Жалобы и отзывы » Карьера и работа » Жалоба / отзыв: М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж - Жұмыс істеу мүмкін емес! | #5912

Жалоба / отзыв
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж
Жұмыс істеу мүмкін емес!

М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жұмыс істеу мүмкін емес. Жан-жақтан қысым. Мен бұл колледжде жұмыс істеген жылдары жарты шашым ағарды. Әкімшілік жағынан бастап өсек аңдыған адамдар, әрқайсысының жандайшаптары бар, Егер бір адам ұнамай қалса соның соңына түсіп алып халық жауындай құртады. Сабақ үстіндегі орынсыз тексерулер, ақша жинаулар көп. Мен бұл колледжден кетіп қалғаныма қуаныштымын. Жалпы жыл сайын жылдың басында жаңадан 20-оқытушыдай қабылдайды да, жыл соңында сонша маман жұмыстан кетеді. Әр түрлі себеппен. Сосын кеткеннен соң бізге шыдамай кетті деп артынан күледі екен, ақымақтық қой. Ал Семей қаласының Білім басқармасы қайда қарап отыр. Олар түк те істемейді. Өйткені басқарманың бастығы мен директор Шағангүл Алдамжарқызы құрбылар, оның да ауызын алып қойған.Әсіресе, жас мамандарға обал. Оларды жан-жақтан тексеріске алады, үйретудің орныныа сөгіс береді, барлық директор берген ақалы қажетсіз конценрттерге билет береді, ақша жинайды, елдің бишарасы солар.. Жұмыс табу қиын болғандықтан 1 жыл шыдайды, 1 жылдан кейін көбі жұмыстан шығып кетеді, Ал оқушыларға қиын жылда жаңа мұғалім келеді, сондықьан оқу процесі дұрыс жүрмейді. Осы колледжде мамандар тұрақтамайтындығын бүкіл қала білсе де бір кісінің авторитеті нен түкте демейді. Өйткені ол акиматтың, қаланың бүкіл шараларын жасауға ат саласып жүргендей болады, шын мәнінде ол жас мамандардың қинап, жүйкелерін жеп, ақшаларын жинаудың арқасы... Мен көпті көрген адам болғандықтан айтқаным ғой... Қазір күе көру үшін қалған ұстаздар дың айтуынша да жағдай ушықпаса, жақсарған жоқ... Бұны неге Білім басқармасы немесе акимат қарамайды.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс