Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылының перзентханасында 2010 жылы босанған болатынмын, құдайға шүкір аман есен босандым білікті мамандар арқасында, бірақта босандырып болғаннан кейінгі сөздері маған енең ба күйеуің ба жолықсын дейді алдын ала қол ақысын берсең сені қайта қайта келіп тексереді, бермесең саған уақыт бар деп қарамайды да бұл тек бұл перзентханада болып жатқан жағдай емес. 2013 желтоқсан айында абысыным босанды 15 мың теңгемен кіріп 4000 теңге артылды дейді, кеше 3 маусым күні келінім босанды 10000 нан 2000 артылды. менде жақында босанамын сонда ақша апармасам маған ешкім қарамайды деген түсінік халықта да адамда да қалыптасып кеткен. бізде осы пара деген жойылама жоқ па, ана мен баланы қорғау деген бағдарламада бар ол не үшін құрылды ана мен баланың құқығы қорғалмаса? Алдын ала рахмет. Қолға алады деп сенемін тағы айта кететін жағдай бұл тек біздің аудан емес барлық перзентхананың жағдайы және ауруханада да сол, емханаң да сол танысың болса жұмысың кезексіз ақ бітеді, танысың жоқ болса айқаймен зорға кіресің әйтпесе сол отырған жерде отыра бересің шаршатты бұл талон деген нәрседе, бір дәрігерге кіру үшін ауырып, 1 апта алдын жазыласың оған дейін тірі болсаң кіресің
1 комментарий