Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Атырау облысы, Жылой аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі - Мемлекеттің қызметкердің ар намысы | #11896

Жалоба / отзыв
Атырау облысы, Жылой аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Мемлекеттің қызметкердің ар намысы

Атырау облысы, Жылой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы - Серік Қамидолланың мемлекеттік қызметкер ретіндегі имиджі ҚР Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексіне және ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сай келмейді. Сөзім дәлелді болу үшін төмендегі фактілерді келтіремін:
- 1 топ мүгедегі, 29 жасар, Артур Кенжалиев есімді ұлым бар. Серік Қамидолла өз қарамағындағылардың қызмет барысын бақыламауы салдарынан 2014 жылы 3 шілде күні Артур Кенжалиевке күш қолдану әрекетіне жол берілді (дәлел деректер бар).
- Осы аталған бұзақылық әрекет бойынша Атырау облысы әкімінің ресми сайтына жазған шағымымды теріске шығар деп орынсыз талап қойды және осы талабын орындаған жағдайда жергілікті кәсіпкерлерден бөлінетін жәрдем арқылы көмектесетінін айтты (дәлел деректер бар).
- Серік Қамидолланың әлеуметтік заңнамаларды шатастыруы салдарынан (дәлел деректер бар) Артур Кенжалиев әрекетке қабілетсіз тұлға ретінде қате танылды. Соның нәтижесінде А. Кенжалиев қазіргі уақытта мемлекеттік портал арқылы алынатын мемлекеттік қызметтердің (медициналық, әлеуметтік, үй кезегіне тұру, т.б) барлық түріне қол жеткізу мүмкіндігінен айрылып отыр.
- Мемлекеттік орындарға берген ресми жауаптарында С.Қамидолла екіұшты, негізсіз, қате және жалған жауаптар береді (дәлел деректер бар).
- Жергілікті кәсіпкерлерден көмек ретінде келген азық түлікті екі есеге жуық қымбат бағамен береді.
Осы аталған себептерге байланысты Атырау облысы, Жылой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметіне сене алмаймын және бөлім бастығы - Серік Қамидолланың лауазымынан босатылуын талап етемін.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс