Жалоба / отзыв
Өтініш!!!

Құрметті президент мырза Нұрсұлтан Әбiшұлы.
Мен, Кульмурат Махсат Абдиманапұлы, 1986 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек елді-мекенінде туылғанмын. 2011 ж. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің емдеу факультеттін хирург дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, СҚО, Айыртау Аудандық Орталық Ауруханасына бас дәрігер Молдахметов Саят Ғазизұлымен жасаған шарт бойынша «Дипломмен ауылға бағдарламасы» аясында жұмыс жасауға барған едім. Бір ай көлемінде хирург дәрігер қызметін атқарып, дәрігер анестезиолог-реаниматолог мамандығына 2011 жылдың бесінші қыркүйегі мен 2012 жылдың сәуір айы аралығында жеті ай оқып, Айыртау Аудандық Орталық Ауруханасында екі жыл төрт ай үздіксіз халыққа қызмет көрсеттім. Осы екі жыл төрт айдың ішінде мені 4 айға трансфузиология мамандығын жоғарылату бойынша оқу оқытты (дистанционный). Бірақ қазір 2014 жылдың шілде айынан бастап Ақмола Облыстық Перинаталдық Орталығына анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмысқа орналастым, халыққа қызмет етудемін. Мамандығым бойынша ешқандай кемшілік, шағымдар болған жоқ. Ол жақтан кету себебім бас дәрігердің тұрақты жұмыс істетпей, көрсеткен қыспағынан шыдамым таусылды және ауруханадағы жабдықтар осы заманға сай келмеуі, жалақының тұрақсыздығы төмен мөлшерлігі әсер етті. Мұнда Ақмола Облыстық Перинаталдық Орталығына маман анестезиолог-реаниматологтың өте тапшылығына байланысты жұмысқа шақырылып, жұмысымды атқарудамын. Енді осы жағдайға байланысты бас дәрігер Молдахметов С.Ғ. мені сотқа берген еді, сотшешімі шығып маған бір миллион теңге төлеуді арттырып отыр, менің миллион теңге төлейтін мүмкіндігім жоқ. Мен сол бір медицина саласында жұмыс жасаудамын, мен өзімнің тұған жерім Қазақстанда өз қызметімді атқарудамын, халыққа қызмет көрсетуден бас тартқан емеспін, барлық экстремальді жағдайға дайынмын, оған білімім жеткілікті, практикалық тәжірибемді жоғары деңгейде атқара аламын және басқа шет мемлекетке қашып кеткенім жоқ және де мен үйдің үлкенімін, екі ініммен, екі қарындасымның оқуына көмектесудемін, олар ақылы түрде оқуда, жанұямды құрып үлгергенім жоқпын, әкем мен шешем жұмыссыз, әкем ауған соғысының ардагері, шешем зейнеткер. Жас маман біздер ешкімнің қолдауынсыз қала береміз бе? Маған дейін бірнеше дәрігерлер келісім шарт бойынша келіп жұмыс жасаған, бас дәрігер ол кісілерді сотқа бермекті гөрі ақшаларын қайтаруды талап та етпеген. Соңғы үш жыл көлемінде әр түрлі 20 мамандық дәрігерлер жұмыстан басқа мекемеге ауысып кетті. Бас дәрігер Молдахметов С.Ғ. шарт жасап жұмысқа келген мамандарға қолдау көрсетпегендіктен олар өз қызметінен кетуде. Кету себебі шарттағы міндеттерінің орындалмауы.
Осы жағдайымды оқып түсініп, жас мамандарға қолдау көрсетуіңізді және мәселені толық шешіп беруіңізді жедел түрде өтінемін.


Страна: Казахстан   Область: Весь Казахстан   Город: Кокшетау

Категория: Здоровье и медицина / Больницы

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: