» » Жүктілікті жоспарлау кімнің құқығы және жатыріші спиральді дәрігер неге алмайды

Жалоба / отзыв
Жүктілікті жоспарлау кімнің құқығы және жатыріші спиральді дәрігер неге алмайды

Мен 1баламды босанған соң вмс салдырғанмын. Баламның және өзімнің денсаулығым жақсы екендігін ескере отырып, 2 балалы болуға ниет танытып, вмс алдыруға учаскелік гинекологқа бардым. Не әкетіп барады деп, 2 жылдан кейін ғана бала көтеруің керек, терапевт және эндокринологтан кеңес алуға қайтарып жіберді. Араға 3, 5 ай салып тағы бардым.Тағы да сол кеңесін айтып, терапевтке жіберді. Терапевт маған ешкайда бармайтынымды айтып балам 2 жасқа келген соң ғана келетінімді айтып шығарып салды. енді осыдан 4 күн бұрын спиральді ақылы барып орталықтан алғызып тастадым. Бірақ ең өкініштісі спиральдің бір аяғы сынық болып шықты. УДЗге бардым, ол ешнәрсе ішіңде қалмады деп айтты. Сонда спиральдің бір аяғы қайда кетуі мүмкін немесе сынық спираль салып бергені ме? Егер ол менің жатырымда сынган болса, ол қандай себептен сынуы мүмкін? Егер мен қалаған уақытта дәрігерге бірінші барғанда алып тастаса, осы нәрсе болмаған болар ма еді? Енді мен әрі қарай денсаулығыма зиян тимес үшін қандай әрекетке баруым керек. Дәрігерлердің аты- жөнін көрсетпеген себебім, олар жеп отырған нандарынан айырылмасын дедім, біреуге зияным тигенше өз денсаулығыма зияны тимесін деп алладан тілеп отырмын. Егер қажет болған жағдайда, оларды жұмыстан шығару мақсатында емес, қандай да бір жіберген қателіктеріюболса алдаға уақытта болдырмау үшін аты- жөнін беруге әзірмін.


Страна: Казахстан   Область: Павлодарская область   Город: Экибастуз

Категория: Здоровье и медицина

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: