Жалобы и отзывы » Бизнес и финансы » Жалоба / отзыв: АО Kaspi Bank - Банк қызметкерлерінің клиенттерге немқұрайлылығы | #14023

Жалоба / отзыв
АО "Kaspi Bank"
Банк қызметкерлерінің клиенттерге немқұрайлылығы

Құрметті Михаил Ламтадзе мырза! Мен Ханапин Ерадил Мұратұлы каспи банктің клиенті ретінде бір жағдайды назарыңызға жеткізгім келеді.
2017 жылдың 22 қарашасында, сағат 12:40 шамасында Қызылорда қаласындағы «Жайна» СО-да орналасқан форте банк банкоматынан өзімнің каспи голд картам арқылы ақша алғым келген. Алайда, картамды форте банк банкоматына салғанымда банкомат істен шығып 5-6 минуттай жұмыс істемей тұрды. Сосын картамды банкоматтағы отмена кнопкасын басып қайтып алдым. Сол уақытта ешқандай пин-код терместен ұялы телефоныма шотымнан 5000 (бес мың) теңге шешілді деп смс келді. Шотымды каспи.кз сайтынан тексеріп қарағанымда 5000 (бес мың) теңге қаражатым шешілгенін көрдім.
Бұл мәселе бойынша, сол күні Қызылорда қаласындағы каспи бөлімшесіне аталған мәселенің мән-жайын жазып қаражатымның қайтарылуына ықпал ету жөнінде өтініш жазып кеткенмін. (өтінішімнің қабылданған күні мен нөмірі: 22.11.2017ж. № 3/1242).
Алайда, өтінішіме осы уақытқа дейін Сіз басқарып отырған банктен ешқандай қағаз түрінде нақты дәлелдерімен жауап ұсынылмады.
Жазған өтінішімнің орындалу барысын тексеріп 9999 нөміріне хабарласып сөйлескенімде қаражатыңыз 27 қарашада қайтарылды деді, біресе сол 22 қараша күні шотыңызға қайтарылды деді, біресе, қаражатыңызды жұмсап жіберген шығарсыз дегенде жауаптар естідім. Сөйтіп Сіз басқарып отырған банк қызметкерлерінен түсініксіз және жала жауаптардан басқа ешқандай жауап ала-алмадым. 9999 номері арқылы сөйлескен жазбаларды тындап тексеріп көруіңізгеде болады. Менің қоңырау шалған номерім 87054033888.
Банк қызметкерлеріңіздің маған қаражаттың шешілуі форте банкоматынан болған соң форте банкіне хабарласуды сұрады.
Соған байланысты, жоғарыда аталған мәселе бойынша Қызылорда қаласында орналасқан форте банк филиалына өтінішімді жазған болатынмын. Жазған өтінішіме форте банк филиалының директоры банктің ішкі талаптарына сәйкес аталған мәселе бойынша каспи банк бөлімшесіне хабарласуды сұрады.
Бұл жазған шағымым арқылы мен Сізден қаражатымның қайтарылуын сұрап отырғаным жоқ. Жағдайым 5000 (бес мың) теңгеге қарап қалған жоқ. Менің бұл шағымым арқылы Сіз басқарып отырған банк қызметкерлерінің банк клиенттеріне өтірік екі сөйлеп жалған жауап бергендеріне және өтініштерге немқұрайлы қарайтындарын назарыңызға жеткізгім келіп отыр.

Дата публикации:

Обидчик: Kaspi Bank

Страна: Казахстан   Область: Кызылординская область   Город: Кызылорда

Категория: Бизнес и финансы

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс