Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевқа - А Р Ы З | #17773

Жалоба / отзыв
Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевқа
А Р Ы З


Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы, біз Абай облысына қарасты Жарма ауданы Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары, осы арыз арқылы Сізге Жарма аудандық әкімшілігінде орын алып жатқан осы әкімшілікте қызмет істейтін адамдардың жемқорлық, яғни заңға қайшы әрекеттерін жеткізейік деп отырмыз.
Соңғы екі жылдың ішінде Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нурлан Бәттәшулы, аудандық архитектураның бастығы, сол сияқты Қалбатау ауылдық округінің әкімі пара алғандары үшін әртүрлі мерзімге сотты болды. Осындай заңсыз әрекеттер осы уақытқа дейін тыйылмай, керісінше одан сайын көбейіп кетті.
Мысалы айтқанда Жарма аудандық әкімшілігінің мәдениет бөлімінің бастығы Даутов Аманжол зейнеткерлікке шықса да осы бір орында 35 жылдан бері аудандық, облыстық әкімшіліктерде жоғары лауазымда отырған тамыр-таныстарының арқасында ешкімге бермей басқарып келеді. Даутов Аманжол сыбайлас жемқорлықтың арқасында аудандық мәдениет үйінің ғимаратын өзінің меншігіне шығарып алды, ол жерде оның өзінің тоқалдары және өзімен жақын араласатын таныстары ғана жұмыс істейді, басқа қарапайым адамдарды маңайына да жолатпайды.
Даутов Аманжолмен бірге Жарма аудандық әкімінің орынбасары білім және спорт бөлімінің кураторы Ибраев Айдар Маратович, аудандық білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович, аудандық жер бөлімінің бастығы Сатпеков Сәкен Әлмуханбетович, Қалбатау ауылдық округінің әкімі Даутов Аманжолдың күйеу баласы Самижанов Берік өзара сыбайлас жемқорлық құрып мемлекеттен бөлінген қаржыны өзара талан-таражға салып, тек қана өздерінің бас пайдаларына асырып отыр. Жарма ауданы бойыншаауылдық әкімдер, ауылдық жерлердегі мектеп және балабақша диреторлары, мектептің директорларының орынбасарларын басқа да мекеме басшыларын қызметке тағайындау жоғарыда көрсетілген бес адамның тікелей араласуымен, оларға ақшалай пара беру арқылы шешіледі. Мемлекеттің жерлерін, шабындықты, мал жайылатын жерлерді, қыстақтарды қалталы адамдарға өз меншігі сияқты сатып жіберген. Қарапайым халықтың түгі жоқ, жұмыссыздық жайлап, халықтың күнкөріс жағдайы күннен күнге ауырлап барады, олармен сөйлеспейді де.
Жарма ауданына жаңадан әкім тағайындалса Даутов Аманжол оны өзіне қаратып алады да, Жарма ауданын әкім емес Даутов Аманжол өзі басқарады. Даутов Аманжол өзінің ұл-қыздарын, келін-күйеу балаларын Жарма ауданы бойынша жақсы лауазымды тағайындатып отырғызып қойған.
Жоғарыда атап өткен күйеу баласы Самижанов Берік Қалбатау ауылдық округінің әкімі болса қызы Даутова Бақыт Аманжоловна ардагерлер үйінің директоры, ал келіні Даутова Әлия Жасулановна Қалбатау ауылында орналасқан «Георгиевский» орта мектебінің директоры лауазымында отыр. Даутов Аманжол ауыл әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратович, білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович, жер бөлімінің бастығы Сәтпеков Сәкен Әлмуханбетович және Самимжанов Беріктер Жарма ауданы бойынша ойларына келгенін істейді, қарапайым халықты менсінбейді, олармен сөйлеспейді, себебі, олар аудандық, облыстық әкімдіктер отырған жоғары дәрежелі бастықтарды өздеріне қаратып алған, аудан бойынша осы бесеуіне ешкім ештеңеайта алмайды. Осы аталған бес адамның әр қайсысында екі қабаттық коттедж, қымбат джип автокөліктері, сауда үйлері, шаруа қожалықтары бар. Барлығы да халықтың ақшасын жеп байыған адамдар.
Сонымен қатар таяу арада Жарма аудандық әкімшілігіндегі тұрған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы бұрын ішкі істер бөлімінде жқмыс істеп, қызметтегі жұмысқа сай келмегендіктен жұмыстан босатылған Наурызбаев Берік арақ ішкен мас күйінде қызметтік автокөліктің руліне отырып өзі жүргізіп келе жатып жол-көлік оқиғасын жасаған. Ол жерге полиция қызметкерлері келген, алайда Наурызбаев Берікті алкотестен өткізіп жол көлік оқиғасы туралы хаттама толтырған ешкім жоқ, себебі, барлығы сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстықтың арқасында шешіліп Наурызбаев Берікке әкім немесе басқа да басшылар тарапынан ешқандай жаза тағайындалған жоқ, болған оқиғаны жасырып, жауып тастады.
Бұл жағдай Наурызбаев Берік тарапынан осымен екінші рет қайталанып отыр. Ол бұрын да мас күйінде рульге отырып жол көлік оқиғасын жасағанболатын. Наурызбаев Берік өте бай адам, оның жеке шаруашылық қожалығында қой, жылқы және ірі қара малдары бар, соның арқасында ол көптеген заңға қайшы әрекеттер жасаса да пара беру арқылы жағдайын пара беру арқылы толықтай шешіп алады. Осындай заң бұзушылық ірекеттер Жарма аудандық әкімшілігінде көп кездеседі. Сонымен қатар таяу арада Жарма ауданының әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратович және білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович екеуі Кеңтарлау ауылындағы Шар негізгі мектебіне Серікжанұлы Нұрымды директор етіп тағайындап 5 000 доллар пара алып, оны тағайындау үшін оған керекті құжаттардың барлығына жалған мәліметтер енгізді.
Сол факті облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлеріне белгілі болғандықтан тексеріс жүргізіп жалған құжат жасағандары анықталып жинақталған құжаттар сотқа жіберілген, нәтижесінде білім бөлімінің бастығы Шаймуратов Қанат Рымханович сот арқылы айыппұлмен жазаланып өзіне коррупциялық карточка қойылды. Шаймуратов Қ.Р. соттың шешімімен келіспей апелляциялық сатыдағы сотқа жүгінген болатын, алайда ол жерде бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Соған қарамастан Шаймуратов Қ.Р. аудандық білім бөлімін осы уақытқа дейін басқарып отыр. Осы жағдай туралы облыстық, аудандық әкімдер және білім департаментінің басшылары біліп отырса да Қ.Шаймуратовқа ешқандай шара қолданған жоқ, себебі: Қ.Шаймуратов олардың барлығын таниды, жақын араласады сондықтан өз жағдайын ақша беру арқылы шешіп алып отыр.
Аса мәртебелі Қасымжомарт Кемелұлы, Сізден Жарма аудандық әкімшілік қызметкерлері Ибраев Айдар Маратович, Даутов Аманжол, Шаймуратов Қанат Рымханович, Сатпеков Сәкен Әлмухамбетович, Самижанов Беріктердің жең ұшынан жалғасқан, масқара, сұмдық жағдайларды яғни заңға қайшы сыбайлас әрекеттеріне тез арада комиссия құрып тексеру жүргізіп, егер заңсыз әрекеттері, жасаған қылмыстары анықталған жағдайда, қылмыстық іс қозғатып, кінәларын дәлелдеп олардың іс-әрекеттеріне заңды түрде жаза тағайындау үшін қылмыстық істі сотқа жіберуді өтініп сұраймыз.

Арыз иелері Қалбатау ауылының бір топ тұрғындары

Дата публикации:


9 комментариев

10 июля 2022 10:09
Жалобаны оқып жағамды ұстап отырмын! Осы аудан тұрғыны ретінде менің де айтарым бар! Садыковтың істегені баріне мәлім! Ол кісі өз жазасын отеді! Бірақ сол үшін көпке топырақ шашқандарыңыз дұрыспа? Садыков кеткелі 4 жыл болды шүкір ауданымыз құлап қалған жоқ! Мадениет бөлімі жайлы ерекше тоқтап айтқанды жөн көрдім! Қай жерде болсын тек қана биіктен көрініп жүрген коллектив, субботник болсын Мәдени іс шара болсын, саяси іс шара болсын, тек қана аудан ғана емес Облыс денгейінде жұмыла кірісетін осы ұжым, бұндай коллектив, Ауданның 70 жылдық тарихында болмаған! Қалай соны көріп, біліп тұра көрмеген боласыңдар? Осы жазғандарымды букіл аудан біледі( екі үш өсекші лаң адамнан басқа!) Ал Осы коллективты тізгіндеп дұрыс бағдар көрсетіп, жастарды патриотизмге баулыған Аманжол Даутов! Ауданның беделі үшін, жанын салып, ауданды, Облыс, Республика колемінде танытқан бір ғана Азамат! Ол Даутов Аманжол! Ал жалоба жазған азаматтар(азамат дегенге ауыз да бармайды!) Сіздер Ел үшін жер үшін не істедіңіздер? Даутов Аманжолдың не істесеніздер де аты Тарихта қалады! Сондықтан да жаман пиғылдарыңызды асырам деп өтірік өсек таратпаңыздар!
13 июля 2022 21:51
Пиздешь ко мнау 😂 дом культура респект сиздерге, держитесь👍🏻Калбатау вместе свами✊🏻 мнау коринип турго заказ биреудин. Лично Даутовпен не общался зато вижу его работу. По идее мужик молодец! Не обращай внимание на этих мелких пакастников✊🏻 вперёд и тока вперёд! А вы писари сказачники рты закройте шмошки
14 июля 2022 07:48
Алла сақтасын! Адамдар не боп барады? Осы жала жапқандардардын көздегені не? Аманжол ауданының нағыз патриоты оған мына халық біз куә!
14 июля 2022 08:43
Кезінде осы дом культура қора боп тұрған. Кадімгідей сиыр журген ішінде. Аманжол келіп бәрін жөндеп нағыз мадениет уйі қылды ғой ол рас. Кірсе шыққысыз. Концерттері де керемет ютубтан қарап риза боп отырамыз. Қазақта жақсы мақал бар Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын деген. Аманжол нұрын тасысын. Бір туар азаматсын.
14 июля 2022 09:54
Дүниеге шын данышпанның келгенін ,бар ақымақтардың оған қарсы куреске біріккенінен байқауға болады. Даутов Дом культура салғызды өзінің беделінің арқасында

Қазақпызғой күңкілі өсегі көп Абайдыда сабаған есері көп.
14 июля 2022 09:58
Қаңтар оқиғасы кезінде Аманжол аға әкімнің қасында тұрмағанда басқаша болар еді.....
14 июля 2022 10:12
Ее Абайдыда сабаған ,Шәкерімді де атқандардың тұқымдары жүр екен ғой біздің арамызда.

Шәуілдеген әрбір бұралқы итке тас атып уақыт кетірмеу керек.
14 июля 2022 21:22
Клевета наносит удары обыкновенно достойным людям, так черви предпочтительно набрасываются на лучшие фрукты.
15 июля 2022 04:58
Аманжол аға, иттердің үргеніне бола, көшті тоқтатуға болмайды.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс