Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Түркістан облысы Келес ауданы Алпамыс батыр ауыл əкімшілігіне - АСПға жалған ақпарат берді деп АСПдан шығарып отыр | #15952

Жалоба / отзыв
Түркістан облысы Келес ауданы Алпамыс батыр ауыл əкімшілігіне
АСПға жалған ақпарат берді деп АСПдан шығарып отыр

Мен Тұрлыбекова Жанар Түркістан облысы Келес ауданы Алпамыс батыр а.о Қауыншы ауылының тұрғынымын. Мен осы ауыл əкімдігіне шағымданамын. Шағымдану себебім мені АСП дан жалған ақпарат берді деп айырып отыр. Өйткені ата енеңді спискаға қоспағансың деп. Негізінде мен құжат тапсырарда Ата енемнен бөлек тұрғанмын. Осы жылдың март айынан бастап карантиннен бері ата енемізбен тұрып жатырмыз. Ата енем ешқандай пенсия алмайды жəне ешқайда жұмыс жасамайды. 60 тан асқан кісілер. Менің 4 балам бар куйеуім егіншілікпен айналысады. Ерте көктемгі диқаншылыққа капуста еккен едік, Көктемгі карантинге байланысты капуста өткізе алмай 5 млн ға банкрот болдық. Ешқандай табыс көзіміз артқан жоқ. Барлығымыз 3 бөлмелі времянкада тұрамыз. 42500 де отказ болып тұр АСП аласың деп. Енді мені АСПға өткізулерін сұраймын. Комиссия құрамын қайта түзіп есептеп тексерулерін сұраймын.
Екінші мəселе осы ауылда ешқандай ауыз су жоқ Жол жөнделмеген кейбір көшелерде жарық жоқ. Ауыл əкімдігі осы мəселені неге көтермейді? Ауыз суды құдыққа, Су толтырып алатын бочкаларға су құйдырып сақтап ішеміз. Ол суымыз кейде құрттап кетеді. Су мəселесін шешіп берсеңіздер.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс