Жалобы и отзывы » Авто и транспорт » Жалоба / отзыв: Общественный транспорт - Один автобус на 12 577 человек | #18712

Жалоба / отзыв
Общественный транспорт
Один автобус на 12 577 человек

Сәлеметсіздер ма, мен Тұздыбастау (Калинино) ауылының тұрғынымын. Кожабергенова Нелля Бекеновна. Мен автобус туралы айтып, сұрайын деп отырмын. Тұздыбастау (Калинино) ауылы Алматы қаласына жақын орналасқан үлкен ауылдың бірі, официально 12 577 адам тұрады, неофициально қанша адам тұратынын білмеймин. Сондай үлкен ауылға бір ғана №54-ші автобус жүреді. Таңертең және кешке автобустағы адамның санын айта алмаймын. Мен кешегі жағдайды айтайын деп отырмын/22.11.2022/ Аялдамада 50 минут тостық, келді, әрең дегенде сыйдық. Бір үлкен әйел адам жүргізушіге неге жиі жүрмейсіңдер деп сөйлеп еді, жүргізуші ол кісіге дөрекі сөйлеп тастады. (сен маған неге айтасың айтқыш болсаң бастықтарға айт, т.б. дөрекі сөдер айтылды. Ол кісі жүргізушіден үлкен, сіз деген сөз жоқ). Жақында №100-ші автобус Бесағаш ауылына дейін жүргізілді. Сол маршрутты Тұздыбастау (Калинино) ауылына дейін созуға болмай ма? Тұздыбастау (Калинино) ауылына тағы бір маршрут жіберуге неге болмайды? Таңертең және кешкі уақытта автобус неге нашар жүреді? Неге халық аялдамада сарылып сағаттап тосып тұру керек? Омы сұрақтарға жауап алсам деп едім. Сіздер ғана осы проблеманы шеше аласыздар. Алдын ала рахмет

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс