» » » На медицинскую услугу

Жалоба / отзыв
На медицинскую услугу

Мен Бухарбаева Гульмайра Серикбаевна әкемнің денсаулығына қатысты, яғни тұрғылықты мекен-жайындағы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінің дәрігерлік амбулаториясының дәрігерлерінің жұмысына және әрекетіне шағымданамын.
Әкем Бухарбаев Серікбай -02.02.1954жылы туылған . Қызылорда облысы, Торетам кентінің тұрғыны.
Жұмыс орны: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, ФГУП «ГКНПЦ им.Хруничева М.В.» ресейге қарасты мекемеде жумыс жасайды.
2014жылдың шілде айынан бастап ұйқы безінің қатерлі ісігі, 4 дәрежесі ауруына шалдықты.
Алғаш Байқоңыр қаласында жұмыс орнының емханасында жұмысқа жарамсыз парағында болды, тексерілу барысында Қызылорда қаласында «Ұйқы безінің қатерлі ісігі» диагнозы анықталып, Алматы қаласының ауруханасына өз қаражатына ота жасатып, аталмыш диагнозы дәлелденді. Алматыдан келгеннен бастап, яғни 2014жылдың қыркүйек айынан бастап Байқоңыр емханасы мұндай диагнозбен тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеуге алынасыздар деп әкемді Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінің дәрігерлік амбулаториясына және Қармақшы аудандық емханасына тіркеуге аударды. Дегенмен де тұрғылықты мекен – жайы бойынша дәрігерлер әкемді уақытылы мүгедектік тобына шығармаған және еңбекке жарамсыздық парағы да дұрыс толтырылмаған, бұл сұрақ бойынша, яғни әкемнің мүгедектікке шығарылуы туралы Төретам кентінің емханасындағы дәрігерлер де, Қармақшы аудандық емхана дәрігерлері де әкем Байқоңыр қаласындағы, яғни Ресей Федерациясына қарасты мекемеде жұмыс жасайтындықтан мүгедектік тобына шығарудан бас тартып отыр. Олардың айтуынша Ресей Федерациясына қарасты мекеме жұмысшыларын Байқоңыр қалалық емханасының дәрігерлері шығару керек, ал Байқоңыр қалалық емханасының дәрігерлері біз шығара алмаймыз, себебі еңбекке жарамысыз парағына Төретам кентінің дәрігерлері дұрыс шығармаған, яғни 120 күннің ішінде белгіленген мерзімде науқастың құжаттары (тұрғылықты мекен-жайындағы амбулаторлық карта, жұмыс орнындағы емханасында ашылған амбулаторлық карта, ауруханадан шығу эпикризі, т.б бірқатар құжаттарды) тапсырылмағандығы туралы айтты.
Бірнеше күн бойы осы мәселе бойынша әр мекеменің есігін күзетумен уақыт өтіп жатыр, алайда бұл сұрақтың шешімін бірде бір емдік мекеме анықтап айтпай отыр. Әкем болса өте ауыр халде жатыр, ең болмаса ақысыз беріп жатқан дәрі-дәрмегі жоқ. Инфезол дәрісін ақысыз берілетіндігін ескертпегендіктен оз қаражатымызға сатып алдық.
Жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты әкемнің мүгедектік тобына уақытылы шығарылмағандықтан жауапты маман тиісті жазасын алып, мүгедектік топқа қай мекеме шығару керектігі және жұмыс орны бойынша еңбекке жарамсыздық ақысын төлеу туралы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын.


Страна: Казахстан   Область: Байконур
Телефон: 87014945900

Категория: Здоровье и медицина / Клиники

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: