» » » Ответьте на мой вопросы

Жалоба / отзыв
Ответьте на мой вопросы

Арыз

Мен Жетесова Мейрамгуль Жаксығалиқызы 1977 жылы 07 қарашада Ақтөбе қаласында туылған Қазақстан Республикасының азаматымын.
Тұрғылықты мекен жайым: Ақтөбе қаласы, К.Нокин ауылы Мир көшесі 13 үй 2 пәтер. Тел.7132 994563
Мен Қазақстан Республикасы Ақтөбе қаласы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облыстық балалар сүйек-өкпе түберкүлезінің «Шағала» санаториясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 1994 жылдан бері тазалықшы болып жұмыс жасаймын. Аталған мекемедегі еңбек өтілім 20 жыл. 2006 жылы осы мекемеде жұмыс жасап жүріп «кәсіби ауруға» шалдығып, 2007 жылы толық жазылып шығып, облыстық түберкүлез диспансерінен есептен шығарылдым. Жазылып шыққан соң аталған мекемеде жұмысымды жалғастырудамын. 2014 жылы наурыз айында мекеменің бас дәрігері А. Имамбаев жиналыс жасап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №627 қаулысында сай («О внесений изменении и дополнении Постановлении Правительство РК от 12.01.2012года») бұрын түберкүлез ауруымен ауырғандар аталған мекемеде жұмыс жасауға болмайтынын және өз еркімізбен жұмыстан кетуімді талап етті. Аталған қаулыда бұрын түберкүлез ауруымен ауырған адамдар бала бақшаларда, әйелдер босанатын мекемелерде, балалар үйінде, сонымен қатар санаторияларда жұмыс жасауға құқылары жоқ екендігі айтылған, алайда сүйек-өкпе түберкүлезі санаториясы бұл қаулыда көрсетілмеген. (яғни санаторияның өзі осы науқаспен ауыратын балаларды емдейтіндігі ескерілмеген)
«55-1. По заключению ЦВКК не допускаются к работе лица, переболевшие туберкулёзом: в родильные дома (отделения), детские больницы (отделения), отделения патологии новорожденных и недоношенных; в дошкольные организации (детские ясли – сады, дома ребёнка, детские дома, детские санатории) и младшие классы школьных организаций; - яғни бұл қаулыда сүйек-өкпе түберкүлезі санаториясы аталып көрсетілмеген
Мен «кәсіби ауруға» осы мекемеде жұмыс жасап жүріп шалдықтым және толық жазылып шығып осы мекемеде жұмысымды жалғастырудамын. Өзім 20 жылдан астам еңбек еткен мекеме мені керек етпегенде, өзге мекемелер мені есігінен де қаратпайтындығын ескерген адам баласы болмады, Мен көп балалы анамын, жолдасым 2 топтағы мүгедек. Өзге жерлерге жұмысқа тұруға менің мүмкіндігім жоқ. Сонда мен денім сау кезінде денсаулық сақтау саласына керекпін де, сырқаттанып жазылып шыққан соң мені керек етпегені ме? Сүйек -өкпе түберкүлезі санаториясының поликлиникасы не кір жуатын бөліміне, яғни баламен қарым-қатынаста болмайтын бөлімдерге ауыстыруын сұрадым, басшылық оған да келіспеді.
Мекеме басшысы жұмыстан өз еркіммен кетуімді, болмаса аталған қаулы негізінде жұмыстан босататынын ескертті. Сізден сұрарым, мекеме басшысының әрекеті заңға сиымды ма, аталған қаулы сүйек-өкпе түберкүлезі санаториясында жұмыс істейтін азаматтарға да қатысты ма?
Менің арызымды қарап, тиісті мерзімде жазбаша түрде жауабын беруіңізді сұраймын.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: