Жалобы и отзывы » Другое » ШҚО ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ ІІБ не АРЫЗ ШАҒЫМ

Жалоба / отзыв
Мырзабек
ШҚО ЗАЙСАН АУДАНДЫҚ ІІБ не АРЫЗ ШАҒЫМ

Зайсан қаласы, Шартты 8 к-сі, 28 үй тұрғыны 29.09.1961 жылы туған, Искакбаев Мырзабек Замашовичтен
№12 Зайсан ауданы бойынша Жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем көлігінің жүргізішісі
Тел- 8-777-806-78-69

ҚҰРМЕТТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ!

Менің, Сізге өтініш беретін себебім: Мен, өзім қарапайым жүргізушімін. Мені қолдайтын ешкімім жоқ. Синьсин Қытай Компаниясы мықты болғандықтан, мен кінәлі болып отырмын.
07.08.2021 жылы болған жол көлік оқиғасы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін №216346030001018 санды хабарламасы АЕК-қа тіркелген.
07.08.2021 жылы «Синьсин Қытай Компаниясы» ЖШТ жүргізуші Ожанов Айдар Манатулының басқаруындағы Тoyota HIACE маркалы 411 JDA 02 автокөлігімен Зайсан қаласы, Шегір көшесінің бойында тұрған бағдаршамның, өзіне қызыл жанып тұрғанына қарамастан, тоқтамай жүріп кетіп, Керімбай көшесімен Шегір көшесін қиып, маневрін аяқтаған, менің басқаруымдағы ГАЗ-А31R23 маркалы 429 СВ 16 мемлекеттік нөмірлі автокөліктің оң жақ артқы бұрышынан, автокөлігінің алдымен келіп соқты.
Мен, басқаруымдағы автокөлікпен «Синьсин Қытай Компаниясы» ЖШТ жүргізуші Ожанов Айдар Манатулының басқаруындағы Тoyota HIACE маркалы автокөлікті соққан жоқпын. Қайта ол менің басқаруымдағы автокөлігімді соғып, жол көлік оқиғасын жасады.
ШҚО, Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советов, Зайсан қаласының Керімбай мен Шегір көшесінің қиылысына болған жол көлік оқиғасы бойынша, Тoyota HIACE маркалы автокөлік Синьсин Компаниясының автокөлігі болғандықтан, ешқандай дәлелсіз, мені кінәлі деп танып, маған қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 2 бөлігімен хаттама толтырып отыр.
Бүгінгі күні, полиция аға л-т Б.Советовтың әрекетін, яғни менің ҚР Жол жүру ережесін бұзды деп айыптауын және қандай талаптарын бұзғанымды түсінбей отырмын. Сонымен қатар, полиция аға л-т Б.Советов хаттаманы 08.08.2021 ж. күні толтырып, менің есім кіресілі-шығасылы болып жатқанда, жол жүру құжатыңызды аласыз деп, таза бетке қол қойдырып алды (сондағысы ол хаттама екен), сонымен қатар жол көлік болған жер сызбасымен тек 1 апта өткен соң, адвокаттың көмегімен ғане таныстырып, қол қойылды. (күні белгіленді).
ШҚО, Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советов, мені әкімшілік жауапкершілікке тартпас бұрын, жол көлік оқиғасы бойынша, қай жүргізуші кінәлі екенін анықтау үшін, сот-автотехникалық сараптама тағайындауы қажет болған. Алайда, Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советов, сараптама тағайындағысы келмей әрез дегенде тағайындады. Енді сот-автотарссалогиялық сараптама тағайындағылары келмей отыр. Бұл қорытынды соққының нақты қалай болғанын анықтайды. Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советов жол көлік оқиғасының нақты қалай болғанын анықтағысы келмей бір жақты ғана тексеріп, мені кінәлі деп таный салмақшы. Жедел – жәрдем автокөлігінің жасыл түске және дауыспен, қызыл жасыл түсті мигалканы қосып, өтіп бара жатқанын 6-7 адам көрген куәгерлер бар, соған қарамастан Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советов мені кінәлі деп танып отыр.
ГАЗ-А31R23 маркалы 429 СВ 16 м/н жедел жәрдем автокөлігі бағдаршамның жасыл түсіне өткенін көрген азаматтардың түсініктемелерін полиция аға л-т Б.Советов басшылыққа алмай ГАЗ-А31R23 маркалы 429 СВ 16 м/н жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне қатысты, іс құжаттарды бір жақты ғана тексеруде.
Зайсан ПБ ЖПҚБ полиция аға л-т Б.Советовтің жасап жүрген әрекеттеріне қарап, сыбайлас жемқорлықтың белгісі бар ма? -деп ойлаймын.
Зайсан АПБ полиция қызметкерлері өздерінің қызмет бабын асыра пайдаланып отыр. «Синьсин Қытай Компаниясына» Зайсан АПБ полиция басшылары қолдау жасап отыр. Менің естуімше, бірақ нақты айта алмаймын Зайсан АПБ полиция қызметкерлердің туыстарының және өздерінің техникалары «Синьсин Қытай Компаниясына» жалданып жұмыс істеп ақша тауып отырғандықтан ба? -деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта, эпидемиялық ахуалға сәйкес халық денсаулығы жедел-жәрдем қызметкерлері үшін бірінші кезекте, біздің медициналық көмекке әрбір адам мұқтаж. Жеңіл автокөліктер жедел-жәрдем автокөлігімен жарысып, жол бермей, жоғарыда айтылғандай біршама кедергілер келтіреді.
Сондықтан, Сізден жол көлік оқиғасы бойынша кінәлі адамдарды анықтап, маған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі дұрыс тексерулеріне қадағалау жасауды және кінәлі адамдарға қатаң шара қолдануды өтініп сұраймын.

Өтініш иесі: М.Искакбаев
Дата публикации:

Обидчик: Мырзабек

Страна: Казахстан   Область: Восточно-Казахстанская область   Город: Зайсан   Индекс: 070000
Адрес: 8 шартты 28
Телефон: 87778067869
Сайт:

Категория: Другое

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс