» » Адиева Замзам Саламатовна - Құрметті Дуйсенова Тамара Касымқызы

Жалоба / отзыв
Адиева Замзам Саламатовна
Құрметті Дуйсенова Тамара Касымқызы

Құрметті: Дуйсенова Тамара Касымқызы
Менің қызым Тажиғалиева Қарақат (04.10.2004 ж туылған) 2015 жылдың 28 сәуір айында түскі сабаққа кетіп бара жатып, көлік жолының жаяу жүргіншілер өтуге арналған жолбөлігінен көлік апатына ұшырады.Көлік апатынан соң түскі 12.00-12.30 аралығында облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне түсіп, жан-жақты тексеру жүргізілді. Дәрігерлік көмек көрсеткен дәрігер Амиртаева Г.Г қарап, «Закрытый перелом, основной фаланги Іп. левой стоны» деген диагноз қойып, жергілікті емханаңызда қараласыздар деп, жарақаттанған аяғына гипсталған дәкі салып үйге қайтарды. Баламның «періштесі сақтап» аман қалғанына қуанып үйімізге кете бардық. Бірақ, қызым түні бойы қайта-қайта құсып, лоқсып, басы ауырып, оған қоса дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашып таңды көзбен атқыздық.
Келесі күні 2015 жылдың 29 сәуір күні қызымның ауырсынғанына қарамастан жергілікті №3 емхананың оташы (хирург) дәрігерінің қабылдауына кезекке тұрдым. Хирург баланың аяғын қарап, гипстелген дәкіні қайтіп таңды. Жергілікті емхананың тіркеу бөліміндегі медбике, қазіргі уақытта қабылдау жүргізіп жатырған ересектер невропатологы болғандықтан, бізге балалар невропатологына қаралуға кеңес берді. Күнде ауру баланы сүйрелеп жүремін бе, бүгіннен қалмай ақылы болса да балалар невропатологының емін алайық деп жеке дәрігер (частный) невропатолог Куспаева Кулаш Хайдаровнаның қабылдауына бардық. Ол дәрігер баланы қарап, рентген қорытындыларын негізге алып, «ЗЧМТ Сотрясение головного мозга» деген диагнозбен, аяқтай ем алуға болмайтынын айтып, қайта балалар ауруханасына аурухана жағдайында ем қабылдауға жіберді. Облыстық аурухананың травматологиялық пунктінің дәрігері Амиртаева Г.Г қабылдамайтынын айтып кейін қайтарғасын бас дәрігердің қабылдауына кірдім. Ол кісі бізді травматолог дәрігерге кейін жіберді. Травматология бөлімінің дәрігері қарап, өз кезегінде келесі күні сағат 10.00-дегі нейрохирургтің қабылдауына жіберді. Мен баламның денсаулығына алаңдап зыр жүгірсем, дәрігерлер ауру баланы бір-біріне жіберіп келе жатыр.
Түні бойы қызым тағыда құсып, лоқсып, басы ауырып жылап, тынымсызданып, шала ұйықтап шықты. Келесі күні (2015 жылдың 30 сәуірде) жүрістен әбден шаршап, дегбірі қашып, дәрігерге «бармаймын» дегеніне қарамастан қызымды тағыда облыстық ауруханаға нейрохирургтің қабылдауына алып келдім. Нейрохирург С.Ж.Байжанов айтарлықтай ештеңе көріп тұрған жоқпын деп амбулаториялық картасына баса (көшірмесі тігілді) жазды да, амбулаториялық ем алуға қайтып жіберді. Жаным қысылғаннан Куспаева К.Х телефон шалып, аяқтай ем беруін сұрадым. Ол кісі облыстық балалар ауруханасына жатқызып ем бермесе, аяқтай ем, мен бере алмаймын деп, ем беруден бас тартты. Жан ұшыра жүгіріп жүріп, жеке балалар неврапотологын іздеп «Достар Мед» клиникасына бардым, онда да балаларды қарайтын невропатолог дәрігер болмады. Сонан ИП «Азербаеваға» барып, сағат 15.00-де невропатологтың қабылдауына жазылдым. 15.00-де невропатолог А.И. Изтелеуоварентген қорытындылары мен баланы қарап, «Закрытая черепно-мозговая травма.Сотрясение головного мозга» деген диагноз қойып, тағы да аурухана жағдайында ем қабылдау керектігін айтты. Облыстық аурухана дәрігерлерінің қызымды «қуалап» қабылдамай отырғандығын айтып, аяқтай ем беруін сұрадым. Сөйтіп, әрең дегенде алатын дәрі-дәрімектерін жаздыртып алып, үйімізге қайттық. (Дәрігер амбулаториялық картамызға аурахананың қабылдамай тұрғанын көрсетіп жазды.) Дәрігерлерге деген үмітім ақталмай, салым суға кетіп, үйге келген соң «бұл дәрігерлердің ауруды анықтаудағы көзқарастары неге екі бөлінді» деген ой мазалап, өз сауалдарыма жауап алу мақсатында ғаламторға үңілдім. Өйткені, екі-үш күн ауру баламен көз ілместен жан ұшыра (баламның денсаулығы үшін) шабыс медицинамызбен жақынырақ танысуға негіз болып, дәрігерден білмеген ақпаратты ғаламтордан білуге бекіндім. Сөйтсем, ми шайқалуының (кез келген ауырлығы) сатысы, тіпті аяқ сүйегінің жарақатын айтпағанда (ол қосымша ғой), жоқ дегенде жеті күнге дейін (оның ішінде балалар) «аурухана режимінде» тыныш жағдайда бақылауда болып ем қабылдау керек екен. Және де бұл аурудың белгілері бірнеше күн, ай немесе жылдан кейін ғана обьективті түрде білінеді делінген. Сонда қабылдау бөліміндегі дәрігерлердің рентгеннің қорытындысы негізінде ештеңе жоқ дегенін қалай түсінуге болады? Қандай тұжырым жасарымды білмеймін? Облыстық аурухананың дәрігерлері бұндай жайттардан хабарсыз ба екен (медицинамыз сауатсыздыққа ұшырады ма? ), әлде жанашыр дәрігерлеріміз «әдейі» білгілері келмеді ме екен? Әлде, науқас балалардың аурухана есігіне қарап күні бойы көмек күтіп, сарылып отырғаны «адам жанының арашалаушыларына» қалыпты (үйреншікті) жағдай ма екен? Алдағы уақытта осы дерттің салдарынан араға күн, ай немесе жыл салып байқалатын асқынуларға дәрігерлеріміздің қатысы жоқ па? Менің қызым 3 күн бойы тыныш режимде, төсекте жатып дәрігерлердің бақылауында болып ем алудың орнына, жергілікті емхана мен «қабылдамаған» балалар ауруханасының табалдырығында жүрді ғой. Бұл режимді қасқана бұзу емес пе? Және оны «бұзушылар» дәрігер дегенді естісем сенбес едім...
Сізден аталған жағдайларды ескеріп, Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерінің жасап отырған (балаға) «зиянкес» әрекеттері үшін (басқаша айту мүмкін емес) жауап берулерін өтініп сұраймын.

«Ақ халатты абзал жандардан» зиян шеккен ана: Адиева Замзам Саламатқызы


Обидчик: Адиева Замзам Саламатовна

Страна: Казахстан   Область: Атырауская область   Город: Атырау   Индекс: 060000
Адрес: Огородная дом 3 кв 16
Телефон: 87787026137

Категория: Здоровье и медицина / Больницы

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: