Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Балбөбек - Садикке шағым | #19748

Жалоба / отзыв
Балбөбек
Садикке шағым

Сәлеметсіздерме! Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің жанындағы «Балбөбек» шағын орталығына ата-аналар атынан айтар шағымымыз өте көп. Оның ең бастысы питанияның ақшасы өте қымбат. Мен көп балалы ата-анамын. Сұрастырып көрсек көрші ауылдарда питания ақшасы-7,8мың,бізде 13мың. Тәрбиеші Жанат апай өзі есептейді екен, неге тәрбиеші өзі есептейді,комиссия мүшелері неге жоқ? Директор осыны неге бақыламайды? Басқа ауылдарда бала таңғы аста, түскі аста не жейді группаға салып отырады екен, бізде мүлдем ондай жоқ,бала не ішіп не жеп жатыр білмейміз. Эконом жоқ, мол жасайды екен тәрбиешілер мен няня түскі обедтерін сол мол жасалған тамақтан ішеді.Өлшеніп, экономдап жасалмайды. Неге өздері де ай сайын 13 мың қоспайды. Өзіміз әкелеміз дитін шығар, жоқ сол жасалған тақтан ішеді. Питанияны есептегенде бала 1,2 күн себепті қалса (кейде қонаққа,қалаға кеткен жағдайда) справка жоқ + қоямын диді.Ол дегенің бала жоқ болсада тамақ ішті дегені. Мереке күндері + қоямын диді ол күні бала келмеді тамақ ішпеді ғой. Бесінті асына жарты кружка шаймен қолдарына бір-бір печенье ғана ұстатады, кейде жарты алма. Сентябрьде балаларға он мыңдап ақша жинап кітап, дәптерлерін әпердік. Онымен қандай жұмыс жасап жатыр оны да білмейміз. Есіктерін қымтап жауып алады. Бұл садикте аспазшылар да жиі-жиі ауысады. Жанат апаймен бірге жұмыс істеу қиын диді.Тәрбиеші жұмыстарына араласып жиі тиісетін көрінеді. Бұрын істеген поварлардың айтуы бойынша Жанат апай қонақ шақырарда балаларды ұйықтатып самса, булочки, рагаликиді садиктен Няняға пісіртіп алып кететін диді.Өзінің жеке меншік садигі сияқты. Басшылар қайда қарайды? 8 март, 7май жаңа жыл т.б мерекелерде жиі ақша жинатады, туған күн болса балалар сок пен шоколад, торт дәметіп жатыр деп оны да алдырады. Кей ата-аналарға стол жасатып алады. Олар сияқты біздің жағдыймыз жоқ, қысыламыз. Бала жаман болып қалмасын деп туған күні болғанда 25 шоколад,25 согымызды тортымызды қарызға болсада әпереміз. Мереке сайын жиі ақша жиналады, Ата-аналар комитетін қайрап артыңа салып қояды. Анаған ақша мынаған ақша, апайға сыйлыққа ақша деп жиі жинайды. Ақша жинауды тоқтату керек деп айтсаң әңгіме қылады, кішкентай ауыл ыңғайсызданамыз, тауып беріп аузын жабайыншы дисің, бірақ жабылатын ауыз жоқ. Жанат апай жақында семинар өткіземін деп оған ақша жинатып жатыр, нолевойға, 2 садикке ақша жинатып ата-аналарға ұсыныс сіздер стол жасап, тамақ жасап семинарға келген қонақты күтіп беріңіздер деп жатыр. Бұлары шеттен шыққандық қой ата-аналар мектептегі комиссияны күтеміз дегендері. Таңертең балар келгенде тексеріп алмайды. Температурасын тексеріп жатқандарын көрмейсің. Жиналыс өткізеді есеп бермейді. Неге ақша жинау керек, концерт кезінде не кигізу керек соны ғана айтады.

Дата публикации:

Обидчик: Балбөбек

Страна: Казахстан   Область: Алматинская область   Город: Шанханай ауылы   Индекс: 12345678
Адрес: шоқан көшесі
Телефон: 87076225878

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс