Жалобы и отзывы » Безопасность » Жалоба / отзыв: Халық банк (отзыв) - Благодарность работникам отдела безапосности Халық Банк | #14155

Жалоба / отзыв
Халық банк (отзыв)
Благодарность работникам отдела безапосности Халық Банк

Сәлеметсіздер ме? Мен шағым емес, алғысымды білдіргім келеді. 2017 жылдың 29 желтоқсан айында Астана қаласының Дәулет сауда орталығында орналасқан Казком банкоматы арқылы Халық банкінің карточкасындағы 79000 теңге ақшамды жиеніме алғыздым, жиенім ақшаны сұратқанмен ақшаны күтпей ақша бермеді деп кетіп қалған, бұл жаңа жылдың алдындағы қарбалас кез болғандықтан, Халық банкке 4 қаңтар күні барып, ақшамды қарауын өтініп, арыз жаздым. Бірақ Халық банк қызметкерлерінен ақша алынғандығы, 79000 теңгенің банкоматтан берілгендігі, ақшаны қайтару мүмкін еместігі жөнінде хат алдым. Сонымен ол ақшадан үмітімізді үзіп, бас аман болсын деп отыр едік. 2018 жылдың 6 ақпаны күні Халық банкінің қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерінен күтпеген жауап алдым. Олар Банк маған жауап хат жібергеніне қарамастан, істі әрі қарай қарап, бейнебақылауды тексеріп, қырағылық танытыпты. Сөйтсек, 79000 ақшамды басқа кісі алып кеткен болып шықты. Арызым бойынша Астана қаласының қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерінің арқасында алып кеткен кісіні көлігі арқылы анықтап, шара жүргізіп, ақшамды қайтарып берді. Осындай үлкен жұмысты тындырған Халық банкінің қауіпсіздік бөлімі қызметкерлері Асанов Серік Төлешұлына, Сүлейменов Біржан Өсерұлына және Құрсабаев Алдияр Мұхамедрахимұлына алғысымды білдіре отырып, отбасыларына бақыт, еңбектеріне табыс тілеймін..Еңбектеріңіз жана берсін. Сіздерге үлкен құрметпен Аймұқанова Мирамкүл Бақытжанқызы. 07.02.2018 жыл

Дата публикации:

Обидчик: Халық банк (отзыв)

Страна: Казахстан

Категория: Безопасность

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс