Жалобы и отзывы » Образование » Жалоба / отзыв: Aigerim - Опыт работы | #9373

Жалоба / отзыв
Aigerim
Опыт работы

Құрметті, Білім және Ғылым министрі Ерлан Кенжегалиевич мырза!
Докторантураға 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар талапкерлер ғана құжат тапсыра алады деген ЖОБА бойынша сұрағымыз бар. Осыған дейін магистратура бітірген соң, бірден докторантураға құжат тапсырып келіп, табан астынан еңбек өтілі 3 жыл деген талапкерлерге оңай емес:
Біріншіден, қазіргі уақытта бакалаврді бітірген түлектен жұмысқа орналасу үшін еңбек өтілін сұрайтын жұмыс орындарын тәжірибеден көріп жүрміз. Магистратураны бітіріп, докторантураны жалғасырамыз деп жүрген талапкерлер қазіргі уақытта жұмыс орнын таба алмайды. Бұдан шығатын қорытынды, жұмыссыздықтың орын алуына алып келеді.
Екіншіден, оқу жылдарын ұзарту дамушы елдердің өмір сүру ұзақтығына сәйкес келмейді. Мектепті 18 жаста, бакалаврді 22 жаста, магистратураны 24 жаста, докторантураны 27 жаста бітіреді, ал егер де магистратураға 1 жыл және докторантураға 3 жыл Еңбек өтілін қосар болсақ 31 жаста оқуды аяқтайды. Бұл дегеніміз өмірінің жартысы оқуға кетеді деген сөз. Әрі қарай демографиялық ахуалға әкеледі.
Үшіншіден, ассистенттік қызметтен бастап Еңбек өтілін 3 жылға толтырып жұмыс істеу және 3 жыл докторантурада оқып жүріп 0, 5 жүктемемен жұмыс істегендегі ЕҢБЕКАҚЫ (егер грант болса шәкіртақысы мақала шығарудан ауыспайды) өмір сүруге жетпейді.
Төртіншіден, егер де докторантураның АҚЫЛЫ бөлімі ашылар болса, мынадай алдын ала оқуға тапсыру үшін 3 жыл, оқу мерзіміндегі 3 жыл және бітірген соң 5 жыл еңбек өтілін жинау үшін 11 жыл ЖОО-да тек қана оқытушылықтағы жарымайтын еңбекақымен өмір сүру жемқорлыққа алып келері сөзсіз.
Бесіншіден, шетел тәжірибесінде бакалаврден кейін бірден докторантураға тапсыра алады. Жалпы оқу мерзімі 5 жыл, оның ішінде 2 жыл магистратура есебінде есептеледі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, онсыз да тұралап тұрған ғылымды талапкер жастар өмір сүру ұзақтығы мен жанұялы болу жағдайына байланысты кейінге қоя тұруына тура келеді. Ал, кейінге қалдырылған ғылымды қайта жалғастыру неғайбыл нәрсе және қиынға соғады, себебі ғылымды жас кезінде меңгерген абзал.
Сондықтан, бұл ЖОБАНЫ заң ретінде қабылдауда зейнеткер жасындай біртіндеп еңбек өтілін 1-2 жылдан бастауыңызды өтінеміз немесе биылғы талапкерлерден бастамай еңбек өтілін жинауға уақыт беріп 3 жылдан кейін орындалуын сұраймыз.

Өтініш білдірушілер, жас талапкерлер!

Дата публикации:

Обидчик: Altel

Страна: Казахстан

Категория: Образование

0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс