» » » Министерство здравоохранения РК - Клиника "Доктор МАТАЕВ" - Заявления

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
Клиника "Доктор МАТАЕВ" - Заявления

Денсаулық сақтау және алеуметтік
даму министрі Т.Дуйсеноваға
Қызылорда қаласы.Сыздықов көшесі
№56 үй тұрғыны Берденова Жанардан


Арыз

Менің келінім 1995 ж 20 қыркүйекте туылған Кенжалі Шынар Кенжаліқызы жүктіліктің 31 аптасында Қызылорда қаласы Шүкіров көшесі №103 үйде орналасқан жеке «Матаев» клиникасында гайморит диагнозы бойынша 20 қыркүйекте сагат 10-00 ем-дом алуга жатқызылып, 21 қыркүйек күні бір таулікке жетпей белгісіз себептерден қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін келінімнің әкесінің өтініші бойынша мәйіттіке сараптама жасатпаған. Дарігер Матаев өзінің жеке автокөлігімен мәйтті үйге алып келген.
Атап айтканда: 2016 ж 17 қыркүйегінде гайморит мазасын алғасын жеке «Достар мед» клиникасында жудырып келді. 19 қырқүйек күні рентген сараптамасы жасатылды онда мұрынының сол жағында ірің бар делінген. Мазасы кетіп тұрғасын кешкі 21-30 шамасында Матаев жеке клиникасына барып кукушка жасаттық, осы клиникада мұрынды теспей тазалайтын «Ямик» аппараты барын айтты. Үйге келгесін масасызданғасын жедел жәрдем шақырып «Ана мен бала» орталығына барып ол жақтан қабылдамай «жұқпалы аурулар ауруханасына» сол жедел жәрдеммен қайта жіберді. Ауруханада біздің еш қатысымыз жоқ науқасты «ана мен бала» орталығы қабылдау керек деп өз пікірлерін айтты. Кезекші дәрігер «ана мен бала» орталығына звондап хабарласа алмады. Сол жедел жәрдеммен 3-4 сағат екі ортада жүрдік. Өзі қатты ауырып отырған келінім дәрігерлердің әрі-бері әбігерінен шаршағандықтан, келінімнің өтініші бойынша қол хат жазып үйге қайтып кеттік. Осы «жұқпалы аурулар ауруханасында» да сараптама жасатып кеттік.
Негізінде келінім №2 қалалық емханада жүктілікке байланысты тіркеуде. Кезектегі 15 қырқүйектегі тапсырылған анализ қорытындылары бойынша ешқандай асқыну белгілері көрсетілмеген болатын. Матаев клиникасында 20 қырқүйек күні кешке барғанда кешке қарай кезекші дәрігер болмайтынын айтып ертен азанда келіңіздер деді. Мен осы күні жұмыс барысы мен жол сапарына шығатын болғасын, жеңгесіне қаражатты беріп келінімді клиникаға апаруын өтіндім. 20 қырқүйек күні азанғы 10.00 шамасында Матаев клиникасына ем алуға барғанда, келініме жатып емделу керек күніне 5000 теңгеден төлейсіздер деп жатқызған. Екі мезгіл Матаев дәрігердің өзі мүрнын аппаратпен тазалап емдер жасалып жатыр деді мен хабарласқанда. Қасында кешке келінімнің жеңгесі қалған, азанғы 6-30 да бізге қайтыс болғанын хабарлады. Қызым барып бұл қалай болды деп жылап отырған медбикеден сұрағанда, «түнгі сағат 4.00 шамасында укол салдым, содан кейін ұйықтап алайын деп жатқаннан кейін тұрмай қалды»- деген. Ал, дәрігер Матаев маған таңғы сағат 5-30 қайтыс болды деп отыр. Келінімнің ата-анасы сағат 6-30 да деп хабар берді. Алматы қаласына келісімен естідімде қайтадан ұшаққа билет алып, қайтып келдім. Келгенімде дәрігер Матаев, келінімнің мәйітін еш сараптамасыз ата-анасының өтініші бойынша үйге әкелгенін білдім. Мендегі рентген қағазында сол жақ мұрынында ірің бар деген, ал дәрігер Матаев маған басқа диагноз қойып минингит, неуточненный хранический гайморит деп берді. Ол анықтаманы да 3 рет берді, бір барғанымда анықтамада тіпті диагноз жазбай берді мен бермеймін өз поликлиникасы береді деді. Ол бергені жарамсыз болып «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» хатпен анықтамасы дұрыс берілмеген деп қайтарылды, екінші берген анықтамасында қайтыс болған күндерін, адресін дұрыс жазбай берді, үшінші барғанда жүкті екені көрсетілмей берілді. Келінімнің қай сағатта қайтыс болғаны белгісіз. Үш адам үш түрлі уақытты айтып отыр. Салынған уколдың қандай препарат екені де белгісіз. Медбикенің айтуы бойынша ауруын басатын тыныштандыратын дәрінің салынғанын айтты, бірақ қандай дәрі салынғаны белгісіз. Мені жан-жақты ойлар мазалайды. Өз аяғымен барған науқасты өте ауыр жағдайда келді дейді. Жеке клиника өте ауыр жағдайда келген науқасты неге қабылдайды. Мен бір күн бұрын барып аты-жөнін тіркеп, қаражатын төлеп кеткенімде, медбикелердің маған айтқаны түнде бізде кезекші дәрігер болмайды деген. Енді ауыр науқасты алып қалғасын неге түнге кезекші дәрігер қалмаған. Не себепті өте ауыр науқас жатқанда клиникада дәрігер болмайды? Дәрігер қасында болса дер кезінде көмек көрсетіліп, ана мен бала орталығына неге жеткізілмеді. Ауыр күйде жатқан науқастың (өздерінің айтуы бойынша) қай кезде қайтыс болғанын білмейді. Менің келінім өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқанда ешбір адам қасында болмаған. Клиника дәрігерінің соншалықты жауапсыздығына кім жауап береді? Келінімнің ішіндегі бейкүнә нәрестенің өліміне кім жауап береді???
Мені іздеп келген 31 телеарна тілшілеріне берген сұқпатымды, белгісіз жағдайлармен үнсіз қалдырды. Ол кісілер мені іздеп келіп, сұхпат беруге көндіріп, сұхпат алып не себепті үнсіз қалды??? Осы үнсіздікке кім ықпал етті екен??? Адам өмірі осыншама ойыншық болғаныма, үнсіз қалып еш шара қолданбай, түкте болмағандай.
Келінімнің қиналып жатқанын дәрігер дер кезінде көрген болса, титтей де жүрегінде адамға деген аяныш болса, дер кезінде жан-жақтан білікті мамандарды шақырып көмек көрсетпеді ме?
Ішіндегі бейкүнә сәбиді ең болмаса сақтап қалуға әрекет неге жасамады? Екі адамның өмірін құртып жауапсыз дәрігер Матаев мырза «бұған менің не қатысым бар»? - деп әлі талтаңдап жүр. Менингит деген диагназы рас болса, не себепті менің үйіме дезинфекция жасалмады. Неге клиника сол кездері уақытша да жабылмай, жұмыстарын жалғастыра берді. Осыған жауап алғым келеді. Ендігі жерде менің келінім сияқты жаны қиналып келген науқастарды, дәрігерлер дұрыс жауапты қарайтындай тәртіп орнатып, тексеруін сұраймын.



Арыз иесі: Берденова Ж.А.
Жалоба-отзыв: Министерство здравоохранения РК - Клиника "Доктор МАТАЕВ"  - Заявления.  Фото №1  Жалоба-отзыв: Министерство здравоохранения РК - Клиника "Доктор МАТАЕВ"  - Заявления.  Фото №2  Жалоба-отзыв: Министерство здравоохранения РК - Клиника "Доктор МАТАЕВ"  - Заявления.  Фото №3  Жалоба-отзыв: Министерство здравоохранения РК - Клиника "Доктор МАТАЕВ"  - Заявления.  Фото №4 



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: