» » Министерство здравоохранения РК - Денсаулык

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Денсаулык

Сәлеметсіз бе?
Құрметті денсаулық саласының басшысы!
Мен – анамын. Екі ұл, бір қызым бар. Алдыңғы екі ұлымды өзім босандым. Соңғысында аяқ астынан кесар тілігі операциясын жасады.
Өзім көп балалы отбасынан шыққанмын. Анам да, енем де алтын алқа иегерлері. Көп балалы болуды армандаушы едім. Бірақ өкінішке орай ондай бақыт маған бұйырмайтын сияқты. Бұл бақыттан мені айырған Алматы қалалық №4 перзентханасы.
Екі ұлымда да толғақ болмағандықтан, жасанды толғақпен босанғанмын. Соңғысында да сол жағдайымды айтқанда әлсіз толғақ кезінде ешкім тыңдаған жоқ, ешқандай әрекет жасалған жоқ. Сол перзентханада бір әрекет (толғақ уколы не свечасы) жасалғанда мүмкін өзім босанар едім. Ешқандай әрекет жасалған жоқ. Соған мен керемет өкінем. Мал кескендей етіп, адам кескен оларға үйреншікті әдет пе екен?
Перзентханадан үйге шыққан соң төрт күннен кейін операцияның тігілген жерінде қанды ісік пайда болып, аяқ баса алмаған соң, тағы перзентханаға бардым. Ол ісік жерді тесіп, қан шығарды, үш күн және бардым. Сол кезде әлі кіші дәреттің толық шықпайтынын айтқанымда шамалыдан соң бәрі қалпына келетінін айтты.
Айтайын дегенім, сол операциядан кейін менің кіші дәретке шығуым үлкен мәселеге айналды. Кіші дәрет толығымен шықпайды, қалған бөлігін күшпен шығарамын. Соңғы кезде ол да шықпайтын болды. Күшене бергеннен қуығым ауыратынды шығарды. Бұл шағымыммен жергілікті жердегі емханаға бардым. Гинекологқа қаралсам, терапевтке жібереді. Трапевт уролог маманға жібереді. Ол узиге түсу керектігін айтты. Узи аппаратына түсіп қағазын апардым. Жасалған узи қорытындысында қалдық кіші дәрет көлемі көрсетіліп тұрды.
Кесар тілігінің зардабын әлі күнге дейін тартып келемін. Қызым жеті айдан асты. Осы уақытқа дейін жергілікті және жекеменшік емханаларға да барып ем қабылдадым. Ешқандай әсері болмай тұр.
Аяқ астынан жасалған операция кезінде қуығыма бір зақым келді ме екен? Әлде катетр қойғанда инфекция түсті ме екен? Осы жағдайларды нақты анықтап, денсаулығымды қалпына келтіргім келеді.
Еш жерім ауырмайды, бірақ кіші дәрет қысып тұратыны маған психологиялық түрде де әсерін тигізіп жатыр. Кіші дәрет шығарғанда, басқа уақытта да ашымайды, қышымайды, ауырмайды.
Укол, таблетка, свеча, система бәрін де алдым, бәрін де салдым. Бірақ ем қабылдағаныммен ешқандай әсер етпейді, еш нәтижесі жоқ.
Жергілікті және жекеменшік емханаға барып сандалғанымнан нәтиже шықпаған соң Алматы қалалық денсаулық басқармасындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің жетекшісі Багдагул Ысқаққызының алдына үлкен үмітпен бардым. Ол үмітім де күлге айналды. Ол кісіге жергілікті емханаға шағым айтып барғам, жоқ, керісінше одан да жоғары мекемелерге жіберуді сұрап бардым. Б.Ысқаққызының жауабы: жергілікті емханаңа бар, саған жолдама береді, емделесің, бәрі жақсы болады. Мені құрғақ уәдемен кішкене баланы алдағандай етіп шығарып салды. Қолынан іс келмесе, мені бос сөзбен алдаудың да құрғақ уәденің де керегі жоқ. Нақты бір әрекет керек.
Шүкір, осы уақытқа дейін денсаулығым сыр бермеген. Сол кесар тілігі маған кесір болып жабысты. Бұл аурудан қалай құтылам? Қалдық кіші дәрет бойымда жиналып қала берсе соңы қайғымен аяқталатынын сезем. Не істеймін? Қайда барам? Кімге барам? Кімге айтам мұңымды?

Торыбаева Гульжахан Ауесханқызы
Электронды мекен жайым torbaeva@mail.ru
87025224405
87471365523



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: