» » Қазақстан денсаулық сақтау министерствосы - Анығын білгім келеді? Мүгедектікке жата ма?

Жалоба / отзыв
Қазақстан денсаулық сақтау министерствосы
Анығын білгім келеді? Мүгедектікке жата ма?

Мен үш баланың анасымын.Екінші балам 2002 жылы туған.2004 жылдан бастап онкогематологтың тіркеуінде тұр.Диагнозы:Лангергансовоклеточный гистиоцитоз, группа С, диссемированная форма, Клиника-лабороторныя ремиссия.Анемия 1 ст, гипохромная, смешной этилогии.Д учет у эндокринолога с диагнозом-Гипотериоз, субклиническая форма.Низкорослость.ЗФР.Дучет гепатолога Хронический вирусный гепатипС, минимальной активности, Генотип 1, стадия фиброза F0.Д учет гастроэнтолога: ЖКБ.хронический холесцитит .Гастрит.У окулиста с диагнозом:Астигматизм
2005-2015 жылдар аралығында баламды мүгедекке шығарды және Семей қаласында туғандықтан Семей Ядролық полигон зардабының әсері бары анықталып кезекті жәрдемақы тағайындалған болатын.2015 жылдын мамыр айынан бастап баланын мүгедектіке жатпайтыны туралы анықтама берілді.себебі балам он жыл ішінде онкологиялық аурудан айықты басқа ауруларын емдеп алуға болады деп айтқан., 2006 жылдан бастап Гепатит С диагнозы қойылды.Гепатитке қарсы Пегинтрон да алдық баланың организмі қабылдамады, оны да тоқтатып тастады.Қазіргі жағдайда эндокринолог дәрігердін қарамағындамыз, Эутирокс қабылдап жатырмыз 2009 жылдан бастап баланың өтінде тас бар, әлі күнге дейін Урсосан қабылдап келеміз.Бірақ қанша ем алсақ та нәтиже жоқ керісінше балам анемия 1 ст болып отыр.
Баламның осындай ауруларының барын біле тұра қалалық МСЭК неліктен онкогематолог баламды мүгедектіктен алып тастап отыр.Бұл менің ғана басымдағы жағдай емес, осындай онкологиялық дертпен қаншама бала бар барлығында мүгедектіктен алып жатыр.Себебін сұрасақ жүре келе жазылады деп шығарып салады.Балалар қаншама ауруды жұқтырды, кезінде қан құйылды, Жылдар бойы химия терапия алды, көп дәрі ішті соның әсері екені белгілі емес пе? Осы дұрыс па? Анығын түсіндірсеңіздер екен? Осындай диагнозбен ауыратын балалар мүгедектікке жата ма жоқ па соның себебін білгім келеді.Қайтадан комисиялық тексеруден МСЭК тан өтуге бола ма?



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: