Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Сот, Прокуратура, Полиция, т.б - ШҚО Оскемен Семей. Арнайы тапсырыс | #17234

Жалоба / отзыв
Сот, Прокуратура, Полиция, т.б
ШҚО Оскемен Семей. Арнайы тапсырыс

Елбасы Назарбаев Н.Н
ҚР Президенті ТоқаевҚ-Ж.К. мырзаға
Қазақстан Республикасының басшылығына
БАҚ өкілдеріне

Үндеу

Қазақстан Республикасында бұрын-сонды еш қай жерінде болмаған іс.

Шығыс өніріңде арнайы тапсырыспен, жазықсыз қамауға алынған полиция қызметкерлері Казкеев Д., Жарылганов Е.

2021 жылы 9 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан, Павлодар және Семей қалаларында алтын ұрлаумен айналысқан ТезекбаевО. ұйымдастырған қылмыстық тобты сәтті арнайы операция жүргізу арқылы ұстаған еді.Бірақ сонау 2018 жылы осы ұйымдасқан қылмыстық топтың таралуына қарсы күресті алғашқы рет Семейдегі ұйымдасқан қылмысқа күрес бөлімі бастағанын білетіндер аз. Казкеев Д. және Жарылганов Е. сол бөлімде жумыс істеп журіп, осы іске тікелей қатысқан еді. Кейіннен 2018 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ШҚО прокуратурасының қызметкерлері атынан «көмекшілер» бұйрығымен, сондай-ақ Семей қаласынын ІІД Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы бастығының араласуымен қылмыстық іс тоқтатылып, бұл іс жабылған еді.
Қылмыскер Тезекбаев О. кек алу мақсатында ҰҚТ (ұйымдасқан қылмыстық топ) мүшелеріне ҰҚҚКБ (Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы) кеңсесінен құжаттар ұрлауды бұйырған. Бұл ұрлықтарын Әбеуов А., Кәкімов А., Мұртазин Е. аттысатқын полицейлер арқылы іске асырған. Кәкімов А. ұрланған құжаттарды Семей қаласындағы ҰҚК-не апарған. Бір қызығы, бұл құжаттар мұрағаттық құжат көрінетіндей болып саналған. Бірақ құжаттардың шын мәнінде құпиялы құжаттар ма екенін осы күнге дейін ешкім анық білмейді.
2020 жылы мамыр айында ҰҚҚКБ қызметкерлері Казкеев Д. пен Жарылғанов Е.-қа қарсы осы құжаттарды жоғалту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Казкеев Д., Жарылғанов Е. және басқа да қызметкерлердің құжаттардың жоғалғаны емес ұрланғаны туралы айғақтары ескерілмеді.
Бұл қылмыстық іс бойынша Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 33 млн.теңге көлемінде материалдық(ақшалай) талап қойды. Бірақ жоғалған құжаттар материалдық құжаттар ретінде анықталып, іс жүзінде жоғалмаған болып есептеледі. Және де оларды құпия құжаттарға рұқсаты жоқ адамдардың оқуы туралы немесе жария ету фактісі анықталмаған. Ешқандай да ақпарат сыртқа шығып кетпеген. Ал бұл құжаттардың өзінде ешқандай құпия ақпарат жоқ. Сонымен бірге ШҚО Полиция Департаментінің сараптамашыларының бір мүшесіне (Т.Қ) қысым жасалғаны туралы және сараптама мүшесін қажетті баға жаздыру үшін күні бойы кабинетте ұстағаны туралы ақпарат көптеген адамдарға мәлім. Бұндайдан кейін ол сараптамашының қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақырылған, мұны жедел жәрдем журналынан тексеруге болады. Біреуден кек алуы үшін жазықсыз адамдардың орынсыз сотталғанын және қойылған материалдық(ақшалай) талаптың қисынсыз екенін түсінгендігі болар, ШҚО ПД-інін заңгері өзі , сот шешімі жарияланған кезде жылап жібергені де мәлім.
Адвокаттардың сотқа берген өтініштерінің барлығын судья Шымыров Е. қанағаттандырусыз қалдырды. Айыптаушы тарапынан бірде-бір куәгер келтірілмеген, ұсынылған куәгерлердің барлығы қорғаушылар тарапынан болған. Сондай-ақ сот отырысында Әбеуов А. және Какимов А. құжаттарды өздері ұрлағанын мойындаған. ШҚО Полиция Департаменті оларғада материалдық(ақшалай) талап қоя ма? Өйткені, ҰҚК дәл осы құжаттардың ұрлануы бойынша іс қозғады емес пе?
Казкеев Д. мен Жарылғанов Е. не іс үшін сотталды?
2021 жылдың 14 сәуірінде Семей қаласының №2 сотымен аталған қылмыстық іс негізгі іспен байланыстыру максатында және ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ-дағы басқа тұлғаларды бұл іске қосу мақсатында ШҚО прокуратурасына жолданды. Бірақ ШҚО прокуратурасы Семей қаласының №2 соттың шешіміне наразылық келтірді. 2021 жылдың 27 мамырында ШҚО прокуратурасының бұл наразылығы бойынша облыстық сот отырысы өтіп, онда ол 2021 жылғы 14 сәуірдегі Семей қаласының № 2 сот шешімін өзгеріссіз қалдырған еді. Бұл жерде іс прокуратураға қайтарылғаннан кейін Казкеев Д. қамаудан босатылуы керек еді. Бірақ Қазақстан Республикасының барлық заңдарын бұза отырып, оны ешкім босатпады.
Іс ШҚО прокуратурасында 2 айға жуық уақытқа созылды. Облыс прокурорының орынбасары Жұбанов Е. , Жарылғанов Е.-ға тағы бір бап қосып, жаңа айыптау актісін жасады. Жаңа бап бойынша Жарылғанов Е-дан тиісті жауап та алынбаған, сондықтан оның конституциялық қорғаныс құқығы бұзылған деп санаймыз. Сондай-ақ бұл бап бойынша бірде-бір куәгер, бірде-бір дәлел жоқ. 2021 жылдың 23 шілдесінде, облыстық соттың апелляциялық комиссиясының шешімін орындамастан, іс қайтадан Семей қаласының №2 сотына жіберілді.
2021 жылдың 12 қарашасында судья Шымыров Е. Казкеев Д.-ны 6,5 жылға, Жарылғанов Е-ды 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Ойдан шығарылған істі әділ қарау үшін Ел басшылығына жүгінеміз. Мұндай жалған қылмыстық істің баламасы бүкіл Қазақстанда жоқ. Бұл істе құжаттарды ұрлады деген күдіктілер де бар, олар тіпті сотта өз ұрлықтарын мойындап отыр, және алтын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топты залалсыздандырған және өз жұмысын атқарғанмен, заңсыз сотталып отырғандар да бар. Ал құжаттардың жоғалуы – бұл көзбояушылық іс.
Барлық бөлім басшыларына, олардың Қауіпсіздік қызметтеріне жүгінеміз. Қолдары таза емес мемлекеттік қызметшілерге, судья Шымыров Е.Т.одан да басқа судьялар, ШҚО Полиция Департаменті бастығының орынбасары Шаяхметов Т.,облыс прокурорының орынбасары Жұбанов Е.А. және басқа да тұлғаларға назар аударуларыңызды сұраймыз.
Одан әрі болатын соттар Қазақстан Республикасының сот жүйесінің қаншалықты әділетті болатындығын көрсетеді. Судьялар тәуелді ме және олар басқа құрылымдардың қысымына көне береді ма, әлде Қазақстан Республикасының заңында көрсетілгендей тәуелсіз бе?

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс