Жалобы и отзывы » Авто и транспорт » КТЖ » Жалоба / отзыв: КТЖ - Ужасное тальго | #19390

Жалоба / отзыв
КТЖ
Ужасное тальго

Қайырлы күн Қазақстан темір жолының басшысы! Мен, Нұрмағамбет Ақтөре Ержанұлы 13-15.02.2023 ж аралығында Алматы Атырау бағытындағы 41 нөмірлі тальго пойызымен жолаушы болдым. Пойызға мінер алдында отбасыма арнайы Люкс билетін алып сіздердің пойыздарыңызды мақтап, 90 мың теңгеге алдым. Мақтауымның бәрі бекер болды. Отбасым алдында мені ұятқа қалдырдыңыздар. Өте өкінішті! Себебі, 1. Пештің автоматты түрде әр купенің регулировканың болмауы. Түнде пешті максималды түрде ыстық жағын қосып, өкпемнің дем алуы қиындады немесе өшірсе тез суып кетеді 2. Душ кабинасында шлангіден су тамшылап, еденнің барлығы суланып тұрды. 3. Вай фай желісінің жетпеуі. Бір жақсылап тұрып кино қарайын деп едім, ол да болмады 4. Тоңазытқыштың болмауы. Жейтін тамақтарымыз бұзылып кетті.
Осы проблемалардың кесірінен дұрыс ұйытамадым да демалмадым да. Сіздерден, жоғарыда жазылған кемшіліктеріңіз үшін, билеттің құнына сәйкес келмеген үшін, отбасымның алдында мені ұятқа қалдырғаныңыз үшін, сатып алынған билеттің 50% қайтаруыңызды сұраймын. Мен алған 90 мын теңгеге мына Люкс Гранд (өтірік атауының) маңынада жоламайды. Бір ескі плацкартпен жүргендей болдым. Сіздерге ескерту! Қазақстан темір жолының басшысы немесе әкімшілігі тез арада маған жауап жазбаған жағдайда, тереңірек қазып жауапкершілікке басқаша тартатын боламын. Өйткені, бізден де басқа жолаушылар мен мінген вагонға мінеді. Олар бұндай келеңсіз жағдайға ұшырамасын деп тілеймін. Сіздерден сұраған сатып алынған билет құнының 50% міндетті түрде қайтаруыңызды сұраймын! Егер сенбесеңіз 41Т пойызы 8 вагон, 4 ші купеге 7,8 орынға барып тексеріңіз 1-2 күн ішінде. Бұл өте ұят нәрсе. Жазған жауабыңызды және тікелей маған шығуыңызды күтемін. Күніңіз сәтті өтсін!

Дата публикации:

Обидчик: АО НК КТЖ

Страна: Казахстан   Область: Атырауская область   Город: Атырау

Категория: Авто и транспорт / КТЖ

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс