Жалобы и отзывы » Другое » Жалоба / отзыв: ВТЭК - Өтініш | #13124

Жалоба / отзыв
ВТЭК
Өтініш

Саламатсызба? Құрметті денсаулық министрі!
Мен Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғынымын. Менің Денсаулық сақтау министр сайтына кіруден басқа амалым қалмады. Мен 2010 жылдан бері 3 топтағы мүгедекпін. Мен осы уақытқа дейін 5 операция жасаттым. Мынындай:
1. 2002ж- «Лапартамия, екі жақты тубэктомия» Қаратау қаласында
2. 2006ж- «оң жақты кистэктомия, аппендэктомия» Қаратау қаласында
3. 2007ж- «Лапартамия, рассечение спайки, устранение кишечной нереходимости, сигмоперсия п/о Острая спаечная тонкокишечная непереходимость. Долехо сигма» Тараз қаласы
4. 2009ж-Лапартамия, резекция долехосигмы анастомоз толсто-толсто кишечный конец в конец, кистэктомия слева. П/о диагноз: Заврот сигмовидный кишки. Острая толсто кишечная непроходимость. Кисто яйчника слево. Тараз қаласы
5. 2013ж-Лапартамия, рассечение спайки, устранение тонкокишечной непереходимости, дренирование брюшной полости. П/о диагноз: острая спаечная тонкокишечная непереходимость. Миома матки. Тараз қаласы
2009-дан кейінгі операциядан кейін, денсаулығым нашарлап, коммисияға жүгінуіме тура келді.2010 жылдан бері мерзімімді 1 жылға беріп отырды.2013 ж 1 жыл үзіліс болды.2013ж операцидан кейін маған дәрігерлер қайта группа тағайындады.2014-жылдан бері жыл сайын коммисиядан өтіп отырдым. 2017 жылдың наурыз айында мен комиссиядан «өмірлікке» шығаруларын сұрадым.Өйткені мен жұмысқа жарамсызбын, көп қимылдасам ішім кеуіп құсамын, басым ылғи ауырады және денсаулығым көтермей қайта-қайта приступ беріп, осы жылы
қаңтар, сәуір айларында екі рет больницаға жаттым. Алып отырған ақшам дәрі-дәрмектен артылмайды.
Олар маған 6 айға мерзім берді.Маған комиссиядағылар мазақ етіп отырғандай «6 айда бақылауда боласын. Жазылып кетсен мүлде шығарып тастаймыз» деді.
Менің сізге жүгініп отырған себебім, маған осындай диагнозбен қандай топ тиесілі.Тиесілі болса қанша жылдан кейін өмірлікке шығуым тиіс. Тараз қаласындағы ота жасаған дәрігерлер «сіз неге 3-топта жүрсіз, осыншама отадан кейін, 5 нархоздан кейін, сізге 2 топ тағайындалуы тиіс» деп айтқан еді.
Біздің Талас аудандық дәрігер Ақылбекова Гүлнар ВТЭК құжаттарын дайындауда алдына 1 ай ішінде 5 рет кіріп, зорға дегенде құжаттарды дайындайды. Адамның ар намысына тиіп, мазақ етіп, онсызда денсаулығы жоқ адамға психологиялық көмек көрсетудің орнына шаршатып, есін тандырады.
Сіздерден сұранарым, менің құқығым бойынша, маған қандай топ тиесілі, және өмірлікке қашан шығамын.

Дата публикации:

Обидчик: ВТЭК

Страна: Казахстан

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс