Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Городская Детская Больница №1 - Благодарность | #6761

Жалоба / отзыв
Городская Детская Больница №1
Благодарность

Мен, Оразова Шолпан Жаңа туылған нәресте Жумабек Ботакөздің анасымын. Біз осы ҚБА на қан құрамындағы билирубиннің жоғарылап 450-ге жеткен ауыр жағдайында түстік. Ауруханаға келген сәттен ақ барлық медицина мамандары бірауыздан шешім шығарып, баланың жағдайына қатты көңіл бөлді. Қолдан келген мед қызметтің бәрін жасап, бір күнде билирубинді 360-қа түсірді. Сәбидің тамақтануын, салмағын, емген кездегі жағдайын барлығын жіті назарға алып, қадағалады. Бөлім меңг Шынар Жолсейтқызы балаға жасалатын барлық медициналық көмекті тағайындап, үнемі назарда ұстады. Бізге ғана емес, дәрігерлік кеңесімен бақылауын бөлімдегі барлық балаға арналған Шынар Жолсейткызына ерекше ризашылықпен алғыс айтамын. Әрдайым ана мен бала үшін бар күш жігерін, білім білігін арнаған ақ халатты абзал жандар еңбегі елене берсін. Елімізде ана мен бала денсаулығына баса мән беріліп, оларға арналған бағдарламалар мемлекеттік мәселе болып отырған бүгінгі күнде біздің ҚБА барлық міндеттемелер мен ем шараларда тиісті дәрежеде орындап жатқанына көзім жетті. Біз шын жүректен Қалалық балалар ауруханасына рахмет айтамыз!!!

Жалоба-отзыв: Городская Детская Больница №1 - Благодарность.  Фото №1 
Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс