• Zhalobi.KZ
  • »
  • Другое
  • »
  • Тогайбекова Жанат Есенгалиевна. Главный врач Кентауской городской поликлиники Туркестанской области - Незаконные действия

Жалоба / отзыв
Тогайбекова Жанат Есенгалиевна. Главный врач Кентауской городской поликлиники Туркестанской области
Незаконные действия

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевқа
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевке
Түркістан облысының бас прокуроры М.Алихановқа
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Х.Көшқалиевке

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимовқа

Түркістан облысы, Кентау қалалық емханасының ұжымы И.Бейсенбиева, Б.Амангалиевнаның атынан А.Омаровадан
ЖСН: 880921403268
Мекен жайы:
Валиханов көшесі 48 үй, 7 пәтер. Ұялы сымт: 87755081013.


АРЫЗ
Мен, Омарова Айгерим Муратовна Түркістан облысы, Кентау қалалық емханасында экономист лауазымында жұмыс жасаймын.
Менің арыз беру себебім келесідей: қазіргі таңда, Кентау қалалық емханасында бас дәрігер Тоғайбекова Жанат Есенгалиевнаның басшылығымен бір қатар заңсыз іс-әрекеттер орын алып отыр. Жалпы 9 пункттен тұрады, Сіздерден өтінерім, маған әр пунктке нақты жауап беріп, әр инстанция өздеріңіздің тараптарыңыздан заңды шешім қабылдауларыңызды сұраймын.
1. Кентау қалалық емханасына 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Тоғайбекова Жанат Есенгалиевна деген кісі бас дәрігер болып сайланды. Осы қызметке тағайындалған уақыттан бастап, емхананың біраз қызметкерлерін олардың осы мекемеде көптеген жыл жұмыс істегендеріне қарамастан, біреулерін жұмыстан босатып, біреулерінің қызметтерін түсіріп тастап, өзінің Шымкент қаласынан ертіп әкелген 7 адамнан тұратын командасын сол лауазымды қызметтерге орналастырды. Командамен келгені заңды ма? Елбасы тиім салған емес па? Бір районның мекемесіне сонша командамен келіп, сол қалада тұратын қызметкерлерді көптеген жылдар бойы істеп жүрген жерлерінен алып тастауы заңды ма?

Олар емханада сеніп тапсырған мүлік пен қаржыны заңсыз, қылмыстық топ құрап, иемендену іс-әрекеттерін жасап жүрген жоқ па? Жоғарыда аталған, яғни Шымкент қаласынан келген тұлғалар, Кентау қаласына қатынап жұмыс жасау кезінде қомақты шығынға түседі, ол жолы мен тамағы және жалға тұратын орындары. Осы шығындар қалай өтелетіні, олардың негізгі орташа айлық жалақысы 60-90 мың теңгені құрайтынын ескере отыра. Олардың көрсетілген шығындары айлықтарынан емес заңсыз табыстарынан құралатын сияқты.
2. Өзімен бірге еріп келген адамдарына - ақылы қызмет есебінен ай сайын қосымша ақы аударып отыр. (қосымша 1С бағдарламасынан жүктеме тіркелді). Ол "Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидалары туралы 29.05.2015 жылғы №429 бұйрығының талаптары сақталмай заң бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар ставкалары мен жүктемелері сәйкес келмейді.
3. Мамандар бөлімінің жұмыстан босап кеткен инспекторы Д.Аяшевпен анықталғандай мамандар бөлімінің басшысы Ж.Алиева бұйрықтарды тіркейтін журналда бұйрықтарды артқы күнмен өзгерту енгізу мақсатында парақтарын жұлып, типографияға апарып қайта өзгерту енгізген, /Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексiнің 369-бап қылмысын жасаған, фото, видео таспасы бар, барлығы анық көрінеді. Д. Аяшев растайды, тексеріп келгендеріңізде түсінік беруге шақырып беремін. Бұйрықтар заңсыз шығады, келіп тексерсеңіздер өте көп заңсыздықтар анықталады.
4. Жұмыскерлерді заңсыз жұмыстан шығарады. Бұл іс-әрекет 152- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу бабына сәйкес келеді (белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады). Нақты айтқанда хатшы лауазымын атқарған Амангалиева Бибінұрды және бағдарламашы Бейсенбиева Индираны заңсыз жұмыстан босатып жіберген, содан бұл лауазым иелері Түркістан облыстың Еңбек инспекциясы департаментіне арызданып, заңсыз жұмыстан шығарылғандары анықталып (АКТ-ілері арызға тіркеледі), екеуі де жұмыстарына қайтып тұрғызылды.
5. Менің соңымнан түсіп, балағатты сөздер айтып, жұмыстан босатудың әрекетін жасап, қолынан келмеген соң лауазымымнан түсіріп тастады. Атап айтқанда соңымнан түсіп деген себебім, маған заңсыз 2-рет тәртіптік жазалар тағайындаған. Мен сотқа арыз беріп, заңсыз екенін сот үкімімен дәлелденді (сот үкімі арызға тіркеледі). Балағатты сөздер айтып, мені бұл жерде істетпеймін деген сөздері диктофонда жазып алғанмын, тексеріп келгенде тыңдатамын. Содан осылардың салдарынан мен жүйелі түрде стресс алып, созылмалы ауруым қозып, заңды түрде ұзақ еңбекке жарамсыз парағында жүрдім, Ж.Тоғайбекова осыны негізге алып, мені экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы қызметінен себепсізден экономист қызметіне түсіріп тастады. ВКК қорытындысы және басқа да негіз болатын дәлел жоқ.
6. 2019 жылдың соңында емхананың біраз медициналық қызметкерлер Астана ТВ, 31 канал Информбюро телеарналарына 2019 жыл соңындағы заңсыз берілген премия мәселесі бойынша арызданып, эфирде көрсеткен болатын. Содан жыл соңында премия бергеннен соң тағы қомақты қаражат артылған болатын, теледидардан ресми түрде ол қаражатқа 4 су жаңа автокөлік алуға тапсырыс берілді деген, ол автокөліктер сол күйі алынбады, тапсырыс та берілмеген, жәй әшейін эфирде халықты алдап қоя салған. Кәзір сол арызданған медициналық қызметкерлермен соттасып жүр, құқықтарын қорғаудың орнына!
7. Бүгінде емхана механигі Олжас Даулетов қудалауға ұшырап жүр, одан болмашы жағдайға бір жазбаша түсінік алып, бірден қатаң сөгіс беріп жіберген, себебі оны жұмыстан шығарып, Дәулет (фамилиясын білмеймін) деген жігітті орнына орналастырмақшы.
8. Мекеменің қызметтік көлігі «Лада Веста» мем.ном 577 кешкі уақыттарда және демалыс күндерде қалада жүреді, видеотаспалары бақылау камераларында бар.
9. Пашимов Марат мырза, өткен уақыттар аралығында, жыл басынан бері Жанат Тоғайбекованың лауазымдық міндеттерін дұрыс орындалмағандығы туралы үстінен Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінен 1 қызметтік хат, Кентау қалалық сотынан бас дәрігердің орынбасары Б.Елеусизованың ісі бойынша бұйрықтарды заңсыз шығаруы бойынша 1 нұсқама (представление), менің А.Омарованың ісі бойынша Кентау қалалық сотынан заңсыз әрекеттері бойынша 1 нұсқама, Б.Амангалиева, И.Бейсенбиеваларды заңсыз шығарғандығы туралы Еңбек инспекциясы департаментінен 1 нұсқама жолданған болатын (барлығының көшірмелері жолданады). Осыншама заң бұзушылықтардан кейін мемлекеттік қызметкерге теңестірілген Тоғайбекова Жанат Есенгалиевна бұл лауазымда қалай отыр? Қоғамдық денсаулық басқармасы тарапынан қандай шаралар қолданды?

Осы арызымда көрсетілген деректерге процессуалдық баға бере отыра, кінәлілердің үстінен қылмыстық іс қозғап, заңды шешім қабылдап жауапқа тартуларыңызды сұранамын.



0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Если у Вас есть активные учетные записи на любом из предложеных ниже сервисов, то Вы можете зарегистрироваться и войти на наш сайт с их помощью. Выберите сервис, на котором Вы уже зарегистрированы: