Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Қазақстан Республикасының Премьер министрі Ә.А. Смаилов мырзаға Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 6 - Біз Абай облысына қарасты Жарма ауданы Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары, осы арыз арқылы сізге Жарма аудандық әкімшілігінде орын алып жатқан осы әкімшілікте қызмет істейтін адамдардың жемқорлық, яғни заңға қайшы әрекеттерін жеткізейік деп отырмыз | #17772

Жалоба / отзыв
Қазақстан Республикасының Премьер министрі Ә.А. Смаилов мырзаға Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 6
Біз Абай облысына қарасты Жарма ауданы Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары, осы арыз арқылы сізге Жарма аудандық әкімшілігінде орын алып жатқан осы әкімшілікте қызмет істейтін адамдардың жемқорлық, яғни заңға қайшы әрекеттерін жеткізейік деп отырмыз


Біз Абай облысына қарасты Жарма ауданы Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары, осы арыз арқылы сізге Жарма аудандық әкімшілігінде орын алып жатқан осы әкімшілікте қызмет істейтін адамдардың жемқорлық, яғни заңға қайшы әрекеттерін жеткізейік деп отырмыз.
Соңғы екі жылдың ішінде Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нурлан Бәттәшулы, аудандық архитектураның бастығы, сол сияқты Қалбатау ауылдық округінің әкімі пара алғандары үшін әртүрлі мерзімге сотты болды. Осындай заңсыз әрекеттер осы уақытқа дейін тыйылмай, керісінше одан сайын көбейіп кетті.
Мысалы айтқанда Жарма аудандық әкімшілігінің мәдениет бөлімінің бастығы Даутов Аманжол зейнеткерлікке шықса да осы бір орында 35 жылдан бері аудандық, облыстық әкімшіліктерде жоғары лауазымда отырған тамыр-таныстарының арқасында ешкімге бермей басқарып келеді. Даутов Аманжол сыбайлас жемқорлықтың арқасында аудандық мәдениет үйінің ғимаратын өзінің меншігіне шығарып алды, ол жерде оның өзінің тоқалдары және өзімен жақын араласатын таныстары ғана жұмыс істейді, басқа қарапайым адамдарды маңайына да жолатпайды.
Даутов Аманжолмен бірге Жарма аудандық әкімінің орынбасары білім және спорт бөлімінің кураторы Ибраев Айдар Маратович, аудандық білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович, аудандық жер бөлімінің бастығы Сатпеков Сәкен Әлмуханбетович, Қалбатау ауылдық округінің әкімі Даутов Аманжолдың күйеу баласы Самижанов Берік өзара сыбайлас жемқорлық құрып мемлекеттен бөлінген қаржыны өзара талан-таражға салып, тек қана өздерінің бас пайдаларына асырып отыр. Жарма ауданы бойыншаауылдық әкімдер, ауылдық жерлердегі мектеп және балабақша диреторлары, мектептің директорларының орынбасарларын басқа да мекеме басшыларын қызметке тағайындау жоғарыда көрсетілген бес адамның тікелей араласуымен, оларға ақшалай пара беру арқылы шешіледі. Мемлекеттің жерлерін, шабындықты, мал жайылатын жерлерді, қыстақтарды қалталы адамдарға өз меншігі сияқты сатып жіберген. Қарапайым халықтың түгі жоқ, жұмыссыздық жайлап, халықтың күнкөріс жағдайы күннен күнге ауырлап барады, олармен сөйлеспейді де.
Жарма ауданына жаңадан әкім тағайындалса Даутов Аманжол оны өзіне қаратып алады да, Жарма ауданын әкім емес Даутов Аманжол өзі басқарады. Даутов Аманжол өзінің ұл-қыздарын, келін-күйеу балаларын Жарма ауданы бойынша жақсы лауазымды тағайындатып отырғызып қойған.
Жоғарыда атап өткен күйеу баласы Самижанов Берік Қалбатау ауылдық округінің әкімі болса қызы Даутова Бақыт Аманжоловна ардагерлер үйінің директоры, ал келіні Даутова Әлия Жасулановна Қалбатау ауылында орналасқан «Георгиевский» орта мектебінің директоры лауазымында отыр. Даутов Аманжол ауыл әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратович, білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович, жер бөлімінің бастығы Сәтпеков Сәкен Әлмухамбетович және Самимжанов Беріктер Жарма ауданы бойынша ойларына келгенін істейді, қарапайым халықты менсінбейді, олармен сөйлеспейді, себебі, олар аудандық, облыстық әкімдіктер отырған жоғары дәрежелі бастықтарды өздеріне қаратып алған, аудан бойынша осы бесеуіне ешкім ештеңеайта алмайды. Осы аталған бес адамның әр қайсысында екі қабаттық коттедж, қымбат джип автокөліктері, сауда үйлері, шаруа қожалықтары бар. Барлығы да халықтың ақшасын жеп байыған адамдар.
Сонымен қатар таяу арада Жарма аудандық әкімшілігіндегі тұрған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы бұрын ішкі істер бөлімінде жқмыс істеп, қызметтегі жұмысқа сай келмегендіктен жұмыстан босатылған Наурызбаев Берік арақ ішкен мас күйінде қызметтік автокөліктің руліне отырып өзі жүргізіп келе жатып жол-көлік оқиғасын жасаған. Ол жерге полиция қызметкерлері келген, алайда Наурызбаев Берікті алкотестен өткізіп жол көлік оқиғасы туралы хаттама толтырған ешкім жоқ, себебі, барлығы сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстықтың арқасында шешіліп Наурызбаев Берікке әкім немесе басқа да басшылар тарапынан ешқандай жаза тағайындалған жоқ, болған оқиғаны жасырып, жауып тастады.
Бұл жағдай Наурызбаев Берік тарапынан осымен екінші рет қайталанып отыр. Ол бұрын да мас күйінде рульге отырып жол көлік оқиғасын жасағанболатын. Наурызбаев Берік өте бай адам, оның жеке шаруашылық қожалығында қой, жылқы және ірі қара малдары бар, соның арқасында ол көптеген заңға қайшы әрекеттер жасаса да пара беру арқылы жағдайын пара беру арқылы толықтай шешіп алады. Осындай заң бұзушылық әрекеттер Жарма аудандық әкімшілігінде көп кездеседі. Сонымен қатар таяу арада Жарма ауданының әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратович және білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович екеуі Кеңтарлау ауылындағы Шар негізгі мектебіне Серікжанұлы Нұрымды директор етіп тағайындап 5 000 доллар пара алып, оны тағайындау үшін оған керекті құжаттардың барлығына жалған мәліметтер енгізді.
Сол факті облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлеріне белгілі болғандықтан тексеріс жүргізіп жалған құжат жасағандары анықталып жинақталған құжаттар сотқа жіберілген, нәтижесінде білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович сот арқылы айыппұлмен жазаланып өзіне коррупциялық карточка қойылды. Шаймуратов Қ.Р. соттың шешімімен келіспей апелляциялық сатыдағы сотқа жүгінген болатын, алайда ол жерде бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Соған қарамастан Шаймуратов Қ.Р. аудандық білім бөлімін осы уақытқа дейін басқарып отыр. Осы жағдай туралы облыстық, аудандық әкімдер және білім департаментінің басшылары біліп отырса да Қ.Шаймуратовқа ешқандай шара қолданған жоқ, себебі: Қ.Шаймуратов олардың барлығын таниды, жақын араласады сондықтан өз жағдайын ақша беру арқылы шешіп алып отыр.
Құрметті ҚР-ның Премьер министрі, Сізден Жарма аудандық әкімшілік қызметкерлері Ибраев Айдар Маратович, Даутов Аманжол, Шаймуратов Қанат Рымханович, Сатпеков Сәкен Әлмухамбетович, Самижанов Беріктердің жең ұшынан жалғасқан, масқара, сұмдық жағдайларды яғни заңға қайшы сыбайлас әрекеттеріне тез арада комиссия құрып тексеру жүргізіп, егер заңсыз ірекеттері, жасаған қылмыстары анықталған жағдайда, қылмыстық іс қозғатып, кінәларын дәлелдеп олардың іс-әрекеттеріне заңды түрде жаза тағайындау үшін қылмыстық істі сотқа жіберуді өтініп сұраймыз.

Арыз иелері Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс