Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: АРЫЗ | #3612

Жалоба / отзыв
АРЫЗ

Қарағанды обылысы «Нұр Отан» партиясының төрағасына «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымынан

АРЫЗ.

Біз Қарағанды қаласының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат ұжымы сіздерден жылдар бойы жиналып шешуі жоқ сияқты болып тұрған мәселелердің шешімін тауып, ақиқаттың ақ-қарасын анықтай отырып мектеп-интернатындағы келеңсіздіктерді жоюға көметесулеріңізді сұраймыз. Осы мекеменің ұжымының тарапынан бір неше жыл облыстық білім басқармасына, құқық орындарына тіпті Премьер-министр Серік Ахметов мырзаға да шағымданған едік. Бірақ ұжымның бұндай қадамдарына мектеп-интернат басшылығы кері айла жасап ұстаздар мен тәрбиешілердің атынан кері ақталу хат жазып, ұжымның әр мүшесіне жекелей келіп қол қойдырады. Қол қоймаған адам еріксіз кінәлі болып шығады. Осы жылбың барысында мектеп-интернатының ұжымы ашшы ақиқатты аты-жөнін жазып, мектепке келген тексерушілерге үлкен үміт артып арыз жазған болатын. Арты тағы ақталып облыстық білім басқармасына хат жолданып, арызданушылар қудалауға түсе бастады.
Біздің сіздерден сұрап отырған көмегіміз, тек ұжым мүшелелерінің ғана жағыдайын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге денсаулығы жоқ жарым-жан, мүмкіншілігі шектелген жандардың жағыдайын жақсартатыны сөзсіз.
Елбасы биылғы жолдауында үлкен мәселе көтеріп мүмкіншілігі шектелген жандарды қолдау, жағыдай жасау жайында нұсқау берді. Бірақ өкінішке орай Елбасының жылдағы нұсқауы біздің ұжымның басшыларының басына жетер емес. Ұжым басшылары мүмкіншілігі шектеулі жас ұрпақ жағыдайы үшін емес, керсінше өздерінің жағыдайын жақсарту үшін жұмыс істеп жатыр.
Бұған дәлел:
а). Жемқорлық.
б) Лауазымын асыра пайдалану.
в) Сыбайластық.т.б. әрекеттермен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясатқа қарсы әрекет жасау.

1. Мектеп-интернат директоры: Амандыкова Э.Ж. мектепті жөндеуге жылда қазынадан қаражат алады. Бірақ жасалатын жөндеу жұмысы жартылай істеліп жартысы сол қалпында қалып қояды. Сонда мемлекет жартысын істе деп қаражат бөле ме? Мысалы: Жатақхана жөнделді, қыз балалар жатын орыны жөнделіп, ал ұл балалар жағы сол қалпында тұр. Мектеп-интернатының қоршауы жөнделді, бірақ елге көрсететін бөлігі жасалды қалғанын үнемдедік сонда бұл қазына қаржысын тонау емеспе?
2. Мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бойко М.В. шешесі 30-жыл істеп әменгерлікке қалдырып кеткен жылы орынын сыбайластыққа пайдаланып қана қоймай қолынан келген бар жақсылықты да өздері үшін пайдалануда. Шешесі мектеп есігін ашпай үйде оқылатын балаларды оқытып отыр деп жалақы алады. Әрине 73 жастағы қария мектепке жете алмас. Бауыры Пухнярский С.В. жалақысы өте жоғары ұстаз. Ұлы Бойко Роман күзетші ал күйеуі олда күзетші. Бұл лауазымын асыра пайдалану емес пе? Пухнярская Л.И осынша жасқа дейін жұмыс істеп отырғаннан кейін басқаларда жылы орынын босатар емес. Соның салдарынаң қаншама жас мамандар жұмыс таппай жүр. Мектепке соңғы 3-4 жылдың ішінде жас маман жұмысқа алынған емес.

3. Мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: қылмысы үшін істі болған Каликбергенова Б.К деген аты жөнін өзгертіп қазір Үктаева Б.К. болып жүр. Кәзір өз лауазымын жақсы пайдалануда. Сыныптас құрбысы Дайырова С. жаны ашып дипломы жоқ болса да, еден жума тәрбиеші бол деп жәйлі жұмыс ұсынса, басқа қос дипломы бар адамдар сол еденді зорға жуып жүр. Мектепті еркін билегені сонша кей күндері басшылардың жақсы отырысынан кейін үйіне қайтуға шамасы келмей мектепке қонады. Қонғанда жәй қонбай кешкісін сол отырыстың шарабының буымен өздері күні бойы шаршаған тәрбиешілерді кешкі сағат 21-00 де тексеріп моральді түрде табалап, тұқыртып үйіне қайтарады. Бұл тәрбиешілер келесі күні 07-00 де қайта келу керек.
4. Мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Мейрамова Б.Б., бұл кісінің лақап аты «Көрінбес орынбасар» немесе «Болмайтын сабақ». Себебі, Мейрамова ханым мемлекеттік тілдегі сыныптарды басқарады бірақ өзі мемлекеттік тілден мақұрым, сол себепті бәрінен қашып көрінбей жүріп, өзі сияқты мемлекеттік тілден мақұрым Төлегенова Қ.Е., Смагулова Ш.Ш. жандайшаптарына телефон арқылы нұсқау беріп басқарады. Төлегенова, Смагулова түк білмес басшыны басынып ойына келгенін істейді. Ауырған ұстаздардың, тәрбиешілердің орынына сабақ беру, өтілімге келген практиканттарды ақылы түрде мектепке келмей өтілімін жасап бару сияқты ақшалы, табысты жұмыс жасауда. Бірақ өздерінің мұғалім ретінде жүктемесі толық сонда бұндай жұмыстардың еңбегін қалай мектеп есепшілері есептеп, мектеп басшысы бекітіп береді. Мемлекеттік тілді меңгере білмеген ұстаз қалайша мемлекеттік тілде сапалы білім бермек. Еңбек пәні мұғалімі: Дүйсенбаева Л.М. сабақ түсіндіру былай тұрсын өзара оқушымен мемлекеттік тілде сөйлесе алмайды. Педжигитова бастауыш сынып мұғалімі тілдің кесірінен сабақта оқушылардан қашып мектеп дәлізінде жүріп уақытын зорға өткізеді. Осындай өздерін еркін сезінгеннің арты келеңсіз жағыдайға соқтырып жатыр. Соның бір-екеуі Смагулова Ш.Ш., Төлегенова Қ.Е., Оспанова Б.С., Оспанова М. ұстаздардың үнемі шай ма, әлде басқа ішімдік пе, ішу кезінде орын алды. Бұл кісілер сабаққа 09-00 де келеді бірақ сағат 10-30 да шәй ішу әдет. Оспанова М сыныбында шәй ішуге кіріскен кезде қараусыз қалған балалар әйнекті шағып тастайды. Тағы осындай шәйдің кесірінен қараусыз 1, 5 сағат қалған балалар ойына келгенін істеген. Ұл балалар еркектік мүшесін қыздарға көрсетіп зорлық көрсете жаздаған, соңы екі қыз бала қолының тамырын кескен. Бірақ басшылар бұл ұстаздарға шара қолданбақ түгілі балалардың ата-аналарына білдірмей жылы жауып қойды. Себебі: бұл ұстаздардың басшылықпен сыйласымдығы өте күшті. Мейрамова ханым өзі басшылық жасағалы бір де бір өз ұстаздарымен кездесіп жиын өткізбеген, Осы жылдар ішінде бір де бір сыныпқа кіріп сабақ берместен жалақы алып отыр. Мейраиованың сабағын Төлегенова, Смагулова, Оспанова сынды мұғалімдер өз сабақтарына қосып өткіе салуда. Кейде өзі денсаулығы жоқ жарым-жан жоғары сынып оқушылары отырады. Үнемі Мейрамова ханымнан ішімдіктің иісі шығып жүреді. Мемлекеттік мекемелердің маңайынан ішімдік, шылымды алшақ ұстасақ, керісінше біздің басшылар өздері үнемі соған жақын жүреді.
5.Мүмкіндігі шектелген жандарды қалай қолдап денсаулығына қандай көңіл бөліп жатырмыз. Таңғы 07-00 ұйқыдан тұрған бала 08-00 таңғы ас ішеді. Содан үздігіп 15-00 де түскі асқа зорға жетеді. Себебі, сабақ 09-00 ден 15-00 ге дейін 6-сабақ. Бұл дегеніміз башылық өздеріне және мұғалімдерге жағыдай жасағаны, бірақ бала қамы емес. Түскі астан кейін кешкі асқа дейін бала сынып бөлмесінде партаға байлаулы, тек түстен кейін 1-сағат серуенге шығады. Мектепте үйірме жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Сонда Елбасымыз жүргізіп отырған саясатты мектеп басшылығы қалай түсініп атқаруда. Мүмкіншілігі шектелген жандардың қамы емес өз қамдарын ойлау емес пе?
Осыған орай Сіздерден сұрайтынымыз, осы хатта айтылған жағыдайлардың ақ-қарасын анықтап берсеңіздер екен. Бұндай келеңсіздік бүкіл мектеп басшысы жылы орынында отырса бола берері сөзсіз. Себебі: осындай себеппен мектептің директоры бұрын ауыстырылды, бірақ баяғы жартас сол жартас. Біз түсінеміз сіздердің тараптан тексеріс келеді дегеннен бастап біздің мектеп-интернаты басшылары тағы психологиялық, моральдық төңкеріс жасап ұжымның толқынысын тудырады.

«Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдері, тәрбиешілері, қосалқы қызметкерлері атынан жолдаған (арыз) хатымыз қараусыз қалмас деген үміт артып Сіздерге алдын ала алғысымызды білдіреміз!

Дата публикации:

Страна: Казахстан   Город: Қарағанды

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс