» » Минздрав Р.К - Профессор Т.Патсаев

Жалоба / отзыв
Минздрав Р.К
Профессор Т.Патсаев

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайрбековаға.
Мен, Әсембай Айткүл 1963 жылы туылған, ОҚО Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені Тәукехан көшесі 13/1 тұрғынымын.
27.11.2013ж.Шымкент қаласындағы ОПЦ-ға Алматыдан профессор Т.Патсаев келіп, бір апта науқастарға ота жасады, ішінде менде бармын.УЗИ-дің (қолымда УЗИ мен стац.мед.картасының выпискасы №11477 түп нұсқасы бар.)13.11.2013 жылғы қортындысы бойынша маткадағы миоманы, кистаны бәрін қосып алып тастау үшін партал арқылы ОПЦ-ға жіберді.28-ші қарашада жасалған отадан, ота жасаған жер іріңдеп, тігілген жерді қайта ашып "Турунда"қойып ыстығымыз түспей, зорға дегенде 9 желтоқсан күні емханадан шықтым.Палатадағы жатқан төртеумізде солай болдық.Содан 1-айдан кейін қан кетіп, приступ болды, ота жасалған жерім ісіп, ыстығым көтерілді.
Екінші рет 16 қаңтар 2014 жылы қайтадан УЗИ-ге түстім(қолымда УЗИ-мен мед.картаның выпискасы №13087 түп нұсқасы бар)онда маткаңыз, миома, кистаңыз сол алынбаған күйде тұр, отаны не үшін жасады деп таң қалды.Демек профессор дертті алып тастамай ойына келгенін істеп, сынақ алаңына айналдырғаны ма? Оны моральдық жағынан азғындаған адам деп есептеймін.ОПЦ-ның бөлім меңгерушісі Байғазиева Бахыт Абаевна тексеріп көріп, "Гной"жиналып жатыр"Срочно"ота жасамаса болмайды деген соң 22.01.2014 жылы екінші рет ота жасаттым.Содан бері көрген жан азабым мен тірідей қор болғанымды айтып жеткізе алмаймын.Түнімен ұйықтай алмай не оң, не сол жағыңа аударыла алмай, носкиімді кию мұң болды.Үлкен, кіші дәретке отыру азаппен тең.Ең аяғы зеленкадан да аллергия болып"Ранам"3-ай дегенде зорға жазылды.
Жаным қиналғаннан интернет арқылы Т.Патсаевтың телефон номерін тауып телефон соқтым.Соншалыкты азапқа салатындай не жаздым, отаны не ушін жасадыңыз, маткадағы миома мен кистаны неге алмадыңыз, неге мені қинадыңыз деп едім меніменен сөйлескісі келмей телефонды тастай салды.Адам жанының қорғаны болатын, керек десеңіз шыбын жанын сеніп тапсыратын"профессорымыздың"соншалықты тас жүрек, адамгершіліктен жұрдай болғаны ма? Гиппократқа берген анты, адалдығы қайда қалды? Төрт баланың анасы, жер ортасынан асқан ананы азапқа салып қойып, профессор Т.Патсаев қалай түк болмағандай тыныш ұйықтап жүр екен?
Осы олқылықтар бойынша Қ.Р.Денсаулық сақтау министірлігі медициналық және формацептикалық қызметтерді бақылау комитетінің О.Қ.О.бойынша департаментіне 17 ақпан 2014 жылы арызданған едім.2 сәуір 2014 жылы жазған арызыңыз бойынша тексердік, кемшіліктерге тиісті шара қолдану үшін Обл.денсаулық сақтау басқармасына жолданды деп мекеме басшысының орынбасары Б.Қозбақовтан (№16-2/1797)хат алдым.Бірақ тексеру актысын бермеді. Обл.денсаулық сақтау департаменті тексергенде, ОПЦ-ның дәрігері менің зорға отырып, тұрып жүргенімді көріп сізде "Спайка", бір курс ем аласыз, физ.кабинетке жібереміз деп, ең соңында 5-6 күнге больничний ашып, ештеңе етпейді жазылып кетесіз деп құтыла салды.
Қорыта жазғанда, ауызын айға білеп, атағынан ат үркетін профессор Т.Патсаев өз ісіне біріншіден адами тұрғыда, жұмысына жауапкершілікпен, қарапайым ауыл азаматтарына гиппократқа ант бергендей адал қызметін атқарса, мұндай күйге түсіп қиналмас едім.Профессордың жасаған ісі мен дәрігерлердің өтіріктерінен кейін дәрігерге деген сенімім де жойылды.Сонда қолында билігі не ақшасы жоқ мен сияқты адал еңбегімен бала-шағасын зорға асырап жүрген қарапайым әйелдер еріккен профессордың (Патсаев)ермегі болып азап шегіп жүре беремін бе? Шара қолданады деп үміттенемін.
Министр ханым, сіз де анасыз ғой осы жазылған жайға байыппен, ой таразысынан өткізіп қарауыңызды өтінемін.Мұндайға еш уақытта жол бермейді деп сенемін. Үмітім бір өзіңізде, болмаса заң орнына арыздануыма тура келеді.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: