» » Министерство здравоохранения РК - Жүктілік пен мерзімінен бұрын босану

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Жүктілік пен мерзімінен бұрын босану

Салеметсіз бе! Мен, Абухан Айсауле Нұрланқызы Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Заңының 12-бабына сәйкес жүкті әйел ретінде медицина қызметкерлерінен тиісті және кепілді деңгейде көмек ала алмай, нәтижесінде баламнан айырылып, ашынғаннан Сіздерге арыз жазып отырмын.Заңымызға сәйкес ана болуды мемлекет қорғайды және көтермелейді. Жүкті әйелдер медициналық көмек сұраған кезде тұратын жеріне қарамастан, жүктілікті сақтау мен бала туу бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде тегін консультация алуға, тексерілуге, емделуге және диспансерлік бақылауда болуға құқылы. Осы талап өкінішке орай біздің кейбір медицина мекелерінде сақталмай жатыр. Мен үшінші балама жүкті болып, жүктіліктің 10 шы аптасында Орал қалалық №5 емханасына дәрігер-гинеколог А.А Тасыбековаға есепке тұрдым. Бұл менің жалпы өмірімдегі 8-ші жүктілік: 1 рет ИЦН түсік болды(14-15 апта), 1 балам 25 аптасында ішімде шетінеген, 1 бала іштей дамымай 7 аптасында түсіп қалған. Қазір екі ұлым бар. Екінші ұлымды да 2013 жылы 32-33 аптасында ерте босандым. Осындай босану тарихыма байланысты сені меңгеруші өзі қарайды деп жуктіліктің 15-16 аптасында дәрігер-гинеколог Р.М Ерекешованың бақылауына алындым. Баламды сақтап қалу мақсатында коррекция жасатуға сұранып едім, дәрігер сені ерте коррекцияға алмайды, қазір жүктілікті 21 аптаға дейін сақтамайды дегесін, өзім облыстық перинатальды орталық мамандарымен сөйлесіп, порталға салдырып, 12 аптасында коррекция жасаттым. Шов салғаннан кейін дәрігер бір рет болса да мазок алып қараған емес. Шовым мазалайды деп шағым айтқанымда, бұл қалыпты жағдай тіккеннің устінен шов салғасын, іш өскен сайын ауырады деп немқұрайлы жауап беріп шығарып салады.Тіпті бұл шағым картаға да түсірілмеген. Менің жұмысым таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 17-ге дейін тапжылмай отыратын жұмыс. Қаңтардың 18 күні белім қатты ауырып, жүре алмағасын больничный ашыңызшы жұмыста отыра алатын емеспін деп Ерекешоваға барғанымда, ол оларда алдын ала жазылады, кіре алсаң кір деп карточкамды қолыма беріп травматологқа жіберді.Травматолог бұл менің ауруым емес деп невропатолог дәрігерге жіберді.Онда 21 қаңтарға жазылып, Ерекешоваға қайтып келіп Сіз ашыңызшы қатты ауырып тұрмын деп ем, терапевтке бар деп, Сансызбаеваға сілтеді.Менің отыра алмай киналып жургениме медбикелер барлығы куә. Ол дәрігер сағ 16.00-ден қабылдайды екен, осылай емханаға таңертең сағ 8-де келгеннен 13.30-да шаршап екі корпустың арасында жүрдім домалап.Кабинеттер де ыңғайсыз орналасқан бірі ана корпуста, бірі мына корпуста . Мерзімінен бұрын босану қаупі картамда жазулы тұрса да Р.М Ерекешова ауырып шовқа шағымдансам да бұл қалыпты жағдай деуден танбайды, сохранениеге де жатпадым, мерзімінен бұрын босанудың алдын алу ем-шараларын да жасаған емес, «менде кілең ауру жүктілер деп кейіп, тіпті осыдан кейін де туасың ба» деп мысқылдап сұрақ та қойғаны бар.Канша барсан да басын компьютерден алмайды, бітпейтін бир проблема әйтеуір.УЗИ-ға да өзім ақылы түстім, себебі перинатальды орталықта очередь үлкен. Картама көшірмесін ұсынсам, түпнұсқасын сал дейді. Түпнұсқасы өзімде болсыншы десем, «сен не түсінесің, саған ол неге керек» деп дөрекілік танытты. Ең болмаса дәрігерлік этиканы сақтамайды. Содан сол күні сағ16:00-де терапевт С.Г Сансызбаеваға барып 18 қаңтарда больничный аштырдым, ол аралықта да Сансызбаева жоқ деп 2 рет басқа дәрігерде болдым, одан артық соза алмаймыз деп 23 қаңтар күні жауып берді. 25-30 қаңтар аралығында жұмыста болдым. 30 қаңтар күні қызуым көтеріліп (38, 7), жедел жәрдем шақырттым. Олар мені бірінші №2 қалалық перзентханаға апарды, олар креслода қарап, перинатальный орталыққа жолдады, олар креслода қарағаннан кейін менің толғағым басталды. 31 қаңтар таңғы сағ 6-да 25 апталық баламды босандым (салмағы 800 гр, 32 см). 26 сағат кувезде жатып, 1 ақпан күні сағ 8-де шетінеді. Орталық мамандары маған «неге сен жұмыста жүресің, шовпен ең болмаса баланың өкпесі ашылу үшін (дексаметазон) алмағансың» деп ұрсып жатты. Алдын ала ем-шара қабылдауым керектігін орталық дәрігерлерінен білдім, Ерекешова маған ұсынбақ түгелі айтқан да жоқ. Үйге шығып, 2 ақпан күні ұлымды жерледім. 3 ақпан күні емханадан хабарласып выпискаңды әкеліп тастауымды, отчет жабылу керектігін айтты. Сол күні емханаға барып выпискамды тапсырып, өзіме тиесілі послеродовой 56 күнім беріле ме деп сұрағанымда, біз ештеңе білмейміз деп жауап берді. Ондай отпуск берілетінінен бәрі бейхабар.Перзентімнен айырылып, қиналып жүрсем де 4 ақпан ГЦВП-ға барып, баламның өлімі туралы куәлікті көрсетіп, послеродовой отпуск тиесілі екенін білдім. Дәрігер күндерін есептеп беруі керек деп қажет құжаттардың тізімін берді. Жақында ғана емханадан қоңырау шалып, заң бойынша босанған күннен ашылуға тиіс больничныйымды ашуға келіңіз деді. 4-5 күн бойы мені не қылды деп іздеген Ерекешова жоқ, выписка тапсырылды, отчет жабылды болды. Больничныйды да бүгін ашамыз, 15-терінде аласыз әзірге больничный бланкі жоқ деді. Енді бүгін барғанымда санау керек күндеріңді деп қайтарып жіберді.Аталмыш емханада ештеңе болмайды, біресе карта жоқ, біресе қағаз жоқ, порталға салғанда да 5 парақ қағазды үйден апардым.Регистратурада отыратын қыздар да өмірі ештеңе білмейді. Атам қазақ малын төлдетсе де анасының астына шөп төсеп баптайтын ұлт қой. Қазіргі босанатын аналардың мал құрлы құны жоқ. Тек пара берсең ғана саған деген ықылас болады. Сол қызметі үшін мемлекеттің төлегеніне қанағат тұтар, ұяты бар дәрігерлер азайды өкінішке орай. Вскрытиенің нәтижесі, гистология плацента әлі келген жоқ. Не үшін қызу көтерілгені туралы толық себебі анықталмай отыр.
Басымда сан сұрақ, жауабын таба алмай қиналып отырмын. Неге Р.М Ерекешова алдын ала сақтық шараларын қолданбады, неге сохранениеге жатқызбады, неге ауыруыма құлақ аспады, неге Р.М Ерекешова 18.01.2016 больничный ашпады, онысы қаншалықты заңды, неге ештеңе білмейді, неге обменный картам дұрыс толтырылмаған, неге больничный лист жоқ, неге мені 5 күн ешкім іздемеді? Заң бойынша больничный 56 күн мен босанған 31.01.2016 күннен ашылып есептелу керек екен.Осы сұрақтарға жауап таппай сандалып отырмын. Мүмкін осының бәрі уақытылы істелгенде Ұлым тірі қалар еді деген өкініш өзегімді өртеп барады. Дәрігерлердің немқұрайлылығынан қанша ана зардап шегіп жатыр. Тәртіпке шақыру керек қой оларды да. №5 емханасы тіркеу орнында да дәрігерге күні бұрын жазылғанның өзінде біресе дәрігер болмайды, біресе уақыттары ауысып кетеді, әйтеуір жатқан бір бардак, өзара түсіністік жоқ, ешкім ештеңе білмейді жөн сұрай қалсаң. Баяндалғандар негізінде орын алған жағдайға байланысты дәрігер-гинеколог Р.М Ерекешованы жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын. «Шарана болса да жанданып қалған ұлымды неге қолыма ұстай алмадым» деген өкініштен Сіздерге хат жолдауға мәжбүр болып отырмын.Өзге аналар осындай жағдайды бастан кешпес үшін де үндемей қалуға болмайды деп ойлаймын және Сіздер мұны жауапсыз қалдырмассыз деп үміттенемін.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: