Жалобы и отзывы » Бизнес и финансы » Жалоба / отзыв: № 17 Алакай - Работа | #7488

Жалоба / отзыв
№ 17 "Алакай"
Работа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы №17 "Алақай"санаториялық ясли-бақша қызметкерлерінің атынан
Арыз
Біздер бір жемқор басшы Сыражанова Қанымшадан құтылып, екіншісі Әбдірашова Ажарға тап болған шарасыз қызметкерлерміз. Айтарымыз 2015жылдың 24 сәуірінен бастап креслоға отырар отырмастан, комиссия келеді деп, адам басына 25000тг -ден жинаудан бастаған басшымыз Әбдірашова Ажардан бастаймыз. Тексеру кеткен соң комиссия мүшелерін бастап, біз танитын аудандық білім бөлімін де, әдіскер қызметін атқаратын Марияға жиналған сомадан 25000теңге қалғанын келген тексерушіге бердім. Ол да аз деп тағы жинатты. Көзіміз ақша жинаудан ашылмайды. Балабақшаға келіп жүрген балалардың тамағы адам төзгісіз. Ешқандай дәрумендер берілмейді. Түскі астан кейін жейтіні 1 тілік нан майымен. Кешкі ас күнделікті манная каша. Айран, жұмыртқа деген берілмейді. Ақай ауылының әкімі Байшораева Райханнан көргеніміз қысым. Жауын-шашын, аптап ыстық демейді. Әкім ханым жұмыс уақытында Байқоңыр қаласына тиесілі жер көлемін тазалауға еріксіз шығарады. Жұмыссыздықтан бөлінген ақшаға жұмысшы адамдар алмай ақшасын өзі жеп, біз сияқты мемлекеттік мекеме қызметкерлерін құлдыққа салып отыр. Жаз бойы мердігерлер бітіріп бермеген Ақай ауылынан ашылған жаңа балабақша 280 орындықты "Балдәурен " балабақшасын жаз бойы тазаладық. Газет-журналға жазылу науқаны басталды. Ал оған келістік. Бұл елдің басындағы кесел ғой. Бірақ алаламау басталып, 1ставкамен жүрген де 0, 75 ставкамен жүрген де 1 сома 8мың теңгеден қинап жазды.1ставкамен 2 тәрбиеші қызметкері ғана жүр, ал қалғаны 075 ставкамен жүрмыз. Басшымыз Әбдірашова Ажар күнде қысқарту деп қорқытады. Сөйте тұра жоғарыға берген ақшамды шығарып алам деп келер-келместен 3 тәрбиеші, 1 көмекші тәрбиеші алды. Егер ол кісі балабақшаны көркейтем деп келген болса, адам алмай қарамағындағыларды үкіметтің азын-аулық тиынымен күнін көре алмай жүрген қызметкелеріне сағаттарын бөліп бермейді ме?! Сағаттап жиналыс жасап, айтатыны сендер аннан қашқан, мыннан қашқан адамсыңдар деп қорлайды. Дәлел керек болса кез келген қызметкер айтып бере алады. Жалақымыз әр айда әр түрлі. Түнгі ауысымға тұрған көмекші тәрбиешілердің жалақысы күндізгі көмекші тәрбиешілерден артық алатыны 2000 теңге. Түк түсінбедік. Құдай үшін сауаты бар азамат болса, біздің еңбекақымызды дұрыстап есептеп берсе екен. Ауданға сенбейміз ауыз жаласқан. Дырдай ғимаратта қағаз жүзінде бухгалтеріміз, шаруашылық меңгерушіміз қосымша қарауыл қызметінің ақшасын алады. Бірақ 9 жыл болды түнге сменге қарауыл болмайды. Кішкентай сәбилермен түнде қонатын 2 көмекші тәрбиеші әйелдер. Балабақшамыз болса айдала жапан дузден, айқайласа адам естімейді, телефон істемейді. Онан қалды "Балдырған" тобында сағат 18-00-ден 22-00-ге дейін көмекші тәрбиеші жоқ. Ата-ана балаға келсе, тәрбиеші 24 баланы тастап, 1 баланы жетектеп төменге түседі. Балабақша ішінде шаңсорғыш мүлде жоқ, көк ала көк шаң сыпырғышпен бұрқыратып жүреді. 9жылдан бері төсеніштер "матрац" ауыстырылмаган, шіріп-іріп сасып жатыр. Жату мүмкін емес. Қорыта келгенде қызметкерлердің еңбекақысы, әсіресе, түнгі ауысымдағы тәрбиешілердің айлығы дұрысталып каралса екен. Кризис кезінде 0, 75 ставкамен жүргізілуі дұрыс па?!

Дата публикации:

Обидчик: № 17 "Алакай"

Страна: Казахстан

Категория: Бизнес и финансы

2 комментария

17 ноября 2015 19:09
Мен Ерниязова Рая №17 Алақай санаториялық-ясли бақшасының тәрбиешісі болып 2008 жылдан бастап жұмыс атқарамын. №17 Алақай ясли-бақша мекемесінің атына және мекеме басшысы А.Әбдірашова апайға жазылған жалаға қарсымын.Тәрбиешіліер атынан жазылған өтірік әнгіме.Электрондық жүйеге жазылған жалған лақапқа жол бермейік, ағайын!

№17 Алақай санаториялық-ясли бақшасының тәрбиеленушісі Әділбек Сайлаудың атасы Байкөбеков Әділбек.Мына жазылған сауатсыз жалаға келіспеймін,қазіргі танда менің немерем осы балабақшада жүр.Тамағы жақсы,төсегі таза.Мекеме басшысына рахметімді айтамын.

Мен №17 Алақай санаториялық-ясли бақшасының көмекші тәрбиеші Төлегенова Алмагуль жоғарыда айтылған жалақымызға ешкандай күман келтирмеймін бухгалтериміз Нурбек ай сайын айлық табысымызбен таныстырып қолымызға корешок беріп отырады және күнделікті ас-мәзірі бойынша тамақ беріледі.Мекеме басшысын көреалмаушылық жала.
18 ноября 2015 23:04
№17 «Алақай» санаториялық ясли-бақша қызметкерлері атынан

2015 жылдың 24 сәуірінен бастап № 17 "Алақай" санаторияның ясли-бақшасына меңгеруші болып Әбдірашова Ажар тағайындалды. Жаңа басшы келе өзінің жаңашылдығын ала келді. Ясли-бақшамыз талапқа сай өзгертіліп, біздің жұмысқа қызығушылығымыз артып, қазір белсене жұмыс жасап, жан-жағымызға қарап жалған әңгіме айтуға уақытымыз жоқ. Басшы ұжымының ауызбіршілігін жоғары ұстайды, тәрбиешілердің біліктілігін, қызметте әр тұлғаның орнын қадірлейді, біледі. Мекемеде ақша жинау болған емес, жиналмағандығын толық мақұлдаймыз.
Балаларға тамақ күнделікті ас мәзірі бойынша нормативке сай беріліп отырады. 1 және 2 тамақ етпен және уақытылы сүт, айран, жұмыртқка, алма әртүрлі дәрумендерге толы құнарлы тамақ беріледі.
Сенбілікке көркейту-көгалдандыру айлығына байланысты,мекемеге тиісті бөлініп берілген жерге шығатынымыз рас.
Ясли-бақша есепшісі Н.Жалекенов қызметкерлердің айлық табысын және түнгі ауысымдағы көмекші тәрбиешілердің еңбек ақысын уақытылы дұрыс есептепуақытылы төлеп отыр.Есепшіге ешқандай наразылығымыз жоқ.
Әрбір сауатты көзі ашық,жаны таза өз ісін жақсы білетін біз тәрбиешілер бұлай үстімізден қаралағанына өкпеміз қара қазандай,күйінеміз.
Біздің мекеме қызметкерлерінің түсінбей отырғаны ұжым атына теріс пікір айтқан адамның кім екендігі, жала жазған адам жазаланса екен.Сөзін растайтын,жоғарыда жазылған арыздың дұрыстығын дәлелдейтін адам болса ұжымды кірлетпей,өз атын анық көрсетсін.
Біз төмендегі осы мекеме қызметкерлері жалған пікірге қосылмайтындығымызды білдіріп, қол қоямыз:
Әдіскер: Абилова Расима
Тәрбиеші: Қожанова Маржанкүл
Тәрбиеші: Қожахметова Парасат
Тәрбиеші: Абынагиева Ақмарал
Тәрбиеші: Закирова Луиза
Тәрбиеші: Сүлейменова Ақбота
Тәрбиеші: Ибрагимова Сыргүл
Тәрбиеші: Ерниязова Рая
Тәрбиеші: Алпысова Алма
Тәрбиеші: Есенбева Гульвира
Тәрбиеші: Қасымова Лаура
Психолог: Есим Дана
Ән-әуез жетекшісі: Жәмет Серік
Медбике: Науашова Баян
Есепші: Жалекенов Нурбек
Шаруашылық меңгерушісі: Оспанова Ляззат
Көмекші тәрбиеші: Сарсенова Гүлсім
Көмекші тәрбиеші: Төлегенова Алмагүл
Көмекші тәрбиеші: Медетова Жадра
Көмекші тәрбиеші: Соңғыбаева Кенже
Көмекші тәрбиеші: Баймағанбетова Шымназ
Аспазшы: Тапаева Бакаршам
көмекші аспазшы: Жайманова Бақыткүл
Кір жуушы: Бижанова Асқан
Қарауыл: Омарова Гүлжанат
Қарауыл: Әуесбаев Хасен
Ғимарат жөндеуші: Алмағанбетов Жалғасқан

Осы хатқа қол қойғандығымызды растаймыз.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс