» » Министерство здравоохранения РК - Халатное работа мед.персонала

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Халатное работа мед.персонала

Біз Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылының тұрғынымыз.Қызымыз Қадырбергенова Лаура жасы 17 де, 9 ақпан күні қатты ауырып түнгі 2.00 де жедел жәрдем шақырттық. Қызды ауруханаға алып кетті. Ертеңіне участковый врач қарап сағат 10 да үйге шығарып жіберді. Ешкандай емшара қолданбады. Бір күн үйге қонып 11 ақпан күні тағы қаралуға барғанда жағдайы нашарлап жедел жәрдем бөліміне салап тастады емшара қолданып тағын сонда қонып шықты. 12 ақпан үйге қайтадан шығарып жіберді. 13 ақпан ауруханаға врачқа қаралуға барып кезек күтіп тұрғанда қызымыз есінен танажаздап коридорда құлаған. Медбике шығып кезек күтіп тұрған ауру адам екеуі ішке кіргізген. Врач жұмыс уақытында орнында болмай 30 минуттан кейін келген. Себебі аудандық аурухананы тексеруге облыстан комиссия келмекші екен соған қағаздар жазумен жүрген. Сол күні тағы жедел жәрдем бөліміне салып тастады. Бір аптаның ішінде күнара 3 рет жедел жәрдемге салған дәрігерлер өзінің кәсіптік міндеттеріне адал қарамағандықтан қызымыздың денсаулығы қатты нашарлап, біздің айқайымызбен 13 ақпан күні ауруханаға салды. Бірақ ауру асқынып температурасы 40 кейде 41 дейін көтеріліп сол күні кешкі 19.00 ден бастаған қызуы түнгі 1.00 де әрең басылды. Бірақ 14 ақпан демалыс күні қайта қайта қызу көтеріле бергесін жедел жардеммен облыстық ауруханаға әкеліп салды. Аудандық ауруханадағы врачтар диагнозды менингит деп қойған, бірақ сол диагноз туралы және қызымыздың ауыр халдегі жағдайын, қатты қызу көтерілгенін әрбір дәрігер ата анаға ескертуге міндетті емес пе біз ешбір хабарсыз болдық. Тіпті ең сорақысы бізге айтпастан облыстық ауруханаға алып кетейін деп жатқан жерінен қызымыз бізге жылап звандап, өзіміз барып анасы қызбен бірге қалаға келдім. Сонда қазіргі кезде адамның денсаулығынан қағаз артық па? Ауру адам кімнен жәрдем күтеді?.. Біздің жәрдем күткен адамдарымыз мынадай дөрекі, жұмыстарына салғырт қараудың нәтижесінде қызым Лаура зардап шекті. Облыстық жұқпалы ауруханада функция жасап, қазіргі күні ауруханада жатыр. Диагнозы қатты асқынған грипп. Уақытында аудандық аурухана дәрігерлері дұрыс көмек көрсетіп, ем қабылдаса бұндай болмас еді. Қызымыздың денсаулығы бұрыннан аурушаң, дәрігердің тұрақты тіркеуінде. Ангинасы бар, бранхит, қанда темір жетіспеушілік, контактни бала. Сондай бірнеше ауру бойынша тіркеуде тұрған емделушіні дұрыс қарамаудың кесірінен қызымыды қорғылып қойды. 15 ақпаннан бері облыстық ауруханада төсек тартып жатыр, қасында күтуші отырмыз. Облыстық ауруханадағы дәрігерлерден бастап медбикелер, кіші қызметкерлер барлығы өте жақсы деңгейде қарауда. Бірақта осындай халге дейін жеткізіп, біздің құқығымызды қорлаған Тасқала аудандық емхана басшысынан бастап, жоғары білімді дәрігерлер өз кәсіптік міндеттерін адал қарамай отыр. Алдына барған емделушінің денсаулығына қарамайды, қағаздан бас алмайды. Тіпті емделушінің бет жүзіне де назар аудармайды. Сізден өтінеріміз тиісті шара қолданып, жауапқа тартыңыз. Бұған кім кінәлі?.. Біздің жан айқайымызды кім тыңдайды? Бұндай оқиға бірінші рет емес екінші рет осымен ... Ата-ана Қадырбергенов Қуанышқали, Қаленова Бақыт



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: