Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Нусубакунова Жанар - Ауыр науқасқа дәрігерлердің салғырт қарағандығы жайында | #7199

Жалоба / отзыв
Нусубакунова Жанар
Ауыр науқасқа дәрігерлердің салғырт қарағандығы жайында

Менің шағымдануымның себебі, менің туған ағам Нусубакунов Аманбай Ниязахунұлы 1965 жылы туылған, Жетіжал ауылы, Көксу ауданы, Алматы облысының тұрғыны 2015 жылдың тамыз айында "онкологиялық" дертіне шалдыққан деген диагноз қойылып, 2015 жылы тамыз айының 2-ші тамызда Талдықорған қаласының облыстық онкологиялық ауыруханасында іш-құрылысына ота жасалып, Алматы облысы, Көксу аудандық емханаға тіркеуге алынды. Содан бері шамамен 2 ай уақыт өтті. Ағамды үйіне шығарғаннан бері бір аудандық дәрігер, яғни, аудандық терапевт, онколог келіп қал-жағдайын сұрамаған. Ауданнан керекті дәрі-дәрімек бөлінбеген, әр кезде барған адамға дәрі-дәрмек жоқ деп қайтарып отырған. Көксу ауданының онкологы Зейнеп есімді әйел дөрекі сөйлеп, дәрі-дәрмекті өздерің табындар деп кері қайтарып отырған.
2 айдан бері ағамның жаны қиналған соң Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына 10-ші қазанда қоңырау шалдым. Сол қоңырау нәтижесінде 12-ші қазанда бірден "морфин" препаратын аудандық дәрігерлер жеткізген. Бірақ, әлі де "промедол" уколын сала тұруға болар еді, бірақ дәрілерді қол жетімсіз деп, аудандық дәрігерлердің барлығы дәрі-дәрмектің жоқтығының себебін жоғарғы басшыларға итеріп, көмек көрсетуден бастартып отырды. Сонымен қатар Алматы облысы, Көксу ауданы, Жетіжал ауылында дәрігер (терапевт, фельдшер) мүлдем жоқ, тек 2 медбике ғана бар.
Менің өтінішімді қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймын.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс