім, бірақ ол сатылмайды ғой. Енді не болды? Адам өмірге бірақ рет келеді.Сіз маған қандай кеңес бересіз? Мен дәрігерлерде кішкентайда бір кінә болса, оларды сотқа бергім бар олар маған моральдық тұрғыда шығын келтірді ғой деп ойлаймын.
Егерде өзіңіз көрген аудандағы дәрігерлерде кішкентайда бір сауат, жұмысқа деген ынта болса мұндай болмас еді. Хотя ақпан айында рентгенге түсіргенде снимканы лақтыра салмай соған мән беріп қарағанда мұндай жағдайға бармас еді.
Құрметті Салидат Зекенқызы! Менің Сізден өтінерім мұны аяқсыз қалдырмаңыз, бір шара қолданыңыз. Сізден жауап күтем.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс